Үй қаптесері. Адамдардың көмегімен дүние жүзіне таралған. Қазақстанда қаптесерлер барлық жерлерде кездеседі. Сан мөлшері көп. -
- Биологиясы. Үйлерде, үй маңайындағы құрылыстарда және табиғи жағдайда тіршілік ете береді. Дала және шөлді аймақтарда өзен және көлдердің жағаларын мекендейді. Тіршілігінің негізгі ерекшелігі маусымдық қоныс аударуы болып табылады. Көктемде үйлер мен құрылыстардан далаға, бау-бақшаларға, егіс, көкөніс алқаптарына, күзде қайтадан құрылысқа қайтып оралады. Үйлерде қабырғаны, еденді кеміріп, ін қазады. Негізгі тіршілігі түнде өтеді. Азығы тіршілік еткен ортасына байланысты. Үйлерде немесе астық қоймаларында мекендейтіндері нан мен астықты қорек етеді. Табиғи ортада өмір сүретіндері ауыл шаруашылығы дақылдары мен жабайы өсімдіктердің тұқымдарымен қоректенеді. Қысқа аздап азық жинайды, қысқы ұйқыға кетпейді.
- Қаптесерлер жыл бойы көбейе береді. Үйлерде, құрылыс алаңшаларында қыс айларында да өсіп жетілсе, ал далада бұл процесс тек жылдың жылы кезінде ғана өтеді. Қазақстанның солтүстігінде шағылысқаннан кейін 20 күн өткеннен соң 5-тен 14-ке дейін, оңтүстігінде 1-ден 11-ге дейін бала туады. Жаулары - барлық жыртқыш құстар мен аңдар. Қаптесерлер денесінде кенелер, бүргелер, паразит құрттар, кокцидиялар кездеседі. Сондықтан да олардың тулярямия, оба және т.б. ауруларды таратуға қатысуы ықтимал.
-
Орман тышқаны Microtinae. Кең таралған. Орманда, егісті қорғайтын жол бойы ағаштарында және бұталар басып тұрған жерлерде көптеп кездеседі. Егін, көкөніс, бақша, күнбағыс, жеміс-жидек, көшетжайлар, жылыжайларды зақымдайды. Денесінің ұзындығы 8-11 см, құйрығы мен денесінің ұзындықтары бірдей. Арқасы - қоңырқай, кеудесінде жайылған сарғыш дағы бар. Құйрығы екі түсті, үсті қара, төмен жағы ақ. Дала тышқаны Apodemus agrarius Pall. Қазақстанда солтүстікте және шығыста, көбінесе таулы жерлерде кездеседі. Кейбір жылдары онтүстік – шығыста және шығыста егістіктерде қатты зиян келтіреді. Денесінің ұзындығы 9-11,5 см, құйрығының ұзындығы денесінен қысқа. Арқасы – ашық түсті, арқасында қара жолақ, бауыры – сұрғыштау. Жылы уақытта таралады. Тышқандар түнде және күндіз белсенділігін білдіреді. Аса қауіпті кеміргіштердің әрбір түріне, 5-тен кем емес топтанған және топтанған маршуртты әдіспен тексеру жүргізіп, анықталған зиянкестің орташа санын есептейді. Індерді қазу өте қиын, бірақ та жақсы нәтиже береді. Шаруашылық маңызы. Тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығы дақылдарына, үй мен қоймаларға үлкен зиян тигізеді. Түрлі індеттер таратады. Жыртқыш аңдар мен құстардың негізгі қорегі. Саны көбейген жылдары олардың санын азайтып отыруға тырысу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |