Бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған . Өнеркәсіптік әдіспен ( балқыма электролизі ) алғаш рет 1854-1856 жылы француз Химигі Анри Этьен Сент - Клер Девиль алды .
2007 жылдан бастап Қазақстанда оны алатын Павлодар электролиз зауыты жұмыс істей бастады . Созылмалы, жұмсақ, жеңіл металл, оттегімен жақсы қосылыстар түзе алады, сондықтан ол басқа металдарды оттегімен босатып таза металға айналдырады. Темір тотығын алюминий үгіндісімен араластырып магниймен жандырған кезде көп қызу (3000°С) бөлінеді. Осы қасиеті баяу балқитын металдарды (титан, ванадий, хром) алуға пайдаланылады. Тотығы асыл тас түрінде (жақұт, гауһар) адам баласына ертеден белгілі болатын. Корундты қайрақтар ретінде техникада ХІХ ғасырдың орта кезінен, ал «тасмұрт» түрінде 1950 жылдардан бері пайдалана бастаған. Бұл «жақұтмұрттың» текше милиметрі 1500 килограмм салмақ көтереді, ондай алып күшке ешбір төзімді металл шыдамайды. Осыған орай «жақұтмұрт» техниканың көптеген салаларынан орын алады. Гауһар болмаса қолдағы сағаттың дұрыс жүруі де екі талай. Сағаттағы тас көп болған сайын ол уақытты дәл көрсетіп отырады, өйткені сағат механизмдерінің жүрісі біркелкі болып реттеледі.
Бұл Менделеев кестесіндегі қай элемент деп ойлайсындар?
Мақсаты
Алюминийдің құрылысы, таралуы, алынуы, қасиеттері, білім – білік дағдыларын қалыптастыру және қасиеттерін білуге үйрету
Танымдық ой-өрісін, салыстыру белсенділігін және аралық байланысты дамыту
Ой-қорыту деңгейін кеңгейту
Күтілетін нәтіже
1. Алюминийдің периодтық жүйедегі орнына сипаттама бере алады.
2. Алюминийдің ашылу тарихы мен таралуы туралы танысады.
3. Қасиеттері мен қолданылуы жайында біледі.
4. Алюминийдің адам ағзасы үшін маңызын айта алады.
5. Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар, есептер орындай алады.