Шығыс Еуропа мен Орталық Азия, Ібір-Сібір мен Қазылық тау (Кавказ) арасындағы ұлан-ғайыр өлкеде ХIII ғасырда ту тіккен, өз кезеңінде Жошы ұлысы, Ұлығ ұлыс, Бату ұлысы, т.с.с. деп әрқилы аталған, орыс жылнамаларында «Великая Орда Златая», «Ұлы Алтын Орда» деп дәріптелген. («Қазан жылнамасы». XVI ғ.), әлемдік тарихнамада «Алтын Орда» деген атпен қалған ұлы мемлекеттің мәдениет тарихындағы орны туралы жаңсақ тұжырымдар, дәйексіз, ұшқары бағалар ұзақ уақытқа дейін үстем болып келді.