2. Галогендердің және галогенид-иондарының фтордан иодқа қарай тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Мысалдармен көрсету керек.
3. Галогендер сумен және сілтілермен (ыстық және суық жағдайларда) қалай әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін жазу керек.
4. Галогенсутектер молекулаларының диполінің электр моментінің мәні қалай өзгереді? Бұл мән бойынша қай қышқыл ең күшті болу керек, бірақ шын мәнінде неге олай емес, түсіндіру керек.
5. Галогенсутектерге: а) қайнау және балқу температурасы; б) термиялық беріктігі; в) тотықсыздандырғыш қасиеттері бойынша сипаттама беру керек.
6. Галогенсутектерді алу әдістерін көрсету керек, HF алу үшін аппаратура қандай материалдардан жасалады? HF қандай ыдыстарда сақталады, неге?
7. Галогендердің табиғаттағы қосылыстары, галогендерді қалай алады?
Фтор және оның қосылыстары қай жерде қолданылады?
8. Тұз қышқылының концентрациясы оның металдармен әрекеттесуіне әсер ете ме? Неге тұз қышқылын басқа қышқылдарды олардың тұздарынан алу үшін қолданбайды? Аз еритін хлоридтерді көрсетіңдер.
9. Мына қатар бойынша HOCl-HClO2-HClO3-HClO4 а) беріктілік; б) тотықтырғыш қасиеттері; в) қышқылдық қасиеттері қалай өзгереді? Мына қатар бойынша HOCl-HBr-HOφ қалай қышқылдық және тотығу-тотықсыздану қасиеттері өзгереді?
10. 0,1моль/л хлорлылау қышқылының (HOCl) сутегі иондарының концентрациясын және ерітінді рН есептеу керек. Жауабы: 7,08×10-5; 4,15.
11. С(ClO-)=0,1моль/л болса, ерітіндінің h(ClO-) және Кг(ClO-) (гидролиз дәрежесі мен константасын) қанша екенін есептеу керек.