Алтын ұям – ақ ордам!



бет3/10
Дата18.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#11791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз.



  • Сайысымызға 4 топ: Қыран тобы, Сұңқар тобы, Бірлік тобы, Барыс тобы қатысты. Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланды.
    Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілеп, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастадық. Алдымен дене тәрбие пәнінің мұғалімі Зайкенов С.К дене шынықтыру жаттығуларын жасатып, сайыс турларына көштік.

  • 1 тур. Кім жүйрік?
    Шарты: Кедергілерден доппен өтіп , допты торға лақтырып келесі қатысушыға эстафетаны беру.

  • 2 тур « мергендер» сайысы
    Шарты: Кедергілерден доппен өтіп барып,«Шардың үстіне отырып жару»

  • 3 тур «Кім епті?» Қолмен жүру. Мамасы папасының аяғынан ұстайды. Ал қарындасы ағасының аяғынан ұстап, кедергілерді айналып өтті.

  • 4 тур. Арқан тартыс. Командалар арасында өте қызықты тартыс болды.

  • 5 тур. Топ капитандары кермеде тартылу. Ең көп тартылған капитанның командасы жеңіске жетті.

  • Әр турдан кейін әділ қазылар бағаларын айтып отырды. Сайысымызды қорытындылай 1 орынды «Қыран» тобы, 2 орын «Сұңқар» тобы, 3 орын «Бірлік» тобы және 4 орын «Барыс» тобына бұйырды. Барлық топтар арнайы сый – сияпаттар және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сейфуллин орта мектебінде 09.09. - 19.09. аралығында Тіл мерекесіне арналған онкүндік өтті. Барлық өткізілген іс-шаралардың басты мақсаты – еліміздің болашағы, яғни оқушылардың өз ана тілін қадірлеп қастер тұтуын, құндылығын сақтап, туған елінің дәстүрін біліп жүрулерін, басқа да ұлттардың тілін біліп, үйреніп, мемлекетімізде халықтар достығын нығайтуды көздеген.

Онкүндіктің бірінші күні мектепішілік саптүзеуде Тілдер күні мерекесінің салтанатты ашылуымен басталып, бекітілген жоспармен оқушылар таныстырылды.

10.09. күні 9-10 сынып оқушылар ы «Мәңгілік Еліміздің Мәңгілік тілі» тақырыбында шығармалар жазды.Тақырыпты ашып толық жазғн 9 сынып оқушысы Нуркина Нұрсұлу мен 10 сынып оқушысы Касымжнова Зарина. Олар Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы, Еліміздің болашағы – тілімізде деп жазған.

11.09. күні «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаты болды. Сабақты ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдері: Ахметжанова Қ.С., Дайырбекова Г.Б., Абжанова Ж.Ә., Сергазина Г.Б.; Сабақ барысында 3-ші сынып жетекшісі Дайырбекова Г.Б. жаңа технологияларды пайдаланып, сын тұрғысынан элементтерді енгізіп оқушылармен жұмысты қызықты жүргізді, мақал-мәтелдерді көп пайдаланды. Ең маңыздысы- балалар қысылмай білгендерің айтып, сабақ бойы белсене қатысты.

14.09. күні орыс тілі пәні мұғалімі Охатова Ж.С. ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында «Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» тақырыбында дөңгелек стол болды. Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-ші бабына, «Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23,25-ші баптарын және Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауларын негізге ала отырып пән мұғалімі оқушыларды сөзге тартты. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, «Тіліміз – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» екендігін дәлелдеу үшін өмірден мысалдар келтірді.

15.09. күні оқушылар қазақ тілінің құндылығы мен қасиетін, құдіреттілігін сипаттайтын ақын-жазушылардың өлең-жырларынан мәнерлеп өлеңдер оқыды. Олардың ішінде нақышына келтіріп, жақсы оқығандар: 9-шы сынып оқушылары Өміртаева Орынгүл, Өміртаева Аружан. орыс тілінде 6-шы сынып оқушылары Актанова Назым, Қазезтаева Аяжан

16.09. күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Сагиденова Г.Ә. 5-6 сынып оқушыларымен «Ағылшын тілінде сөйлейміз» атты сыныптан тыс кездесу

өткізді. Оқушылар ағылшын тілінде сөздер айтып, ол сөздерді қазақшаға аударып біраз қызықты әңгімелер оқыды.

17.09. күні дене тәрбиесі мұғалімдері 5-10 сынып оқушылар арасында мектептің спортзалында қазақ халқының ұлттық ойындарын жүргізді. Ойындар өте қызықты болды. Барлық қатысқан сыныптар жақсы белсендік танытты.

18.09. күні «Екінші бақытым- Тілім менің» тақырыбында «Балауса» шағын орталығының тәрбиешісі Ашкенова Б.Ә. жас бүлдіршіндермен тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: балаларды Отанды сүюге, тілін құрметтеуге, Әнұранды қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақ мемлекетіміздің Әнұранымен басталды. Сабақ барысында тілге байланысты өлең-тақпақтар айтылды. «Шаңырақ» атты жылулық шеңберіне балалар жиналып, лентаны ұстау арқылы киіз үй жасады. «Бала-бала балапан» деген әнді балалар хормен мәнерлеп айтып берді.

Саптүзеуде осы барлық іс-шараға қатысып, ана тілінің мәртебесін көтеруге, тіл тазалығын, бүгінгі мен болашағын дәріптеп берген, білімімен, тапқырлығымен, ойшылдығымен ерекше көзге түскен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.



Оқушылар онкүндікте тілдің құндылығы туралы жан-жақты дәріс алды деуге болады. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз тілін қалай білумен өлшенбек.

Сейфуллин орта мектебінде «алкогольді сусындардың жарнамасын тоқтату» ұранымен және алкоголь күніне қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. 23.10.15 күні аға тәлімгер Манапова Г.С «Алкогольге қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, алкогольге тәуелді адамдарға қалай көмектесу пікірлерімен бөлісті.

Және де сол күні тәрбие жұмысының орынбасары Манапов Н.Е жоғарғы сынып оқушыларына «Алкогольдің зардабы» тақырыбында слайд және видео роликтер көрсетті. Оқушылар видео роликтен көп әсер алып соңында пікірталасты.

24.10.15 күні мектебіміздің психологы Сағиденова Л.О 9-10 сынып оқушыларынан сауалнама алды. Сауалнама бойынша оқушылар жақсы көрсеткіштер көрсетті. Яғни алкоголь, темекі, есірткіден алшақ екендері байқалды. Осы күні «Біз салауатты өмір сүреміз» ұранымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әр түрлі спорттық жарыстар өткізді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет