Қазақ тілі 8-күн
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші тұрыпты. Олардың араздығы сондай, бір-біріні көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны сауарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, саған бір үзім нан бер, - дейді.
Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.
Жоқ, бере алмаймын, - деп кедей бұл жолы да келіспейді.
Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші
кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.
1. Кедейге тән емес қатарды көрсетіңіз.
А) Үйі ағаштан жасалған.
В) Егінші
С) Алтыны мен күмісі жоқ
Д) Үйі кең
Е) Үйінің төбесі бұтамен жабылған.
2. Адам қандай құндылықтарды әлемнің барлық алтынына да сатып ала алмайды.
1. Ананың мейірімі
2. Адамның өмірі
3. Ұялы телефон
4. Адал достық
5. Қымбат көлік
А) 1,3,4
В) 2,4,5
С) 1,2,4
Д) 1,2,5
Е) 3,5
3. Бай неліктен бір үзім нанның орнына барлық алтынын беретінін айтады?
А) Кедейге көмектесу үшін
В) Кедейдің көнбейтінін білгендіктен
С) Қарны ашқандықтан
Д) Айналасындағыларға жаны ашығандықтан
Е) Күн салқындап бара жатқандықтан
4. Мәтіндегі асты сызылған сөздің орнына қай сөзді қойғанда мағынасы өзгермейді?
А) Сондықтан
В) Әуелі
С) Соңында
Д) Менің ойымша
Е) Тіпті
Жетіген – қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жылдар өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
5. Жетіген аспабы неден жасалады, анықтаңыз.
А) Мыстан
В) Ағаштан
С) Алтыннан
Д) Қағаздан
Е) Ішектен
6. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз.
А) Жетіген қандай аспап?
В) Жетіген аспабының құрылыс қалай?
С) Жетіген аспабы туралы нақты қанша аңыз бар?
Д) Жетіген аспабының үні қандай?
Е) Жетіген аспабы неден жасалады?
7. Мәтінде аспапқа қатысты не айтылмаған, анықтаңыз.
А) Аспаптың дыбысы
В) Аспаптың құрылысы
С) Аспап атауы туралы аңыз
Д) Жетігеннің көне аспап екендігі
Е) Аспаптың қайғыдан дайындалатындығы
8. Асты сызылған сөздерге ортақ ерекшелікті анықтаңыз.
А) Дерексіз зат есімдер
В) Сапалық сын есімдер
С) Қатыстық сын есімдер
Д) Септік жалғауы жалғанған сөздер
Е) Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздер
(1) Тіл –ұрпақтан ұрпаққа берілген сайын жетіліп, тарихи өзгерістерді өткеріп бізге жетеді. (2)Алайда сол тілде сөйлейтін кез келген адам оны зерттеп, тарихына үңілмесе, бұл даму үрдісін байқай алмайды. (3)Себебі кез келген адам дүниеге келген сәттен бастап, дайын тілдік ортаға тап болады. (4)Ана тілін үйрену үдерісі шет тілін үйренуге ұқсамайды. (5)Себебі ана тілін үйрену барысында басқа тілмен салыстыру мүмкін емес. (6)Кез келген өз ана тіліндегі сөздерді пайымдай алады. (7)Бұл сөздер тұрмыстың бір бөлшегі іспетті.
9. Мәтінді екі абзацқа бөлу керек болса, екінші абзац қай сөйлемнен басталған болар еді?
А) 2
В) 3
С) 4
Д) 5
Е) 6
10. Мәтіннің қай стильде жазылғанын табыңыз.
А) Ауыз екі сөйлеу стилі
В) Ғылыми стиль
С) Ресми стиль
Д) Публицистикалық стиль
Е) Көркем әдебиет стилі