Амалбекова Гульмира Амалбековна Баялиев Улугбек Абдусаматович Тажиев Абдирашид Абдимажитович Маханова Айнур Таджибаевна абай мен əл-фараби


Абай мұраларының педагогикалық құндылығы



бет2/9
Дата12.06.2020
өлшемі198,25 Kb.
#73290
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
АБАЙ ЖӘНЕ (1) (1)

Абай мұраларының педагогикалық құндылығы

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абайдың мұрасы, теңдессіз дана ойлары мен шығармалары бүкіләлемдік қазынаға қосылған алтын қор екені талассыз. Осы уақыт аралығында Абайтану ғылы мы тарихы бай, кемел, іргетасы мықты салаға айналды. Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың әдеби мұрасын жоғары бағалап, алғаш пікір білдірген қоғам қайраткерлері – Алаш зиялылары. Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші болып ғылыми ой айтқан адам – Әлихан Бөкейханов. Ә. Бөкейхановтың 1905 жылы «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» атты азанамасын, А. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласын, Міржақып Дулатұлының 1914 жылы 23 шілдеде «Қазақ» газетінде жарияланған «Абай» атты мақаласын, Ж. Аймауытұлы мен М. Әуезовтің («Екеу» деп қол қойған) «Абай» журналының 1918 жылы №2 санында жарық көрген «Абайдың өнері Һәм қызметі» атты мақаласын атау қажет. Абай мұрасы халыққа таныла бастады. Абайтанудың дербес ғылым саласына көтерілуіне академик М. Әуезовтің сіңірген еңбегі өлшеусіз. Абай жайлы ұзақ жылдарға созылған ғылыми зерттеулерін тұтас қорытындылай отырып жазған ғылыми монографиясы мен атақты «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуға 30 жылдан астам уақытын арнады. М.Әуезовтің жетекшілігімен Қ.Мұхамедханұлы Абайдың ақын шәкірттерінің мұраларын зерттеу ісін қолға алса, Ә.Жиреншин өз еңбектерінде жалпы Абайдың әдеби ортасы жайында сөз қозғады. Қ.Жұбанов Абайдың алдындағы әдебиет және ақынның қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық деңгейін ашып берсе, Қ.Жұмалиев қазақ поэзиясы м ен Абай шығармаларының тілін салыстыра зерттеді. 1960 жылдары А.Н ұрқатов, М.Бөжеевтер тарапынан Абайдың дәстүрі, Қ.Жұмалиев пен Ш.Сәтбаева Абай балалары – Ақылбай мен Мағауия мұраларын, Б.Кенжебаев Ә.Тәңірбергенұлы мұрасын зерттесе, сексенінші жылдары М.Мырзахметұлы Әуезов зерттеуіндегі Абайдың әдеби ортасы тақырыбының сипатына ашуға ден қойды. Абайдың әдеби ортасы тақырыбы Абайға қатысты, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы әдеби үрдіске қатысты жазылған еңбектердің бірсыпырасында тікелей, кейде жанама түрде сөз болып отырғандығы белгілі. Атап айтатын болсақ, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Сильченко, Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Қ.Өміралиев, З.Ахметов, М.Мырзахметұлы, Ғ.Есім, Ж.Ысмағұлов, Ш.Сәтбаева, Ә.Жиреншин, А.Нұрқатов, М.Бөжеев, Қ.Мұхамедханұлы, Т.Жұртбай, М.Мағауин, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Байғалиев, Б.Сапаралы тағы басқа ғалымдар мен зерттеушілер Абайдың әдеби ортасының зерттелуіне өзіндік үлестерін қосты. Абай ортасы туралы ой т үйіндерін ақын жай ында айтылған алғашқы пікірлердің астарынан іздеген жөн. Абай айналасы туралы ой-пікір ұшқындарын Ә.Бөкейханов [5], М.Дулатұлы [6], А.Байтұрсынұлы [7], 6 С.Ғаббасовтың [8] тағы басқа әдебиет пен мәдениет қайраткерлерінің мақалаларында көрініс тауып, бұл тақырып төңкерістен кейін кеңірек сөз бола бастады. 1918 жылы «Абайдың өмірі һәм қызметі» деген мақалада (мақала авторлары Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов) Абай дәстүрі, оның тікелей мұрагерлері турасында сөз болса, «Екеудің» «Абайдан соңғы ақындар» деген екінші мақаласы – шын мәнінде Абайдың дәстүрі, Абай мектебі тақырыбына арналған тырнақалды ғылыми дүние болуымен құнды [9]. Сыншы ғалым Д. Ысқақұлының сөзімен айтсақ: ««Абайда» жарияланған материалдардың ішінде «Абайдан соңғы ақындар» атты мақала ұстанған бағытының дұрыстығымен, көтерген мәселенің маңыздылығымен, айтқан пікірлерінің өміршеңдігімен ерекшеленеді» [10, 57-б.].

Ақын өлеңдерінің ішкі идеялық мәнін ден қоя зерттеп, оның заманымен қабыстыра талдау жүргізген татар зерттеушісі А.Сағди Абайдың өскен ортасы, оның ақынға әсері туралы 1923 жылы «Ақжолда» төмендегідей құнды ой айтады: «Абайдың һәм барлық қазақ халқының отырған орны, қонып жүрген шеті көрінбес кең шөлдер, меңіреу үнсіз далалар болғандығы белгілі. Абай, міне, сол заманда, сол елдің ішінде сондай тіршілік орындары, сондай табиғат орындары ортасында туған, сонда өскен, бар өмірін сонда жасап, сонда өлген бір кісі. Кісіге сол ел, сол тұрмыс қандай әсер, қандай ғибрат бере алса, Абай да сол бізге өзі арқылы өлеңдерімен соны береді. Сол тұрмыстан алған жүрек толқындарын шығарады» [11, 6-б.],- деген пікірінде ақынға өз ортасының, айналасының әсер -ықпалын баса көрсету бар. М.Әуезовтің 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш өмірбаянында ақынның әдеби ортасы алғаш рет кең көлемде сөз болса, Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласында автор Абайды оқшау күйде алмай, шағатай әдебиетімен, қазақтың төл ауыз әдебиетімен байланыстыра қарастырылды [12]. Қырқыншы жылдардың басында Абай мектебі тақырыбын зерттеуді Әуезовтің кеңесімен Қ.Мұхамедханұлы қолға алды. Әуезов жетекшілік жасаған тақырыптың іргетасы қаланып, алғашқы қадамдар жасалды. Қ.Мұхамедханұлының Абайдың ақындық мектебі жайлы ізденістері жинақталып, жүйеленіп 1951 жылы кандидаттық диссертация ретінде қорғалды. Бірақ бұл тақырып тек абайтануда ғана емес, жалпы қазақ әдебиетінде үлкен дау туғызып, Абай тақырыбына айтарлықтай «зор кесірін» әкелді. Қанша қиын-қыстауды басынан өткергенімен ғалым «Абай шәкірттерінен» бас тартпады. «Абай мектебі» деген атау кеңестік әдебиеттің қалыбына сыймағандықтан, 1959 жылы алғашқы тақырыбын ауыстырып «Абай төңірегіндегі ақындар» (Поэты Абаевской поры) деген атпен диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Қ.Мұхамедханұлының Абай шәкірттері жайындағы «Абайдың ақын шәкірттері» [13] деген төрт кітаптан тұратын, сондай -ақ, «Абай мұрагерлері» [14] атты ғылыми еңбектері жарыққа шықты. Негізінен, осы тақырыпты қазақ әдебиетінің тарихында мәселе етіп көтерген М.Әуезов болып, әсіресе, Абайдың өзгеден алған нәрі жайын тек ғылымда емес «Абай жолы» эпопеясында да 7 мейілінше қамтуға тырысты. Өткен ғасырдың 40-80 жылдар аралығында Абай ортасы, айналасына қатысты мәселелер негізінен ақынның дәстүрін жалғастырушы шәкірттері жайына болып, бұл тақырып төңірегінде Ә.Жиреншин [15], Б.Кенжебаев [16], Қ.Жұмалиев [17], А.Нұрқатов [18], М.Бөжеев [19], Ш.Сәтбаева [20] сынды ғалымдар пікір білдіріп, ғылыми еңбектерінде сөз етті. Абайдың ақындық өсу жолдарын оның шығармашылық өмірбаянымен, дүниетанымымен, тарихи-әлеуметтік, саяси-мәдени жағдаяттармен қатар алып қарастыруды негізге алған ғұлама ғалым М.Әуезовтен бастап [21,22], кейінгі зерттеушілер М.С.Сильченко [23], А.Нұрқатов [24], З.Ахметов [25], З.Қабдолов [26], М.Мырзахметұлы [27], Ә.Дербісалин [28], М.Базарбаев [29], т.б. абайтануды үлкен белеске шығарды. 1934 жылы жазылған М.Әуезовтің «Абайдың ақындығының айналасы» («Поэтическое окружение Абая») атты іргелі ма қаласында Абайдың ақын ретіндегі қалыптасу жолдары мен нәр алған көздері, рухани қайнарлары тұрғысында ғылыми дәлдікпен поэзия теориясына бой ұра, әдебиеттануға байланысты зерттеудің түрлі әдіс, тәсілдерін пайдалана отырып, өз заманы үшін де, қазір де маңызын жоймаған сенсациялы ойларын жариялайды. М.Әуезовтің аталмыш мақаласы жарияланғанымен, сол кезеңдегі саясиидеологиялық ұстанымдарға байланысты түрлі сындарға ұшырап, мақаланың орыс тіліндегі толықтырылған нұсқасы көп жылдар бойына жарияланбай қалады. Қазақ тіліндегі нұсқасы 1995 жылы шыққан «Абай Құнанбаев» атты монографиясында қысқартылған түрінде беріліп жүр. Орыс тіліндегі толық нұсқа 1997 жылы шыққан «Абайтану дәрістерінің дерек көздері» (құрастырушылар: т.ғ.д. Л.М.Әуезова, ф.ғ.д., профессор М.Мырзахметұлы) деген еңбекте берілген. Абайдың нәр алған қайнар көздері, ақындық мектебі тұрғысында академик М.Әуезов салып беріп кеткен даңғыл жол концепция болып орнықты. Ақынның үш қайнар бұлағы туралы кейінгі абайтанушылар өнімді зерттеулер жасады. Үш қайнар бұлақтың алғашқысы өзінің төл халқының аса бай әдебиеті мен мәдениеті болды. Фольклорлық туындылардан бастап, авторлы индивидуалды поэзия, не жыршы ақындар шығармашылығы, қазақ әдебиетінің тарихындағы ақын-жыраулармен қатар, өз тұсындағы ақындардың, сал -серілердің, жыршылардың шығармашылығын Абай толық меңгерді. Абайдың нәр алған екінші қайнар бұлағы – Шығыс әдебиеті мен мәдениеті екендігі ақиқат. Ақынның жас шәкірт күнінен оқып өскен түркі -мұсылман елдерінің ақындарының, оқымысты ғұламаларының, философ, тарихшы, дінтанушыларының еңбектері болды. Үшінші қайнар бұлақты – орыс әдебиеті мен мәдениеті, орыс тілі арқылы меңгерген Еуропа әдебиеті мен мәдениеті құрайды. Абайдың сусындаған бұлақтары, ақындық кітапханасы деген ұғымдарда, ақынның шығармашылық лабораториясына, ақындық энергетикасына, болмысына әсер еткен, қалыптастырған, дамытқан кеңістік - өте ауқымды. Шын мәнінде, сол кезеңдегі қалыппен, Абай дәуіріндегі ақпараттық коммуникация 8 тұрғысынан алатын болсақ, жаһандық деп толық айтуға негіз боларлық, әлемдік мәдениетті бойына сіңірген.

Академик М.Әуезов «Абайдың ақындығының айналасы» атты мақаласында осы жаһандық мәдениеттің қай бұтағы ақынның санасына тереңірек әсер етті, қайсысына Абай көбірек мойын бұрды, не оның дүниетанымының ұйытқысы, локомотиві болып қай мәдениет орын алды деген сұрақтар төңірегінде талдаулар жасайды: «Абай Батысты ң өнер, мәдениет көрмесіне қазақ сахарасынан, Шығыстан шығып, сапар шегіп келіп, әдейі не барын, нендей сырлы екендігін танып қайтайын деген кісі сияқты. Бірақ шын өнер, шын мәдениетті көру мұң, көрген соң дәмін татып, нәрін алған соң жым-жылас, түк жұқтырмай кету мүмкін емес. Басында кердең басып, тайталас түспек боп келген беті біраздан соң өзгере береді. Рас, Еуропамен таныса келе: «Шығысым батыс, батысым шығыс боп кетті» деген сөз Абайдың ішкі дүниесінің барлығы бірдей қопарыла өзгеріп кетті дегенді білдірмейді. Еуропаның ғылым, өнер, мәдениеті, мұңы барған сайын қызықтыра тартып, соңына шындап телмірткенін білдіреді. Бірақ Абай іші бұрынғыша дін қазығына арқасын нық тіреп алып келген іш екені жоғарыда айтылған. Сол қалпы негізінде өзгермейді. Бірақ барған сайын икемделіп, сыпталып, сырт буындығынан арыла береді» [21.248- б].



Ғұлама ғалым Абай шығармашылығындағы маңызды құбылыстар тұрғысында өте дұрыс позицияны айқындай білген. Дүниетанымдық тұрғыдан Абай орыс және батыс мәдениетіне сыртын береді. Оның дүниетанымының ажырамас темірқазығы – ислам діні, ислам философиясы болды. Абайдың Шығысқа қатысы, ақындық кітапханасы, шығыс классиктерімен үндестігі, исламиятпен байланысы, мораль философиясы, Әл -Фараби, Ж.Баласағұн, Ғ.Дауани, Қ.А.Ясауи пікірлерімен сабақтастығы, «Кабуснама», «Тотынама», «Мың бір түн», «Бабырнама», «Бұқара тарихы», т.б. еңбектерді Абайдың қабылдауы, шығыстық өлең теориясы мен үлгісінің Абай поэзиясына әсері, сопылық поэзияның ықпалы, т.б. іргелі мәселелерді зерттеулеріне арқау еткен ғалымдар М.Мырзахметұлы, А.Машанов, А.Көбесов, И.Жеменей, Д.Кенжетай, М.Әліпхан, С.Оразалиев, Қ.Әлқожаев, т.б. еңбектерінде жан-жақты талқыланады. Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығын, әсіресе оның лирикасын зерттеген ғалымдар ақынға шығыс әдебиеті мен мәдениетінің, ислам діні мен философиясының концептуалды, фундаменталды ы қпалын көзден таса қалдырып, батыстың ықпалына екпін түсіре айтулары орын алды. Сол кезеңде үстем болып тұрған саяси-идеологиялық көзқарастың салқын ықпалына бойұрушылықты ескермегенде, М.С.Сильченконың, А.Нұрқатовтың, З.Ахметовтың, Ә.Дербісалиннің еңбектерінде лирика теориясына байланысты құнды талдаулар мен сараптаулар бар. Қалай дегенмен де Абайды шын мәнінде классиктік деңгейге көтеріп, әлемдік аренадағы ақындар галереясынан ойып орын алатын биікке шығарған, әлемнің озық ақындарымен иық теңестіретін қалыпқа жетуі – осы үш бұлақтың тоғысуынан, қорытпасынан туындаған жетістік. Абай лирикасы – синтетикалық дүние. Онда қазақтық мұң, исламдық, сопылық дүниетаным, батыстық лиризм мен психологизм, сыншыл реализм, 9 т.б. біте қайнасады. Абай лирик асының эволюциясы ұзақ үдерісті басынан өткізіп отырған, үнемі даму, баю үстіндегі лирика болды. Жаһандық интермәтін Абай шығармашылығына, оның лирикалық лабораториясына, идеялық - эстетикалық, жанрлық-композициялық, стильдік-тілдік ұстанымдар ына айтарлықтай әсер етті. 1880 жылдардың аяғы мен 1890 жылдардағы, тіпті өмірінің соңына дейінгі кезеңдердегі шығармашылық үрдісінің толығуы, кемелденуі, жаңа белеске, жаңа мазмұнға, жаңа түрге, жаңа сатыға көтерілуі де жаһандық интермәтіннің жанрлық коммуникация кеңістігі арқылы іске асты. М.Әуезов Абай лирикасына жаһандық интермәтіннің ықпалы тұрғысында былай дейді: «Рационалшы, жаңашыл Абай пішіні айқындалып, ашыла береді. Өз ішін бермеймін деп жүрсе де, ақын көп жанасу арқылы бірқатар жаңғырып, түлей бастады. Ой білімінде ақындық өнеріне тереңдеп өсе бастаған сайын Еуропадан үлгі таңдап, нәр алады. Абай Шығыс жағасына араласу арқылы, жоғарыда тексерілген махаббат жайындағы, көңіл-күйі жайындағы жырларды шығарса, Батыс жағасының өз кемесіне соққан ағымдарын қорытқанда да сол жаңағыдай бірнеше тақырып үстінде еңбек етеді. Осы жайға көз жіберіп байқасақ, Абайда еуропалық төркіні бар екі алуан өлеңді көреміз. Бірі – ғашықтық жайының өлеңі (махаббат лирикасы), екіншісі – көңіл-күйінің өлеңі (настроение лирикасы) [21.249-250]. Ғалым М.С.Сильченко Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңінде шығыстың классиктері Джами, Науаи поэзияларының ізі барлығын дәлелдеп жасады. Ол ақындардың поэзияға қойған талабы, поэзияның мақсатмұраты, өрнегіне байланысты критерийлері Абай талғамымен, талабымен, өлшемімен байланысатындығын айғақтайды. Яғни Абай поэзия туралы тек орыс ақындарының шығармаларын ғана емес, шығыс классиктерінің де туындыларын оқып, екі арнаны қорытып, тың дүние берген. М.Әуезов айтатын Абайдың орыс әдебиетінен алған екі жаңалығы – махаббат және көңіл -күй лирикасы болса, лириканың осы түрлері ақын шығармашылығындағы ең өнімді түрлер болды. «Өзгеге, көңілім, тоярсың», «Менсінбеуші ем наданды», «Не іздейсі ң, көңілім не ізде йсің», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді!», «Қайғы шығар ілімнен», «Күлімсіреп аспан тұр», «Жүрегім менің қырық жамау», «Жүрегім, нені сезесің», «Жапырағы қуарған ескі үмітпен», «Көлеңке басын ұзартып», «Есіңде бар ма жас күнің», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Жүректе қайрат болмаса», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?», «Қуатты оттай бұрқырап», «Жалын мен оттан жаралып», «Домбыраға қол соқпа», т.б. өлеңдерін ақынның көңіл-күй дискурсінде жазылған лирикасына жатқызуға болады. Орыс классиктерінің ішіндегі Абайдың барынша үйір ақыны М.Ю.Лермонтов болса, жоғарыдағы өлеңдерде Лермонтовтық сарын сайрап жатыр. Әрине, бұл деген сөз Абайдың ақын ретінде даралығы жоқ, тек шығармашылығының бәрі әсерден, ықпалдан тұрады деген ой тумауы керек. Саяси-тарихи факторлар арқыл ы Абай танысқан орыс поэзиясы ақынның лирикалық әлеміне дәстүршілдік шеңберінде ықпал етті. Олардың лирикасын тұшына білген ақын ретінде Абай ешқандай қайталанбас, жаңа сападағы, жаңа мазмұн, жаңа түрдегі, қазақ контексіндегі симбиоз дүниені 10 өмірге алып келді. Орыстан үйренгеннен қазақ поэзиясы, Абай поэзиясы ұтылған жоқ. Абай арқылы қазақ поэзиясы шырқау шыңына қол жеткізді. Шығыстың, Батыстың әдеби ықпалынсыз Абай поэзиясы мұндай биікке көтеріле алар ма еді? Барды бар деп бағалауға үйренетін болсақ, Абай саяси факторлардан өнерді, поэзияны жоғары қойып, жан -тәнімен шын өнерге бой ұсынды. Ол өнер Шында болса да, Абай одан сусындар еді. Ғалым М.С.Сильченконың мына ойлары Абай поэзиясының өзегін дұрыс айқындай біледі: «Учась искусству изображения внутренней жизни персонажа у русских классиков или художестенно-конкретному показу внешней обстановки, увлекаясь тонкой романтикой восточных классиков, философской направленностью их творений, Абай шел самостоятельным путем национального поэта-демократа. Абай отбирал из созданного предшественниками лишь то, чего требовали исторические условия казахской культуры и сама жизнь казахского народа» [23. 291-292]. «Абай Құнанбаев алғашқылардың бірі болып, ұлттық шеңберден де шығып, әлемдік, адамзаттық деңгейге көтерілген алып тұлға» - дейді ғалым Н.Кенжеғараев. Ақынға тікелей ықпал еткен, үлгі көрсеткен замандас аға буын ақындар, бишешендер мен сол Абайдан үлгі алған ішінде ақыны бар, әншісі мен күйшісі бар өнерлі жастардан тұратын әдеби қауымды негізге ала отырып, М.Әуезов Абайдың айналасын, ақындық ортасын ақынның өзі алған нәрі және өзгеге берген нәрі деп екі салаға жіктейді [30, 19-б.]. Өзі алған нәрі дегенде, сөз иелерінің ішінде ақындардың орны айрықша. Атап айтқанда, Абай жасынан Бұхар жырау, Шортанбай жырларына қаны п өссе, өзі жүзбе-жүз кездескен Дулат, Сабырбай, Жанақ, Шөже, Балта, Байкөкше, Қуандық қыз, Бодау жырау, Мұрынбай жырау, Біржан сал сынды әдебиет өкілдерінің қай-қайсысынан да оның ақындық өсу жолын бөліп қарауға болмайды. Осы орайда академик С. Қирабаевтың пікірі орынды айтылған: «Абайдың ақындық жолы, ортасы күрделі болғаны белгілі, оның ақындығы да сол ортада, өз дәуірінің шындығына орай қалыптасты. Сондықтан, ақынның өзі туып өскен ортаның әдебиеттік үлгілерінен, қазақтың шешендік өнерінен (атақты би болғанын еске алыңыз!), аты белгілі (өзі атайтын Бұқар, Дулат, Шортанбай) ақындар өнегесінен тыс тууы мүмкін емес. Қайта Абай осылардың бәрін жақсы білді, жанына азық етті. Ұлттық рухани байлығын бойына сіңіре отырып, кейін шығыс, батыс үлгілерін еркін меңгер у арқылы бүкіл халықтық, жалпы адамзаттық ой-пікір деңгейіне көтерілді. Халықтық әдебиет сарындарын үлкен европалық үлгідегі ақындық жинақтаушылыққа (обобщение) ұластырды. Мұның өзі қазақ әдебиетінің Абай арқылы адамзат мәдениетінің көркемдік биігіне шығуын дәлелдейді» [31]. Профессор М.Мырзахметұлы 1994 жылғы «Абайтану тарихы» атты еңбегінде абайтануға қатысты деректердің төрт мыңға таяп қалғандығы туралы мәлімет береді [32]. 11 Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыздың мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоймайтын зерттеудің көзі болып табылып, үнемі ғалым -педагогтардың да назарында жүр. Олардың ішінен Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Шәймерденова, Б.Ұзақбаева, С.Ғаббасов, К.Құнантаева, Л.Халитова, А.Елемесовалардың еңбектерін ерекше атауға болады. Осы аталған ғалымдардың арасынан Абайдың педагогикалық, психологиялық көзқарасын тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан жан-жақты ашып берген зерттеушілердің бірі - профессор Т. Тәжібаев. Ол Абайдың ақыл -ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесі жайлы тұжырымдарына талдау жасай отырып, ұлы ақынның ағартушылық тұрғыдағы ой-пікірлері туралы бірқатар зерттеулер жасап, диссертациялар қорғады. Сондай-ақ, ақынның еңбектерін педагогика, философия, психология, әдебиет, тарих тұрғысынан зерттегендер: С.Қирабаев, Х.Сүйіншәлиев, Г.Есімов, З.Ахметов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ш.Әлжанұлы, А.Көбесов, А.Дайрабаева, Т.Төретаева т.б. Бұл ғалымдар Абай шығармалары тәлім - тәрбиелік ой-пікірлерге бай екенін к өрсете отырып, ақынның мұрасында дидактика мәселелері де орын алғаны туралы айтып отыр. Абайдың дүниетанымы зерттеушілер назарын аударып қана қоймай, әрбір оқырманның рухани қазынасына айналды. Зерттеуші Ж. Қ Байділлаева: «Абайдың педагогикалық көзқарасы мәселелерін арнайы тақырып етіп қозғамаса да, М. О. Әуезов, Қ. Б. Жарықбаев, X. Сүйіншәлиев еңбектерінде ақынның ағартушылық тұжырымдары жайлы біршама құнды пікірлер ұшырасады. Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми- теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қарасөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі-өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады»,- деп көрсетеді [33]. Абайды бірден түсініп кету оңай емес. Ол туралы абайтанушы-ғалым Ғарифолла Есім: «Абай шығармаларын бір рет қана оқып қоймақ түгілі, тіптен оның шығармаларын жаттап алу да аз, мәселе, оны түсінуде. Абай адам санасы кемелденіп, толысқан сайын түсінікті бола бастайды. Әр ұрпақ Абайдан өз түсінігін табады...» - деп пайымдайды [34]. Абай ілімі адам баласының ең жоғарғы мақсатын көрсетеді, ол мақсатқа жету жолын ашады және ол мақсатқа қалай жету керек екенін, яғни болмыс туралы білім береді. Ойшыл ілімі б үкіл болмыс негіздерін түгел қамтиды, сондықтан ол толық білім болып табылады. Абай өзінің өлең -жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер -білімге шақырады. Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз 12 мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісіні ң қатар ында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал»,- дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай сана-сезімді тәрбиел еудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы -жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», - деді. Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады», -дейді Абай. Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу - жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды. Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын өзара бір -бірімен байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырын білімғылым арқылы білуге болады деп қарастырады. Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп, рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап к үн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты: Пайда ойлама, ар ойла Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта Ерінбей оқып көруге, - деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды. 13 Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай: Ойында жоқ олардың Салтыков пен Толстой Я тілмаш, я адвокат. Болсам деген бәрінде ой,- деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгіөнеге етіп, «білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен», - дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай: Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған мақсат емес, Өнердің бұдан өзге бәрі жалған. Ел болу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер -білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін, терең түсінген ол: «Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет… өнер де, ғылымда орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті оны білгенге дүние арзанға түседі» - деп, озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті. «Ақыл – ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы – Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап, Бұларды керек қылмас ешкім қалап… Терең ой, терең ғылым іздемейді Өтірік пен өсекті жүндей сабап, - деп кейбір жастардың іс-әрекетін қатты сынға алады. Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде («Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т.б.) айқын білдіреді. Ол халықтың артта қалушылығын, надандығын мінеп, әдебиет пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа, ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл орыс мәдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің «Қырқыншы сөзінде» жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек д еп есептейді. Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды. Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, 14 парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір өлеңінде ақын: Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан.



Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,- деп өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездерін қатаң сынға алды. Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілдерді, адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. Ондайлар туралы: Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келеді олақ. Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, Бар өнері – қу борбай – сымпыс шолақ - деп, күйзеле жазады ұлы ақын. Гуманист – ақын Абайдың ХІХ ғасырдың орта шенінде халқымыздың бойындағы жағымсыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген өзекті мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын атап өткіміз келеді. Абайдың айтқан ойлары бүгінгі Мақатаев сияқты ақындарымыздың ойларымен үндесіп жатыр. Табиғатты айтсын мейлі, махабатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын, жантүршігер міні мен арамза мінез-қылығын айтсын, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, адам бойында әлі де арылып болмаған сұмдық пен сараңдықтан жериміз, жамандықтан түршіге түңілеміз. Сондықтан да ол: Мансапқорлардың қасынан, Шықпайтындарға ашынам ! Жалданып өскен жасынан, Жағымпаздарға ашынам ! Өзіңе ғана бас ұрам, Сенесің бе, Отан осыған !? Алаяқтарға ашынам ! Ашынамдағы тасынам, Құнымды несін жасырам, - деп адам бойындағы жағымсыз мінез құлықты ашына сынға алды. Мұқағали айтқандай, осы жағымсыз қылықтар да бүгін де арамызда бой көрсетіп қалады. Сол кезде Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды, өзектілігін ерекше айта кеткен жөн. Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиеліктәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары болып келеді. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқты-барды, ертегіні термек үшін», - деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең. Ең алдымен ол өз халқына өлең дері, қара сөздері арқылы 15 ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске шақырды. Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде: «Қалың елім қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, Жақсы мен жаманды айырмадың Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың» – деген сөздері дәлел бола алады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, бекер сал шашуға, өтірік, өсек айтуға, жалқаулыққа қарсы шықты. «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - дей келіп, Абай «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз», - деген өсиет айтты. Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын -сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді. Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты ұстаз тұтты, олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мәселен, «Татьянаның хатын», «Онегиннің хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды. 1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін «Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етті. Ол Абайдың да жүрегіне ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер маужырап» деп аударды. Сонымен қатар, Абай шығыс мәдениетінен де нәр а лды. Фирдоуси, Науаи, Низами, Хафиз, Са ғди шығармаларына еліктеді. 1995 жылы бүкіл еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі бойынша әлем болып тойлады. Ұлтымыздың рухани мақтанышы, ұлы гуманист, ақын -ағартушы Абайдың ғылыми-педагогикалық мұрасының зерттелу жайы туралы және Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой - пікірдің даму тарихында алатын орны туралы айтқанымызда ұлы ғұлама ойшылдың педагогикалық мұрасын алғашқы зерттеушілер, педагогика тарихы саласындағы көрнекті қазақстандық ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Т.Т.Т әжібаев, Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Ұлы гуманист-ақынның педагогикалық, тағылымдық мұраларының мәні мен маңызы бүгінгі таңда да өміршең, өзекті екендігін дәлелдейді. ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтар жалғастырды. 16 Абай – адамзат ақыл -ойы, ақындығ ының ірі тұлғасы. Оның тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. Тағы да «Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боларсың елден бөлек»- деп, ой тастайды. Ары қарай ақын: «Үш -ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. «Толық адам» ұғымын талдай келіп, оның мәні үш сипатты (ғылым, рақым, әділет) болуға талаптану деп көрсеткен. Абай көтерген «Толық адам» қағидаты – ұлттық педагогикада «Сегіз қырлы, бір сырлы» ұрпақ тәрбиесінің қағидатымен үндестігін байқамау мүмкін емес. Ұлы гуманист адамды сүю туралы айта отырып, «Адамзаттың бәрін сүй» деп ақыл айта отырып, «Адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама береді. Қазіргі білім берудегі басты ұстаным болып отырған гуманистік педагогиканың негізі «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірімен ұштасады. Ақын адамды әкенің емес, адамның баласы болуға үгіттейді. «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» - деп, ғибрат тастайды. Абай адамдықтың басты қасиеті – адамгершілік екенін баса жырлайды. Адамшылықтың алды – «махаббат, ғаділет, сезім» дейді. Адамшылықтың тәрбие арқылы келетініне көз жеткізеді. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен адамды сүюге баулудан басталуы керек. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін бүгінгі тәрбие үрдісінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер арқылы дәлелдеуге болады. Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мәселесін жүзеге асыруда Абай шығармалары маңызды орын алады. Абай адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым -білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп түсіндірді. Елін еңбекке шақырып, өнерге үндеді, ескіше көзқарасқа, қазақ ортасының жағдайлары тудырған мінезқұлықтағы ұнамсыз көріністерге қарсы күресті. Абай өзі мұрат тұтқан толық адамдыққа жеткізетін ең басты қасиетке әділеттілікті жатқызады. Ақынның тікелей басшылығымен жазылған «Қарамола Ережесінің» заңдық, әділеттілік бағасымен қоса, жас жеткіншекке азаматтық-құқықтық тәрбие беру ісінде тәлімі зор шығарма болып табылады. Абай м ұрасындағы рухани -тағылымдық тәрбие идеяларын жас жеткіншектердің өз бойларына біршама сіңіргеніне қарамастан, оның әдебишығармашылығына қажеттілікті арттыруда мұның өзі, біріншіден, Абай шығармаларын тұтас алғанда толыққанды оқыту мен пайымдауды қоғамдық тұрғыдан қажет етсе, екіншіден, бүгінгі күнгі Абайдың тәрбие мен оқыту саласындағы көзқарастары мен пікірлерінің жас ұрпақты оқыту мәселесінде әлі де жеткіліксіз екендігі сезіледі. 17 Абай шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі – өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі – ғақлия немесе қара сөз деп аталатын прозасы; үшіншісі – өзге тілдерден, әсіресе, орысшадан аударған өлеңдері. Абай ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы шығармаларын орыс мәдениеті мен білімнің маңызын насихаттауға арнады. Оның 1885 жылғы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болуымен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісі де болып табылады. 1887 жылы жазған «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», Ле рмонтовтан аударған «Бородино» өлеңдері шын мәніндегі поэзиялық туындылар. 1986 жылы жазған «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдері – сол дәуірдің шындығын дәл беретін туындылар. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударып, өзі әнін шығарған. «Татьянаның хаты» халық аузында үлкен сүйіспеншілікке бөленді. Абай шығармаларының тағы бір қатарына тоқталар болсақ: 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады. 1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдерін жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы – ғалым болуы керектігін түсіндіреді. «Қалың елім, қазағым» деген өлеңінде өзі билеуші тап ортасынан шықса да,тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсі нген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады. Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп, дос тұта сөйлейді. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? - деп, ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да, мінез-құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді. «Татулық пен тұрақтылық» өлеңінде халқының келешегін ойлап егілген, сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Соның бірі – достық мәселесі. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте өзі көрген, халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды шын адамгершілік жолына, қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған татулық, бояма мінезден сақтандырады. Ақынның білім-ғылымға қатысты ақыл-ой тәрбиесі «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Бірінші қара сөзі» т.б., адамгершілік тәрбиесі «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы 18 сергек», «Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман», «Жігіттер, ойын ар зан, күлкі қымбат», «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Адамның кейбір кездері», 7, 13, 17, 19 қара сөздері т.б., эстетикалық тәрбие «Жүрегім нені сезесің», «Не іздейсің көңілім, не іздейсің», «Жүрегім ойбай соқпа енді», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», т.б ., еңбек, экология тәрбиелері «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Шегіртке мен құмырсқа», «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры», «Қыс», 2, 6 қара сөздері т.б., отбасы тәрбиесі «Тұтқындағы батыр», «Туғызатын ата -ана жоқ», «Адамның кейбір кездері», «Кешегі Оспан ағасы», «Кешегі өткен ер Әбіш», «Қара қатынға», «Ата-анаға көз қуаныш» т.б. шығармаларында басты тәлім түрінде жырланған. Өмірін Абайды зерттеуге арнаған М. Әуезов: «Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ойтолғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады. Адамды қор қылатын ең залалды жаманшылықтарды санап өтеді. Олар үш нәрсе: «надандық, еріншектік, залымдық» - дейді. Қорыта келгенде, Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп-өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасында орын алары сөзсіз. Адамды сүйіп, адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын поэзиясының түпкі негізі – адам, толық адам. Абай армандаған толық адам өнерлі, білімді, еңбекқор, адал, әділ, жылы жүректі, ыстық қайратты, ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек. Ал махаббат пен сүю, адамды сүю, Алланы сүю, әділетті сүю – Абай шығармаларының биік мұраты. 2 Орта мектепте «Абайтану» курсын оқытудың ерекшеліктері Ұлттық мәдени дәстүрлерiн жақсы бiлетiн, өз халқының тарихын сүйетiн, елдiң болашағына тiрек бола алатын ұрпақ тәрбиелеу – төл тарихымыз бен мәдени мұраларымыз бүтінделіп, толымды зерттеулер жүргіліп жатқан бүгiнгi күнгi басты мiндеттердiң бiрi. Осы міндеттерді жүзеге асыруда орта мектептің, мұғалімдер қауымының атқаратын еңбегі ерекше. Қазақ халқында ежелден келе жатқан тәлімі мол үрдіс – ұлт ұлыларының өмірі мен тағылымы арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу. Сөздің құнын да, мәнін де айрықша түсіне білген атабабаларымыз сөз өнерін ұлттық тәрбиенің басты құралы ете білген. Сан ғасырлық тәжірибемен екшелген ұлтымыздың осы бір жақсы әдет-ғұрпын бүгінгі тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану маңызды екені даусыз. Қазiргi жаһандану жағдайында өз ұлттық құндылықтарын сақтап, оны дамыта бiлген ел ғана өркениеттi елдер қатарынан лайықты орын алады. Рухани байлығы мол қазақ халқының өрелi өскелең мәдениетiнiң түп төркiнi сонау Орхон-Енесей, ежелгi түрiк жазбаларынан бастау алады. Төрткүл дүние мойындаған ғұлама бабамыз әл-Фарабиден бастап түркi тiлдес халықтарға орасан мол мұра қалдырған ойшылдар Ж.Баласағұн, М.Қашқари, А.Иассауи еңбектері және Алтын Орда дәуiрiнiң даналары Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри т.б. шығармалары қазiргi ұрпақ үшiн таптырмас теңдесi жоқ асыл 19 қазыналар екендiгi баршамызға белгiлi. Қазақ әдебиетiнiң қайнар бұлағы – жыраулар поэзиясының ұтқыр ойлы, шешен тiлдi ақын -жыраулары Асан Қайғы, Жиембет, Ақтамбердi, Шалкиiз, Бұқар, Дулат, Мұрат, Үмбетей Майлықожа т.б. тiршiлiк туралы терең толғаныстары мен өнегелi өсиеттерiнiң бүгiнгi ұрпаққа берiлетiн бiлiм мен тәрбиеге қосар үлесiнiң өзi бiр төбе. Кемеңгер ойшыл Абай мұрасының бiр өзi ғана ғаламат қазына болса, жарық жұлдыздар Шоқан, Ыбырай, ХХ ғасырдың басында қазақ даласын дүр сiлкiндiрген Шәкәрiм, Ахмет, Мағж ан, Сұлтанмахмұт, Жүсiпбек, Мiржақыптардың туындыларының қазiргi заман талабымен үйлесе үндесiп жатқаны да ұлттық әдебиетiмiздiң айқын айғағы. Қазақ әдебиетiнiң осындай асыл қазыналарын ұрпақ үнiне жалғастыру мектепте берiлетiн әдеби бiлiм сапасына негiзделедi. Ал, бiлiм сапасы түпкi нәтижемен өлшенетiндiктен әдеби бiлiм мазмұнын жетiлдiру әлемдiк кеңiстiктегi деңгейге сәйкес келгені дұрыс. Жалпы орта білім беретін мектептерде ұлттық мұраларымызды пәндердің мазмұнына оңтайлы ендіре отырып, болашақ ұрпақтың бойына сіңіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Мектептегі қазақ әдебиеті пәні осы келелі мәселені шешетін негізгі пәндердің бірі. Өйткені пәннің негізгі өзегі – ұлттық құндылықтарымыз болып табылатын көркем шығармалар. Ал әдебиеттегі басты құндылығымыз Абай шығармалары екені даусыз. Ұзақ жылдар бойы қазақ әдебиеті ғана арқылы шешімін тауып келе жатқан осы мәселе осы оқу жылынан бастап еліміздің білім беру ұйымдарына таңдау пәні ретінде міндетті оқыту үшін енгізілген «Абайтану» курсы арқылы Аб ай мұраларын кеңірек қарастыруға мүмкіндік туғызып отырғаны қуанышты. Мектептің білім беру мазмұнында Абай шығармаларын төл өлеңдері, қарасөздері, аударма өлеңдері деп үш жүйеде қарастырамыз. Абай өлеңдері мен қарасөздерінің тәрбиелік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары. Абай көтерген мәселелер бүгінгі күні де маңызды, өзектілігін еш жойған жоқ. Абай – адамзат ақыл-ойы мен ақындығының ірі тұлғасы. Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Әдебиеттану саласы бойынша көптеген ғалымдар Абайды тануға айтарлықтай үлестерін қосты. Қазақ әдебиеттану ғылымының тәуелсіздік кезеңінде Абай мұрасына белгілі абайтанушы ғалымдар сүбелі еңбектер арнады. Бұл жылдары жарық көрген мақалалар мен ғылыми еңбектердің енді тобы - Абай шығармаларын оқыту әдістемесіне де арналған біршама еңбектер. Олар: Қ. Бітібаеваның «Мектепте Абай шығармаларын оқыту», Ұ. Әбілдаұлының «Абайды оқу әліппесі: (Төменгі сынып оқушыларына ұлы ақындық таныстыру)», М. Жүсіповтің «Орта мектептегі Абайтану және оның негізгі бағыттары», Н. Омашевтің «Абайтануды оқытудың тиімділігі», З. Қазмағамбетованың «Ақын шығармаларын оқыту», Т. Рахметованың «Бастауыш кластарда Абай шығармаларын оқыту» т.б еңбектері. Бүгінгі жеткіншек ұрпақ арасында Батысқа еліктеп, халықтық салтдәстүріміз бен ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбиеден алыстап бара жатқандардың жиі кездесіп қалатыны өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан осындай жағымсыз құбылыстан құтылудың рухани жолы ұрпақты Абайдың 20 әдеби мұрасы арқылы тәрбиелеу болып табылатыны сөзсіз. Бұл айтылғандарға абайтанушы ғалым М.Мырзахметовтың: «Қазақ халқының ой -санасының, дүниетанымының шыңы Абайдың әдеби мұрасында жатыр. Жастардың адамгершілік мінез-құлқын, адами қалпын қалыптастыруда Абайтану ілімі іргетасқа айналып отыр. Осы себепті, ең алдымен, Абай мұрасын меңгеру, терең танып білу - бүгінгі күннің аса қажетті мәселесі»,- деген ойлары дәлел [35]. Қолданыстағы негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11- сыныптары үшін «Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасында Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылған және ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлімтәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілген. Абай шы ғармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударыла отырып, Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінген. «Абайтану» курсының мазмұны Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын; ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін; шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын; Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін; Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын; Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне; курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған. «Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасының мақсаты «ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық санасезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру» деп айқындалып, курсты оқытудың міндеттері: 1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру; 2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы 21 оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұ станымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау; 3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету; 4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету; 5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми -философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру; 6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту; 7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байла нысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету деп тұжырымдалған [36]. Абайды тану, оның шығармаларын меңгеру арқылы өмірде өз қажетіне дұрыс қолдана білу – әрбір азаматтың парызы десек, оны оқып-үйрену, жанжақты талдай білу, Абай тереңіне үңіле білу де бүгінгі ел болашағының міндеті болмақ. Әр адамның іздегенін табатын, оны өміріне тірек ете алатын, бағытбағдарын айқындай алатын қуат күші де осы Абай шығармаларында. Уақыт та, қоғам да ұлы Абай философиясын қажет етіп отырған шақта ұрпаққа ақын тағылымын үлгі ету, үйрету, өміріне азық етерлік білім беру – қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің мақсаты мен мұраты. «Абайтану» курсы әдістемесі мұғалімдер ді оқушылардың адамгершілік сезімдері мен бағдарларын Абай шығармалары арқылы дамыту жұмыстарын жүзеге асыру кілттерін, тетіктерін табуға бағыттайды. Ол өз негізінде жас ұрпақты Отанды сүю, елжандылық, азаматтық рухтарында тәрбиелеу құралы да болып саналады. Абай мұрасы – Адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан -жақты дамыған тұлға қалыптастырудың қайнар бұлағы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген «Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасы негізінде жазылған Астана қаласы №8 орта мектептің қазақ тілі 22 мен әдебиет пәнінің мұғалімі Әбуева Шолпан Бәкірқызы ның күнтізбелік жоспарын ұсынамыз. Абайтану курсы 9-сынып Жылдық сағаты – 34, апталық сағаты – 1 (бағдарламалық материалдар оқуға -32 сағ., шығармашылық жұмыстар - 2 сағ.) 1-кесте – Күнтізбелік жоспар Реті Тақырыптар Сағат саны І Кіріспе. Адамзаттың Абайы: - Абайтану пәні, мақсат-міндеттері, өзектілігі. - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. - Абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің Міндеті 1 ІІ 1. 2. «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тарауы Абайдың өмірі: - Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі; - Әлеумет ісіне араласуы; - Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері; Ақынның халық даналығын тануы: - Абай ақындығының бастаулары; - Ауыз әдебиеті – Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы. Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар: - М. Әуезовтің еңбектері; - М.Мырзахметовтің зерттеулері; - Абайтану ғылымындағы жаңаша көзқарастар мен тың бағытбағдар. Абай және орыс әдебиеті: - Абайдың орыстың ұлы классиктері мен демократ ағартушыларының еңбектерімен танысуы, қазақ тіліне аударуы; 10 2 1 3. - Ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері; Абай және Лермонтов: Абайдың орыс ақындарынан ерекше көңіл бөлген Лермонтов шығармаларын Абайдың үлкен шеберлікпен, анық ірі шабытпен аударуы; Абай-Лермонтов сияқты ұлы ақындардағы ой ұқсастығы, идея ұқсастығы; Лермонтовтан аударған төл шығармаларымен қатар Дж. Байрон, И.В.Гете , Шиллер өлеңдерін Лермонтов аудармалары арқылы жүзеге асқандығы). 1 23 1-кестенің жалғасы 4. 5. «Теректің сыйы» өлеңі: - Абайдың Лермонтовтан аудармалары; - Абай аударма – өлеңінің мақсаты; - өлеңде кеіпкер бейнесін ашуда кейіптеу тәсілінің шебер қолданылуы. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі И.В.Гете - М.Ю.Лермонтов-Абай): - өлеңдегі жанды табиғаттың сұлулығы; - Абай аудармасыныңдағы Лермонтовтың тынысы мен үні; - аудармашылық шеберліктің шыңы. 1 1 6. 7. Абай және Пушкин: - Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы; - «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер. Абай және батыс әдебиеті: - Абай шығармашылығына Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы; - Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысуы; - Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевичтің «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете -М.Ю.Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері. Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы: - Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы; - өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері. 1 1 2 1 ІІІ 1. 2. 3. «М.Әуезов және абайтану мәселелері» тарауы Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері Ақын шығармаларының басылымдары (4) 2 1 1 Шығармашылық жұмыс 1 24 1-кестенің жалғасы ІV 1. 2. 3 4. 5 «Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы» тарауы «Ғылымға көңіл берсеңіз»: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі: - өлеңнің басты идеясы; - ғылым-білімнің маңызы; - ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы. «Интернатта оқып жүр» өлеңі: - өлеңнің негізгі тақырыбы, идеясы; - ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары; - жас шәкірттерге ақын аманаты; - отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатын сынауы. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі: - Абайдың өлеңде жастарды оқу-білімге шақыруы; - ақынның өлеңдегі келешекке бағдарлама боларлық өсиеті; - өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі; - Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы. «Сегізінші» қарасөзі: - қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі; - ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары; - ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы. «Он жетінші» қарасөзі: - қарасөздегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары; - ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні. «Жиырма бесінші» қарасөзі: - қарасөзде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі; - қарасөздегі ақынның өсиеті. Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік»: Екінші қарасөзі: - қарасөздегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары; -халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынап, арылудың жолдарын көрсетуі; -еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы. (10) (5) 1 1 1 1 1 25 1-кестенің жалғасы 2. 3. 4. 5. Оныншы қарасөзі: - қарасөздегі бала тәрбиесі туралы ойы; - баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі. Он сегізінші қарасөзі: - қарасөздегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы; - ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы; - адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы; Он тоғызыншы қарасөзі: - қарасөзде Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы; - ақынның ес туралы ой тоқтамы, естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі. Отызыншы қарасөзі: - қарасөзде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы; - ар, ес, намыс, адамдық, арлылық, батырлыққа қатысты тұжырымы; - өлім мен өмірдің мәні туралы философиялық танымы. 1 1 1 1 V 1. «Абай танымындағы ән мен күй» тарауы Абай әндерінің таралуы: - Абайдың ән мен күй, өнер құдіреті, жақсы әннің эстетикалық мәні туралы толғанысы; - Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы; - Абай әндерінің халық әндерімен ұқсастықтары және айырмашылықтары; - Абайдың музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақтар. (4) 1 2. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»: - «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» ән-өлеңдеріндегі ән мен күй туралы ойлары; - «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам қас» ән-өлеңдеріндегі ақынның сезім сырларын жеткізудегі ерекшеліктері; - «Сегіз аяқ» ән-өлеңіндегі Абайдың көркемдікэстетикалық ерекшеліктері. 1 VІ «Ескендір» поэмасы: - поэманың тақырыбы мен идеясы және көркемдік маңызы; - поэманың романтикалық және реалистік сипаты; - поэманың сюжеті мен композициясы; - эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары; - Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі. 2 Шығармашылық жұмыс 1 Қорытынды 1 26 Абайтану курсы 10 – сынып Жылдық сағаты – 34, апталық сағаты – 1 (бағдарламалық материалдар оқуға -32 сағ., шығармашылық жұмыстар - 2 сағ.) 2-кесте – Күнтізбелік жоспар Реті Тақырыптар Сағат саны І Кіріспе. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» - Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі; - Ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік жайлы өсиеттері; - Қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігі. 1 ІІ «Абай мұрасының XX ғасырдың 30 -60 жылдары зерттелуі» тарауы - Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар; - Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері. 2 ІІІ 1. 2. «Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы» тарауы - Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндестігі; - Абайдың өнер, еңбек, талап, ықылас-ынта, қайрат- қажыр, терең ой, т.б. адами қасиеттер жайлы ой тұжырымдары. «Талапты ерге нұр жауар»: Отыз екінші қарасөзі: - қарасөздегі ақынның ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы; - ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы. «Еңбек етсең ерінбей»: Отыз үшінші қарасөзі: - қарасөзде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы; - жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі; - қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды ескертуі. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі - өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, (6) 2 1 27 2-кестенің жалғасы 3. 4. ақындықтың мұрат-мақсаты; - поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі; - ақынның өлең сөзге қоятын талаптары; - сөздің асылы ретінде поэзияны жоғары бағалауы. «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» өлеңі: - өлеңдегі Абайдың бірнеше кесек ойлары; - өлеңнің өнердің басы. халықтың тілін де, ойын да жаңғыртып, түлетіп өсіретін, шынайы әлеуметтік тартыстың құралы болған өлең арзан бағаланбайтын құрал екендігі; - өлеңде Абайдың өлең жазудағы мақсатының – халқының алдындағы қарызы екендігінің айқындалуы. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі: - өлеңдегі ақынның поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, пікір сонылығы;- ақынның «өлеңі бар, өнерлі інілеріне» бағыт- бағдар көрсетуі; - өлең жазудағы ақынның мақсат-мұраты. 1 1 1 ІV 1. 2. 3. 4. 5. 6. Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер» тарауы Абайдың табиғаттың көркем көріністерін жырлайтын лирикалық туындылары, табиғат құбылыстарын күнделікті өмірмен, адамдардың күнкөріс, іс-әрекетімен, көңіл-күйімен астастыра суреттеу шеберлігі. Табиғат лирикасы (3 сағат): «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі: - өлеңде ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі;- ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі. «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңі: - өлеңдегі Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы;- елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеудегі ақындық шеберлігі. «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі - өлеңде ақынның адам көңіл күйін суреттеу шеберлігі; - ақынның тыңдаушысын таппай қапаланған шағындағы сезім толғанысы, философиялық ой түйіні. Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам : Отыз жетінші қарасөзі. «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі: (7) 1 1 1 2 2 28 2-кестенің жалғасы 7. - ақынның адал еңбекпен мал табуды насихаттауы; - ар-ұяттан безген тойымсыз би, болыстарды шенеуі; - адамның үш асыл қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек туралы ой түйіні. «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі: - өлеңдегі ақынның жас ұрпақты еңбек етуге, отырықшылдыққа шақыруы;- оқу оқып, білім алуға, білімін халық қажетіне жаратуға үндеуі. Шығармашылық жұмыс 1 V 1. «Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауы «Би екеу болса, дау төртеу болады»: Үшінші қарасөзі: - қарасөздегі ақынның халық мүддесіне қызмет ету жөніндегі пікірлері; - ақынның биліктің құрылымы жөніндегі ойлары; - ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы толғанысы; - үшінші сөздің жанры туралы сөз (көсемсөз, яғни публицистика). (6) 2 2. 3. 4. «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі: - өлеңнің идеялық мәні; - Абайдың қазақ қоғамындағы әділетсіздік, зұлымдық іс-әрекеттер жайындағы ойлары; - ақынның өлеңдегі алуан түрлі адамдардың психологиясын суреттеу шеберлігі; «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі: - өлеңде Абайдың сол дәуірдегі қоғамдық- әлеуметтік топтардың іс-әрекетін әшкерелеуі; - еңбексіздікті, алармандық мінез-құлықтарды сатира тілімен сынауы; - ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қатысты байламы; - өлеңдегі түйінді ой. «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңі: - өлеңдегі ақынның ел жағдайы туралы ойлары; - ақынның өмірдің, тұрмыс-тіршіліктің қат-қабат қайшылықтарын салыстырмалы, астарлы түрде суреттеуі; - ақынның түйінді ойының мәні. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі: - өлеңдегі ақынның заман ағымына қарай мың құбылған адам құлқын сынай суреттеуі; - адалдық пен арамдық, адамдық пен надандық 1 1 1 29 2-кестенің жалғасы 5. ұғымдарының ел ішіндегі көріністерін философиялық тұрғыда таразылай баға беруі; - ақынның әлеуметтік өмірдің шынайы суреттеріне қойылған сұрақты ойлары. 1 VІ 1. Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармалары «Улы сия, ащы тіл»: Он бірінші қарасөзі: -қарасөздегі жұрттың үнем қылып жүрген екі нәрсесін – ұрлық, ұрлықпен мал табу және бұзақылардың бәлелі, азғырушылықпен күн көруі туралы өткір ойлары; - екі бүлік істің кесірінен ант, серт, ұят, адалдықтың да тоқтаусыздығы, бүлікті тыятын байлардың азғындығы туралы өкінішті ойлары. (4) 1 2. 3. 4. Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңі: - өлеңдегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерге сыншылдықпен қарауы; - әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары; - ел үстінен күн көрген алаяқ би, болыстарды, малмүліктің буына семірген байлар мен патша әкімдерін сынауы. «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңі: - ақын суреттеуіндегі заман келбеті, әлеуметтік қайшылықтардың басында тұрған пысықтардың, қу мен сұмдардың елге салған лаңы; - адал еңбекті, ел ішіндегі тыныштықты сақтау жайындағы ақын пайымы. «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі: - Абайдың өлеңдегі адамгершілік қасиеттерден ада адамдардың іс-әрекеті туралы ойлары; - адам психологиясының келеңсіз жақтары, аярлық мінезі жайындағы тұжырымдары; - ақынның әлеуметтік, саяси көзқарасы. 1 1 1 VІІ Абайдың аудармалары Абайдың Лермонтовтан аудармасы: «Тұтқындағы батыр», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңдері: - ақын ойының орыс классиктерімен үндестігі; - Абайдың аудармашылық шеберлігі; - ақын аудармаларындағы ұлттық нақыштар. (2) 2 30 2-кестенің жалғасы Абайтану курсы 11 – сынып Жылдық сағаты – 34, апталық сағаты – 1 (бағдарламалық материалдар оқуға -32 сағ., шығармашылық жұмыстар – 2 сағ.) 3-кесте – Күнтізбелік жоспар VІІІ 1. 2. Абайдың поэмалары «Масғұт» поэмасы: - поэманың тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы; - поэмадағы шығыстық сарындар, ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы; - поэманың тәрбиелік мәні. «Әзім әңгімесі» дастаны: - поэманың «Мың бір түн» хикаяларымен үндестігі; - Абайдың поэмасына желі, арқау болған уақиғалар; - шығыстық хикаяларды ақын өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға пайдалануы, көпке үлгі етуді мақсат етуі. (3) 2 1 Шығармашылық жұмыс 1 Қорытынды сабақ 1 Реті Тақырыптар Сағат саны І Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік Қазіргі абайтану мәселелері 1 1 ІІ 1. 2. «Білімдіден шыққан сөз» тарауы «Өзіңнен өзің есеп ал» Он бесінші қарасөзі: - қарасөздегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі; - жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдауы; - адам өмірі туралы философиялық топшылауы; - адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті; - ақынның ақылды және ақылсыз кісінің белгілі бір парқы туралы философиялық көзқарасы; - қызығушылық, мастық, есерлік ұғым-түсініктері туралы танымы. Отыз бірінші қарасөзі: - қарасөздегі ақынның педагогтік, ұстаздық жөніндегі ой-пікірлері; - есітіп білгенді есте сақтау тәсілдері; - ой кеселдерінен сақтанудың жолдары турасындағы ойлары. 1 1 31 3-кестенің жалғасы ІІІ 1. 2. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тарауы «Осы мен өзім – қазақпын» Тоғызыншы қарасөзі: - қарасөздегі қазақ халқының, оның тұрмыс- тіршілігінің кемшілік тұстарын сынауы; - ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі; - өмір философиясының қағидалары; «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі: - өлеңдегі еңбекші халықтың мүддесі;- ақын бейнелеуіндегі өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығы;- заманның кемшілік, қайшылықтарын сынауы; - ақынның елдің сиқын бұзып жүрген мансабы жоғары шенеуніктердің психологиясы туралы тұжырымы;- Абай лирикасында ұлттық мінез психологиясының көркем жинақталуы; - Абайдың адам жанының сырлары жөніндегі танымы; (7) 1 1 3. 4. 5. 6. 7. «Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі: - қоғам өміріндегі әлеуметтік жағдайға сипаттама; - үміт пен уайым, жақсылық пен жамандық, қайғы, талап ұғым-түсініктері; - адамға тән аталмыш қасиеттерді сипаттау ерекшелігі. «Бөтен елде бар болса» өлеңі: - өлеңде қазақ қауымында етек алған атқамінерлер арасындағы бас араздық, бақастық көріністерін сынауы; - «Нанымы жоқ, анты бар» деген жолдағы жинақтаушылық сипаттағы ой тұжырымы. «Сегіз аяқ» өлеңі: - Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой толғанысы; - әлеуметті сынауы, халқын еңбекке үндеуі; - өлеңнің ырғақтық, құрылымдық ерекшеліктері; - өлеңде ақынның өзекжарды ойларын кестелі тілмен өрнектеуі; - халықты мәдениет, прогрестік даму жолына бағыттаудағы идеялары. «Ішім өлген, сыртым сау» өлеңі: - өлеңдегі ақынның көңіл күйі, аяр, екіжүзді, опасыз, сатқын жандарды шенеуі; - адамдардың мінез-құлық психологиясын сипаттаудағы шеберлігі. «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі: 1 1 1 1 32 3-кестенің жалғасы - Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық, кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері; - өз заманындағы қоғам тіршілігінің жағымсыз тұстарын сынауы; - достық, татулық, қадір-құрмет жайындағы пайымдаулары, өлеңнің тәлім-тәрбиелік маңызы. Жиырма екінші қарасөзі: - қарасөздегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге сыни көзқарасы; - қазақ тұрмысының әлеуметтік құрылымы туралы пікірі; - бай, мырза, би, болыс, есті кісі, ғаріп-қасар, қу мен сұм ұғымтүсініктері хақындағы философиялық пайымдаулары; - қарасөздің танымдық, тәрбиелік мәні. 1 ІV 1. 2. 3. «Абай – сатирик» тарауы «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері: - өлеңдердегі билікке таласқан пенденің әлеуметтікпсихологиялық бейнесі; - болыс, ояз, ел туралы ой-толғаныстары; - жағымпаз болыстың портреті, іс, оқиға желісін болыстың өз атынан баяндау тәсілі; - болыстың іс-әрекет, мінез-құлқын, психологиясын бейнелеу шеберлігі; - патшадан шен таққан болыстардың халық үстінен байыған дүниеқоңыз, шенқұмар мінездерін әшкерелеуі; - өлеңдердің көркемдік-эстетикалық құрылымы; - екі өлеңнің өзара үндестігі; - ақынның билеушілер мінезін суреттеудегі шеберлігі; - ақын өмір сүрген дәуірдегі тарихи факторлар, заманның кемшілік-қайшылықтары; - өлеңдердегі улы мысқыл, сарказм. «Көзінен басқа ойы жоқ», «Бойы бұлғаң» өлеңдері: - өлеңдегі ақынның өнерге, оқуға үндеген ағартушылық бағыттағы ойлары; - дүмше молдаларды сынап-мінеуі; - ой көзі, көңіл көзі, парасат көзі жайында ой қорытуы. «Менсінбеуші ем наданды» өлеңі: - өлеңдегі надандық ұғымдары жөніндегі ақын пікірлері; - ұлттың бойындағы мерез мінезбен күресуден қажыған ақынның қамығып, қынжылуы; - ақынның қоғамдағы қайшылықтарға сыни көзқарасы; (4) 1 1 1 33 3-кестенің жалғасы 4. - өлеңде айтылған ақынның өзекті ойы; - ақынның надандық пен қараңғылыққа қарсылық білдірген жан айқайы. Қырық бірінші қарасөзі: - қарасөздегі қазаққа ақыл беруге қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керектігі туралы пікірлері; - адамшылықтан кетіретін жайттарды сынға алуы, билік пен байлықтың ұлттық мүддеге қызмет етуі жөніндегі ұстанымы. 1 V 1. 2. 3. 4. «Махаббатсыз дүние бос» тарауы Абай өлеңдеріндегі махаббат, ғашықтық сезімі, сүйіспеншілік тақырыбы, махаббат лирикасына жататын өлеңдеріндегі философиялық ой толғамдары «Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері: - ақын лирикаларындағы махаббат сезімі, тұрақтылық, сүйіспеншілік жайындағы ой- топшылаулары, ғашықтық, құмарлық ұғымдарына қатысты толғаныстары; - сүйіспеншілік мәселелеріне байланысты философиялық тұжырымдары; «Сен мені не етесің» өлеңі: - өлеңдегі ақынның жастық шақ, махаббатқа толы күндері туралы түйінді ойлары мен пікірлері; - өлеңнің құрылымдық өлшемі, ерекшелігі. «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі: - өлеңде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы; - Абай лирикаларында көрініс беретін әсемдік туралы пайым түсініктер;- әйел ажары, сұлулық туралы талап-талғамы. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңі: - лирикалық өлеңдегі қазақ әйелінің сөзбен сомдалған портреті; - сұлулыққа, жарасымдылыққа, мәдениеттілікке, ізеттілікке тәрбиелеу мұраты. «Қызарып, сұрланып» өлеңі: - өлеңде ақынның ғашықтық сезімді, махаббат мұңын айшықты кестелеуі,- Абайдың махаббат сезімдерін жырлаудағы шеберлігі. (4) 2 1 1 Шығармашылық жұмыс 1 VІ 1. «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» тарауы Ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным және Алланы тану туралы философиялық ойлары, Абайдың діни танымы: Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай: - Жүсіп Баласағұнның «Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы (7) 1 34 3-кестенің жалғасы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы; - «Хал ілімінің» адамның ақиқатты сезіну сезімдерін қамтитыны; - «Өзін таныған Алланы таниды» деген пайғамбар хадисін Йасауидің басшылыққа алуы; - Жәуанмәртілік – адамгершілік негізі, А.Машановтың, М. Мырзахметұлының еңбектері негізінде. 2. 3. Абайдың «Толық адам» философиясы: - Абайдың толық адам туралы ойы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алатындығы; - өлеңнің адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделуі; - Абай өлеңдері мен қарасөздерінде қозғалып отыратын Алланы сүю, тіршілік, жаратылыс заңдылықтарын ұғындыруға ұмтылу мәселелері. «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі: - қарасөздегі ақынның адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары; - ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні. - толық адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі; - адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда қалыптасатындығы туралы ақын пікірі; Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі: - өлеңде ақынның өз қайғысына ел қайғысын қосып жырлауы; - наным, сенім жөніндегі ой тоқтамы; - Абайдың исламның ғылыми негіздерін ұғындыруы; - Абайтанудағы Абайдың сопылық дүниетанымын арқау еткен іргелі ғылыми еңбектер; «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңі: - өлеңдегі ақынның табиғат пен адам турасындағы ойтолғанысы; - жаратылыс құбылыстары туралы тұжырымы. Жетінші қарасөзі: - қарасөздегі жан мен тән құмары туралы ұғымдар; - бала мінезінің өзгеріске түсу сырлары; - ғылым, білім тәрбиесі, дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырларын білу туралы ақынның кесімді пікірі. Отыз сегізінші қарасөзі: 1 1 35 3-кестенің жалғасы - қарасөздің негізгі идеясы Алла, Адам хақында; - Алла тағала болмысы, ақынның хақиқат туралы ойы, өлшеулі мен өлшеусіздік ұғымы; - пайғамбарлар, әулиелер, хакімдер турасындағы ой толғамдары. 4. 5. Қырық үшінші қарасөзі: - қарасөздегі жибили және кәсиби ұғым- түсініктері, жан қуатының үш элементі жайындағы философиялық көзқарастары; - ақынның дүниені, болмысты тануы, Абайдың хауас туралы көзқарасы, хауас ұғымының Абай шығармаларындағы көрінісі, ішкі- сыртқы сезім түйсіктері; - ақынның Алланың бойындағы сегіз сипатқа өз жанынан екі сипат қосып (әділет, рахым) 10 сипатқа айналдырып, хауас ретінде тануы. «Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі: - Абайдың қазақ қауымының рухани жағынан іштей тазарып, ұстанар жолының сенімді бағыт-бағдарын көрсетуі; - ақынның ішкі нанымы, адамшылық жолындағы үгіт пен мораль философиясы жайлы танымы; - Алланы сүю, адамзатты сүю, хақ жолын сүю «Иманигүл» философиясының негізі болатындығы . 2 2 VІІ 1. 2. 3. «Қазақтың бас ақыны» тарауы Абайдың өнегелі, өрнекті сөздерін тегіс тану, білу – абыройлы борыш, қасиетті парыз. А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласының абайтанудағы орны. Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы: - Абай туындыларының көркем тілі; - қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы; - ақынның шеберлік тәсілдері; - даралық ерекшеліктері; - Абай шығармаларының текстологиясы. Абайдың ақындық мектебі: - Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі, әлеуметтік белсенділігі; - Абайдың ақындық дәстүрі туралы түрлі тұжырымдар мен байыптаулар; - М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметханов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдар еңбектерінің абайтану ілімін дамытудағы қызметі; - Абайдың талантты ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, (5) 2 2 36 3-кестенің жалғасы 3 Орта мектепте «Абайтану» курсын оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар Таңдау курсының әдістемесі қазақ әдебиеті пәні бойынша оқушылар дайындығының негізінде Абай мұрасын тануды вариативтік оқыту кеңістігінде жүзеге асыру жолдарын қарастырады. «Абайтану» курсы бойынша дайындалған әдістеме мұғалімдердің және оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктеріне жол ашады. Таңдау бойынша курс сабағы пән сабағынан өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Бұл екеуінің мақсаттары ортақ болғанмен (екеуі де оқушы тұлғасын дамытуды көздейді), сол мақсатқа қол жеткізу тәсілдері әр түрлі. Таңдау бойынша курс сабақтарының құрылымында үй тапсырмасын сұрау, өткенді қайталау, бес балл жүйесімен бағалау сияқты компоненттер қолданылмайды. Таңдау курсы сабақтары сан-алуан шығармашылық сипаттарда түрліше құрылуы тиіс: мәтінді зерттеу – ізденіс сабағы, мәтін үзінділерінен белгілі бір түсінікті құрастыру сабағы, философиялық ойтолғау сабағы, семинар сабақ, ақынмен диалог сабағы, өзара диалог (пікірсайыс) сабағы, қиял сабағы, конференция, дебат, қарама -қайшылықтар сабағы, демонстрация, өлең мен, қарасөздер мәтіндерін өзгерту сабағы, жағдаяттар құру сабағы, оқушы мұғалім ретінде өтетін бинарлы сабақ, әртүрлі ойындар сабағы, шығармашылық жұмыстарды қорғау сабағы, топтық жұмыс сабағы, жоба қорғау сабағы, рефлексия сабақ, рецензиялау сабағы, өзара бақылау сабағы, спект акль сабақ, «дөңгелек стол» сабағы, шығармашылық есеп сабағы, панорама сабағы (шолу сабақтарының орнына өтіледі) т.б. Бұлардың ішінде көп қолданылатыны – көркем мәтінмен жұмыс сабағы. Себебі абайтанудың кілті – ақынның өз шығармаларында. Абайды, ұлы Абайды өзгелердің пікірлері арқылы танып сараптау – мектептен кейінгі ғылымның қызметі. Ал мектепте Абайды оқушылар оның шығармаларын тікелей оқи отырып, өз көзімен, өз ойымен тануға тиіс. Сонда ғана мектептегі абайтану курсының оқушы үшін пайдасы болмақ. 4. Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т.б. хақында. Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар: - ақынның әдебиеттегі дәстүрін ілгері дамытқан ақындар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев; - Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, т.б. 1 Шығармашылық жұмыс 1 Қорытынды сабақ 1 37 Әдістеменің мақсаты – жалпы стандарттық талаптардың орындалуын кеңейте отырып, оқушылардың Абай мұрасы бойынша білімін тереңдетулеріне жағдай туғыза отырып, таңдалған оқу материалдарындағы рухани болмыс пен адамгершілік бағдарларды, тәрбиелік әлеуеттерді олардың өз беттерінше ізденіп тануына, сол құндылықтарға бағдарлануына мұғалімнің ұйымдастыратын оқу әрекеттерін педагогикалық және психологиялық жағынан негіздеу. Бұл әдістемелік құрал Абайдың әдеби мұрасын оқушы бойындағы ойлау, түсіну, сезіну, толғаныс, эмоциялық және ақыл-ой сапаларын дамыту құралы ретінде мұғалімнің пайдалана алуына да көмек болып табылады. Ол оқушының стандарттық әдеби біліміне, білік-дағдыларына негізделе отырып, оқушының талғау, қабылдау қабілеттерін, талдау мәдениетін дамытуға бағытталады. Әдістеме мұғалімге оқушының ізденіп, өз оқу әрекетін өзі ұйымдастырып, өзі мақсат қойып, өзі орындап, өзі бақылап, өзі түзетіп, өзі бағалауға және осы үдерістер барысында өзіндік рефлексияға шығуына бағыттау жолдарын көрсетеді. Абайтану материалдары шеңберінде оқушылардың зерттеушілік әрекеттерге қабілеттерін дамыту да негізгі міндеттердің бірі. Мұнда мұғалім – оқушының әрі кеңесшісі, әрі зерттеушілік ізденісінің ынтымақтас әрекетшісі. Ол оқушыға өз бетімен айқындалған тапсырманы шешу жобасын жасауға, оны нақты өмір жағдайларымен байланыстыруға, әр түрлі дереккөздерден ізденіп білім жинау ғ (оқулықтан, мұғалімнен, құрбыларынан, қосымша әдебиеттерден, электрондық оқу құралдарынан т.б.) бағыттайды. Нәтижесінде оқушы Абайдың берілген белгілі бір көркем мәтінін түсіне отырып, ол туралы өз түсініктерін байыта отырып, өзіндік тұжырымдарын өзгертеді, жаңартады, толықтырады, өмірдегі жағдаяттармен байланыстырады, нәтижесінде берілген мәтінді жаңа өнімге айналдырады. Сабақта өз бетінше жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу бала үшін шаттық сезіміне айналады. Ал жаңа нәтижені білгені қуаныш пен мерей болмақ. Таңдау курстарын оқыту стандарттық оқуды қайталамайтын оқу әрекеті болып табылады. Сондықтан оның әдістемесі де өзіндік ерекшеліктерімен айшықталады. Мұнда оқушылар оқу материалын меңгеруді ғана емес, сол оқу материалдары бойынша өз бетінше оқу әрекеттеріне енуге, ізденімпаздық қабілеттеріне үйренуге бағытталады. Демек оқу материалдары өмірге керек ақпараттық, коммуникативтік, проблемаларды шешу сия қты негізгі құзыреттерді қалыптастыру үшін де қолданылады. Осы орайдан «Абайтану» та ңду курсы нда оқушылар үшін алдыңғы сыныптардан қалыптасып келе жатқан өз бетінше оқу, өз бетінше іздену, өз бетінше шешім табу, өз бетінше сараптау, өз бетінше бағамдау сияқты оқу әрекеттерін шыңдап, жетілдіріп ұйымдастыруға басымдық беріледі. Өз бетімен жұмыс істеу шарттарының оқушы бойында дағдыға айналуына қол жеткізсек – онда тұлғаның қалыптасуына, тұлғаның өзгеруіне, тұл ғаның рефлексиясына қол жеткізгеніміз. 38 «Өзін-өзі өзгерту және рефлексивтік түрде өзін-өзі ұйымдастыру үдерістерінде шешімдерді өз бетінше белгілеп шешуге қабілеттілікті қалыптастыруға бағытталған оқу әрекетінің негізгі үдерістері төмендегідей: − оқушының өзіне қойылатын нормативтік талаптардың жалпы жүйесін түсінуіне мұғалім көмектеседі; − бұл берілген талаптарға яғни оқу үдерісіне мотив пайда болады; − қалыпты жолдармен алғашқы әрекет және оны орындауға мотивтілігінің болуы; − алғашқы қалыптағы әрекетті орындау және қиындыққа кездесу; − пайда болған қиындықты рефлексиялау; − жаңа жағдайда оқу әрекетін қайта құру; − пайда болған қиындықты шешуде өз бойында тиісті білім, білік, дағдылардың жетіспейтінін рефлексиялау; − пайда болған қиындықтарды шешу үшін сұрақтар қою арқылы, жоспарлау арқылы жобаны құру және мақсат түзеу; − құрған жобаны жүзеге асыру; − жобаның дұрыс шешілгенін тексеру; − жобаны орындау және оны тексеру барысындағы рефлексия; − оқу әрекетіне тұтастай рефлексия және бағалау; − оқу әрекетінен шығу» [37]. Жоғарыда көрсетілген оқу әрекеттеріндегі өзін-өзі рефлексивтік ұйымдастыру қабілеттерін қалыптастыру үшін оқушылар жеткілікті түрде ұдайы және жүйелі рефлексиялық қабілетті қозғауға бағытталған арнаулы оқу тапсырмаларын орындап отыруы қажет. Оқу әрекетінде қалыптасқан мұндай өзін-өзі рефлексиялық ұйымдастыру қабілетін оқушы өмірдегі басқа жағдайларда қолдана алатын болады. Бұл – оның функционалдық сауаттылығының көрінісі. «Абайтану» курсы әдістемесі мұғалімдерді оқушылардың адамгершілік сезімдері мен бағда рларын Абай шығармалары арқылы дамыту жұмыстарын жүзеге асыру кілттерін, тетіктерін табуға бағыттайды. Ол өз негізінде жас ұрпақты Отанды сүю, елжандылық, азаматтық рухтарында тәрбиелеу құралы да болып саналады. Бұл Абай мұрасы контексінде арнаулы этикалық адамгершілік әңгіме-сұхбаттарын, диологтар ұйымдастыру жолдарымен жүзеге аспақ. Мұнда әрбір оқушы адамгершілік істі таңдау, бағалау әрекетіне тартылып, рефлексиялық күйге енеді. «Абайтану» курсында о қушылардың шығармашылық -практикалық әрекеттерін жобалар қорғау, тақырыптық альманахтар дайындау, конференциялар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, сұқбаттар, пікірталастар, дебаттар сияқты т.б. жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырудың тиімді екені осы құралда дәйектелген. Ғалымдар Жұмажанова Т.Қ., Дүйсебаев С.Р. «Абайтану» курсы сабақтарын өткізуде төмендегідей әдіс-тәсілдерді ұсынады: – оқушылардың жеке жазбаша шығармашылық жұмыстарының үзінділерін оқу; 39 – жұптық пікірлесу мен топтық диспут, дискуссиялар; – кілт (таза тақтаға немесе парақ бетіне белгі лі бір идеяның я тақырыптың өзегі болып табылатын кілт сөз немесе сөз тіркесі жазылады: оның айналасына сол идеяны (тақырыпты) ашатын соған қатысты деректер, мәліметтер, образдар, идеялар айнала бір-бірден жазылады; пайда бол ған сөздерді кілт сөзіне сызықтармен жалғастырады; сөйтіп берілген тақырыпты ң ақпараттық өрісі түзіледі); – қосарлы күнделік жазбалар: Абай сөздерін, ойларын, идеяларын, мазмұнын оқушының жеке өмір тәжірибесімен салыстыру (күнделіктің бір бөлігіне Абайдың мейлінше әсер еткен сөздері жазылады, екінші бөлігіне оқушылар оған өздерінің көзқарастарын, пікірін, ойын жазады, түсіндірмелер жасайды); – құндылықтарға бағдарлану шеберханасы. Мұнда өмірлік мәні аса күшті мәтіндермен табысу, жекелеген қызғылықты адамдармен кездесу ұйымдастырылып, сұрақ-жауап жүргізіл еді, шығармашылық, жақсылыққа деген құштарлық, өзін және өзгені жаңаша түсіну жүзеге асырылады; – «Философиялық стол». Мұнда мұғалім алдын ала Абай шығармалары бойынша аса қажет деген сұрақтар дайындап, оқушыларға ұсынады. Балалар оларға жауапты Абай шығармаларынан іздеп табады. Мысалы, «Адамға ар -ұят керек пе?» деген сияқты философиялық мән ді әрі ойландырғыш сұрақтар қойылады. Жауапты оқушылар Абай сөзімен береді, өзі оған толықтырулар, түзетпелер, қоштаулар қосуы мүмкін. Мұғалім шебер түрде оқушының жеке пікірімен тез арада байланыс орнатып, қолдау көрсетеді және өз сөзін айтуға батпай отырғандарды сөзге тартады. «Философиялық стол» сабағы өтетін бөлме арнайы түрде ұсынылатын мәтіндерге лайық суреттермен, портреттермен безендіріледі, столдар д өңгеленіп орн аласады, тәжірибелі мұғалімдер, ата-аналар, қайраткерлер, белгілі ақын -жазушылар шақырылады. Оқушылардың өз бетінше талдау, талқылау барысында өмірдің мәні туралы сұрпақтарға жауап іздеуге ынталары артады. «Философиялық стол» сабақтары «Абайтану» курсында қол жететін нәтиже көрсеткіші рөлін де атқара алады. Абай шығармаларының мәнін ақындық көзқараспен оқушының диалогқа түсіп, пікірлесуі арқылы көрсетіп отыру тәсілін қолдану аса қолайлы. Абай шығармалары негізінде оқушылар тұлғалық, ұлттық, бүкіладамзаттық құндылықтарды анықтау, олар туралы пікірлесу, оларды сақтау және дамыту, өз бойларына дарыту, өзгелер бойынан танып құрметтеу күйін, танымдық-тәрбиелік-дамытушылық мәнін сезінуді, түсінуді бастан кешіп, өткереді. − Іскерлік ойындар да та ңдау курсында өзінің тартымдылығымен, дамытушылығымен ерекшеленеді. Жағдаяттық және рөлдік ойындарды өзара үйлестіру жолымен «Альманах» ойынын ұйымдастырып отыру қызғылықты. Авторлар, редакторлар, бас редакторлар бірлесіп о қушы лар шығармашылығымен (Абайтану бойынша) ауызша альманах құрастырады. Сол сияқты видеокино түсіру де «Абайтануға» қызығушылықты арттырады («Абай – өз сөзімен», «Абай – оқушы көзімен» т.б. тақырыптар). 40 − Адамгершілік сабақтары да таңдау курсындағы негізгі жұмы стардың бірінен саналады, Абай к өтерген адамгершілік проблемаларына көзқарас, олардың қазіргі көріністері сияқты мәселелер талдауға арқау болады. Оқушылар өз пікірлерін Абай сөздеріне сілтеме жасау жолымен бекітуге, керісінше Абай сөзінің мағынасынан өз пі кірін туындатуға т.б. ой -сезім, тіл әрекеттерін орындайды [37]. 4

«Абайтану» курсы бойынша үлгілік сабақ жоспары Астана қаласы №8 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Әбуева Шолпан Бәкірқызы – республикаға белгілі шығармашыл ұстаз. Әсіресе, Абай мұраларын мектепте оқыту мәселесі бойынша ұзақ жылдардан бері тынымсыз еңбек етіп келеді. Соның нәтижесінде 2010 жылы Жапонияның Токио қаласындағы Obun Publishinq баспасынан «Абайтану әліппесі» аудио оқу-әдістемелік кешен шығарылды /М.Мырзахметов, К.Керімбайұлы, Ш.Б.Әбуева/. Сонымен қатар қазіргі таңда Астана қаласы мектептерінде қолданылып жүрген 5-8-сыныптарға арналған «Абайтану» курсының бағдарламасы мен әдістемелік құралдары да ұстаз еңбегінің жемісі. «Абайтану әліппесі» аудио оқу кешенінің модульдері 4-кесте - Оқу кешенінің модульдері «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (Абай) Ақын өлеңдері үшін алынған атау «...кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын...» (Абай) Ақын қарасөздері үшін алынған атау Реті Модульдер Модульдердің мәні Көркем шығарманың мазмұнын меңгеру модульдері І Мазмұн мен мағына Ақын шығармасында айтылған ойды мұқият тыңдау:  шығармада баяндалған оқиғаларды көз алдына елестету;  көріністерді өз сөздерімен еркін баяндау;  шығарма мазмұнын қайталап оқу арқылы толық меңгеру.  ІІ Абай тілінің сөздігі Абай шығармаларында кездескен өздері үшін беймәлім сөздердің мағынасын түсіну үшін «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» арқылы жұмыс істеп, ол сөздің қыры мен сырын түсіну. «Абай тілінің сөздігін» жасау. 41 4-кестенің жалғасы ІІІ «Абайды оқы, ерінбе» (С. Торайғыров) Ұсынылып отырған



Абай шығармаларының мазмұны мен мағынасын шығармадан алынған тірек сөздер арқылы қайталап оқып меңгеру, шығарманың мазмұнын есте сақтауға, жаттауға дағдылану. Көркем шығарманы талдау, зерттеу, тану модульдері ІV Абайды оқы, таңырқа» (С. Торайғыров) 1. Құнды сөз Абай тіліндегі көркем сөз айшықтарын тауып, ақынның сөз саптауының ерекшеліктерімен танысу, ақынның қазақтың әдеби тілінің дамуына қосқан үлесін тану. (Әдебиет теориясы: өлеңнің тілі, композициялық құрылысы, образ, стиль, т,б,) 2. Құнарлы ой Шығармадағы Абайдың оқырманның көңілінде сараланып, екшеліп қалған ойлы, тұшымды, ұтымды, құнарлы ой оралымдарын табу, олардың мән-мағынасын танып-білу, талдау, зерттеу. V Зерде 1. Жинақтау Шығарманың тақырыбын, идеясын ашу, көркем туындыдағы кейіпкердің қасиеттерін немесе ақын негізге алып отырған құбылыстың өзіне тән белгілерін сипаттау, талдау, жинақтау. 2. Ой үндестігі, салыстыру Талданып отырған шығарманың негізгі көтерген мәселесін, идеясын, ақын көзқарасын ақынның басқа шығармаларымен салыстыра отырып, олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, ой үндестігін табу. 3. Абайдың сөзден салған суреті Өздері оқып, танып, меңгерген шығармадағы Абайдың ақыл-нақылға айналған, оқырманның көңілінде сараланып, екшеленіп қалған ой оралымдарын теріп жазу. 4. Өлең құрылысындағы Абай өрнегі Абай өлеңдерінің құрылысына: буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас бойынша талдау жасау, өлеңге анықтама жазу. (Әдебиет теориясы бойынша жұмыс) 42 4-кестенің жалғасы VІ Таразы Абай шығармаларын оқып, танып, талдап жинақтаған білімдерін таразыға салып, сынақ жұмысын тапсыру. Шығармашылық жұмыс модульдері VІІ Еркін ойлау: «Айтарым бар» Абай шығармаларымен танысу, меңгеру барысында көңілдеріне ұялаған, өздеріне ой салған мәселелер бойынша өз көзқарастарын ашық, еркін айтып, өзара пікір алмасу. VІІІ Еркін жазу: «Жазғым келгені...» Абай шығармасынан алған әсері мен сезімдерін еркін білдіру мақсатында ойтолғау, эссе, шығарма, өлең, әңгіме т.б. жазу. ІХ Қылқалам Абай шығармаларынан жадында ерекше әсер қалдырған, санасына өзгеше ой салған, көңілінде айрықша қалған көріністер бойынша сурет салу. Х Алтын сандық  Әр тақырып бойынша түсініктер мен қосымша мәліметтер беріледі: шығарма туралы түсініктер, жазылу, жинақталу тарихы, текстологиясы т.б.  Әдебиет теориясынан түсініктер беріледі (теңеу, эпитет, метафора, метонимия, аллегория, кейіптеу, т.б).  Өлеңдері, аудармалары, поэмалары, қарасөздері туралы қосымша мәліметтер, деректер мен дәйектер, т.б. ХІ Қоржын Тақырып бойынша орындаған тапсырмаларын, өздерінің берген жауаптарын, жазба жұмыстары мен салған суреттерін жинақтап, қоржынға салып отыру. Әдістемелік құрал мазмұнына сәйкес Ш.Б.Әбуева әзірлеген «Абайтану» курсының үлгілік сабақ жоспары ұсынылып отыр. Сабақ жоспарымен бірге оқушыларға арналған тапсырмалар мен қосымша мәліметтер «Тапсырмалар жүйесі» және «Алтын сандық» айдарларымен берілген. Сыныбы: ХІ Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Толық адам» философиясы, «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Абайдың «Толық адам» философиясы , «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі бойынша жаңа білім беру 43 2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, қабылдай білу, талдау, зерттеу, зерделеу, тану, пікір айту, пікір жазу, еркін ойлау, еркін сөйлеу, еркін жазу дағдыларын дамыту 3. Тәрбиелік:Қазақ халқының ұлы ақыны Абай мұраларын қадірлей білуге, өздері танып, өзгеге таныта білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: «Абайтану әліппесінің» модульдері, тапсырмалар жүйесі Сабақтың көрнекілігі: Абайтану мен Абай шығармашылығына байланысты қосымша мәліметтер мен деректер, Абайтану модульдерінің кестелері Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих Сабақтың барысы: Өткен тақырыпты тексеру жоспары: Абайдың «Толық адам» философиясы: − - Абайдың толық адам туралы ойы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алатындығы; - өлеңнің адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделуі; − еңбектері негізінде түсінік айту. Жаңа сабақтың жоспары: 1. Абай шығармасын түсіну, меңгеру модульдерінің; 2. Абай шығармаларын талдау, зерттеу, зерделеу, тану модульдерінің тапсырмалар жүйесі бойынша жұмыс істеу. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін... (Абай) «Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» өлеңі Өлең мәнерлеп оқылады немесе аудио дискіден тыңдалады. Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, Бұл – қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек. Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол – үшеуінің жөнін білмек. 44 Тапсырмалар жүйесі І Мазмұн мен мағына Тапсырма: Ақын шығармасында айтылған ойды мұқият тыңдау: Өлеңде баяндалған оқиғаларды көз алдына елестетіңіз; Көріністерді өз сөзіңізбен еркін баяндаңыз;  Жоғарыдағы тапсырмаларды орындау арқылы өлең мазмұнын толық меңгеріп алыңыз. ІІ Абай тілінің сөздігі 5-кесте - Абай тілінің сөздігі Әуелде Тоқтаулы (Тоқтаулылық) Толық Жарытып (жарытпайды) Ұста Жарымес Әлек Тапсырма:  Өлеңдегі (қарасөздегі) мағынасы өзіңізге беймәлім, түсініксіз сөздерді Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен тауып, мағынасын біліп алыңыз;  Сөздердің мәнін ашыңыз, өзіңіздің сөздік қорыңызға қосып қойыңыз. Ескерту: Өлең (қарасөз) мәтінінде тағы да мағынасы түсініксіз, қиын сөздер кездессе, сөздікті әрі қарай жалғастырыңыз. ІІІ «Абайды оқы, ерінбе» 6-кесте -Тірек сөздер: - суық мұз - жылытқан - шыдамдылық - қайраттан - жүректі - елден бөлек - жарытпайды - жол да жоқ - ашу да жоқ - қылады әлек - күні жоқ - үшеуінің Тапсырма:  Берілген тірек сөздердің өлеңдегі орнын тауып қойыңыз,  Өлең мәтінін қайта қарап пысықтаңыз, есіңізде сақтаңыз,  Өлеңді жаттап алуға дағдыланыңыз. 45 ІV «Абайды оқы, таңырқа» 7-кесте - 1. Құнды сөз Көркем эпитеттер: 1. 2. 3. 4. Кейіптеу: 1. 2. 3. Тапсырма: Өлеңдегі Абай тілінің көркем айшықтарын - кейіптеулер мен көркем эпитеттерді тауып, олардың мағынасын есіңізде сақтаңыз; Көркем айшықты сөздерді өзіңіздің сөздік қорыңызға қосып қойыңыз. 8-кесте - 2. Құнарлы ой 1. 2. 3. 4. 5. Тапсырма: Абайдың өлеңдегі айшықты, көркем сипатты, құнарлы ойлары мен тұшымды тіркестерін, өлең жолдарын тауып, теріп жазыңыз;  Мағынасын түсініп, есіңізде сақтаңыз. V Зерде 9-кесте - 1. Ойды жүйелеу Тапсырма: «Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» өлеңі бойынша төмендегіше ой жүйелеңіз:  Өлең мазмұнындағы ой жүйесі;  Өлеңнің тақырыбы;  Өлеңнің идеясы; «Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» өлеңі 1. Өлең мазмұнындағы ой жүйесі: 2. Өлеңнің тақырыбы: 3. Өлеңнің идеясы: 4. Өлеңдегі түйін сөз: 46  Өлеңдегі түйін сөз. 2. Жинақтау Қайраттың белгілері Ақылдың белгілері Жүректің белгілері 1-сурет – қайрат пен ақылдың белгілері Тапсырма: Өлеңдегі қайрат, ақыл, жүректің өзіне тән белгілері мен қасиеттерін жинақтап көрсетіңіз: Қайрат, ақыл, жүректің өзіне тән белгілері мен қасиеттерін сөздік арқылы кеңейтіңіз; «Толық адамның» қасиеттерін есте сақтаңыз, өмір жолыңызда бағдаршамға айналдыруға тырысыңыз. 3. Салыстырмалы талдау Ой үндестігі Қайрат Ақыл Жүрек Түйін. Қайрат Жүрек 1. 2. 3. 4. 5. 6. Ақыл 1. 2. 3. 4. 5. 1. 2. 3. 4. 5. Ортақ тақырып 47 2-сурет – Қайрат, ақыл, жүректегі ортақ тақырып Тапсырма: Үш сөздің адамға қатысты сипаты мен әрекетін жазыңыз; Кесте бойынша үшеуіне ортақ тақырыпты анықтаңыз. 4. Салыстырмалы талдау Ой үндестігі «Малға достың мұңы жоқ «Әуелде бір суық мұз – Он жетінші малдан басқа» өлеңі ақыл зерек» өлеңі қарасөзі Түйін. 3-сурет – Абайдың ой тұжырымы Тапсырма: − Үш шығарманың мазмұнын есіңізге түсіре отырып, ақынның әр шығармасындағы ой тұжырымдарын дәл тауып жазыңыз; − Абайдың ой тұжырымдары арқылы өз ойыңызды түйіндеңіз. 5. Абайдың сөзден салған суреті 10-кесте - Абайдың сөзден салған суреті 1. 2. 3. Тапсырма: − Өлеңдегі Абайдың ақыл-нақылға айналған, оқырманның көңілінде сараланып, екшеленіп қалған ой оралымдарын теріп жазыңыз; − Олардың мән-мағынасын түсініп, есте сақтаңыз. 6. Өлең құрылысындағы Абай өрнегі 11-кесте - Өлең құрылысындағы Абай өрнегі «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі 1. Әр тармақтағы буын саны2. Әр тармақтағы бунақ саны - 3. Әр шумақтағы тармақ саны - Абайдың ой тұжырымы 48 4. Өлеңдегі шумақ саны - 5. Ұйқасы – 6. Өлеңге анықтама: Тапсырма:  Кесте бойынша өлеңнің құрылысына талдау жасаңыз;  Өлеңге анықтама жазыңыз. Дәптермен жұмыс: Абайдың «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» өлеңі бойынша меңгеру, талдау модульдері бойынша тапсырмаларды орындау. Тапсырма беру, оны орындау жолдарын түсіндіру: І Абайдың «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» өлеңі бойынша шығармашылық жұмыс модульдерінің тапсырмаларын орындау: VІІ Еркін ойлау – «Айтарым бар...» Тапсырма: − Өлеңдегі ақынның «Толық адам» туралы ой түйініне орай Абай шығармаларындағы адам және оның қасиеттері туралы пікірлері мен ойларын жүйелеңіз; − Осы мәселеге қатысты өз замандастарыңыздың ... көзқарасы, ойы жайлы еркін ой толғаңыз, ашық пікір айтыңыз. VІІІ Еркін жазу – «Жазғым келгені...» Тапсырма:  Екі өлең мен қарасөздегі ақын ойларына орай өз көңіліңізде де пайда болған ойларыңыз мен сезімдеріңізді ой елегінен өткізіңіз;  «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті» деген тақырыпта қалауыңыз бойынша ой толғау, шығарма, өлең, эссе жазыңыз. ІХ Қылқалам Тапсырма:  Өлеңдер мен қарасөзден алған әсеріңіз бойынша қылқаламның көмегімен суреттер салыңыз;  Салған суреттеріңізге ат қойыңыз, себебін түсіндіріңіз. 49 Х Алтын сандық Тапсырма:  Ақынның «Толық адам» философиясы бойынша берілген түсініктер мен қосымша мәліметтерді оқып, біліп алыңыз;  Берілген тапсырмалардың, сынақ жұмысының жауаптары арқылы өз біліміңізді тексеріңіз. ХІ Қоржын Тапсырма: Қоржынға:  өзіңіз орындаған тапсырмалардың жауаптарын;  жазба жұмыстарыңызды;  салған суреттеріңізді жинақтап салыңыз. ІІ Абайдың «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі бойынша «Алтын сандықта» берілген түсінік, қосымша мәліметтер мен деректерді оқып, түсініп алу: ІІІ Абайдың «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі бойынша сынақ жұмысына дайындалу. Қолданылған әдебиеттер: М. Мырзахметов, «Абай» зерттеуі: «Абайдың толық адам философиясы» бөлімі М.Мырзахметов, К.Керімбайұлы, Ш.Б.Әбуева, 2010 жылы Жапонияның Токио қаласындағы Obun Publishinq баспасынан жарық көрген «Абайтану әліппесі» атты аудио оқу-әдістемелік кешен. Алтын сандық Абайдың толық адам туралы ілімі Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі Қосымша мәлімет. Өлең 1889 жылы жазылған. «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінің мәтіні 1909 – 1957 жылғы жинақтар мен Мүрсейіт қолжазбаларының (1905, 1907, 1910) бойынша басылды. Түсінік. «Жас қазақ» газеті М. Мырзахметов, Абай «...Абай адамгершілікті моральдық философияда барлық жайдан жоғары қояды». М.Әуезов Абайдың толық адам туралы ілімі Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» (1886) өлеңінен бастау алып, жыл өткен сайын қоюлана, күрделене түсетіні бар. Гуманист атаулы ғалымдардың бәрі де бұл дүниедегі асылдың асылы, ең бағалысы адам деп қарайды. Сол адамның бойындағы қалыптасатын 50 мінез-құлықтың ең басты сипаты неден тұрмақ деген сұраққа әр заман ойшылдары өзі жасаған заман талабына орай жауап беруге ұмтылған. Бұған исламият әлемінде, әсіресе, Түркістан өлкесінде бұл өзекті мәселеге Әл Фараби бастаған XI ғасырдағы Жүсіп Қас Хаджиб, XII-XIII ғасырлардағы Ясауи, Ш.Табризи (Тарази), Ж.Руми жалғастырған жәуанмәртлік, хал ілімі, камили инсани жайындағы ой-толғаныстары танымдары өз үлестерін қосып жатты. Ал XIX ғасырдың екінші жартысында Абай бұл мәселеге айрықша назар аударып, өзіне дейінгі ойшылдар дәстүрін жалғастырып дамытып, толық адам туралы ілімнің негізін салса, XX ғасыр басында өз шәкірті Шәкәрім ар ғылым арқылы жалғастыра дамытты. Адам болу туралы ой танымын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті М.Әуезов ол өлеңді «Абайдың, әсіресе, көп ой қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңі», - деп ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Абайдың: Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз, - деп, адам бойындағы мінез-құлқындағы қарама-қарсы ұғымдардың сырын 7-қарасөзінде айтылатын «жанның тамағы» дейтін пәлсапалық мағынасы бар ұғыммен салыстыра отырып сырын ашсақ, көп мәселенің тамырын дөп басамыз. Осы өлеңде ерекше мән бере аталатын Шығыстың озық ойлы Ғұламаһи Дауанидің (XV ғ.) атақты шәкірті Жүсіп Қарабағи (XVIII ғ.) «Рисаласында» «жанның азығы» деген ұғымды еске (память) байланысты қарап талдайтыны бар. Автор «жанның азығы» (духовная пища) деген ұғымды екіге бөліп: бірінші жанның пайдалы азы ғы (шын сенім, жомарттық, ғылыми түсінік) екіншісі - жанның зиянды азығы (күншілдік, жалған сенім) деп атайды. Абай танымындағы «жанның тамағы» да жан қуаты арқылы біртіндеп қорланатын рухани байлықты меңзейді. Өйткені, Абай: «...Құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп көрсетуі арқылы әрбір талапкер жас өзінің дүниетанымының қалыптасу жолында жанның пайдалы тамағымен сусындауға саналы түрде бет бұрса ғана толық адам жолына түсе алмақ, болмаса жоқ. Ақынның «бес нәрседен қашық бол» деп таңбалап отырғаны адамды аздыратын жанның зиянды тамақтары болып шығады. Адам болу туралы ойлар, әсіресе, ақынның қарасөздерінде молырақ таратылған. Ондағы «адам болу, адам, жарым адам, толы қ адам, адамның адамдығы, адамшылық, адамшылығының кәмалаттығы, пенделіктің кәмалаттығы, инсанияттың кәмаләттығы т. б. терминдік мәні бар сөздердің бәрі де толық адам жайлы пікірлерімен сабақтасып жатады. Қосымша мәлімет. Әдебиет теориясы. Эпитет. 51 Айқындау, яғни эпитет (грекше epitheton – қосымша) - заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. ...Эпитетті тыңнан табу, жаңадан жасау суреткер тіліне жаңа рең, жас ажар береді. Эпитет өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етеді. Мысалы: Көктемнің балғын кезі еді, Әнші құс көкте ағылған. Жемнің де жасыл өзегі Көгілдір мұнар жамылған. (Сағи Жиенбаев) Зейнолла Қабдолов, Сөз өнері (Әдебиет теориясының негіздері) «Мектеп» баспасы, Алматы, 1976, 224-227-беттер. Қосымша мәлімет. Әдебиет теорияясы. Кейіптеу. «Жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелген құбылтудың (троптың(мұндай түрі – кейіптеу (грекшеprospopeia, орысша олицетворение). Абайдың Лермонтовтан аударған «Теректің сыйы» деген өлеңіндегі бейнелеу тәсілі – түп-түгел кейіптеу. Асау теректің долдануы, буырқануы, бұйра толқынның айдаһардай бүктелуі, Кавказдан азан-қазан, у-шу арқырап шыға бере қалың қайратын бойына жасырып, беті күле момынси қалуы- бәрі де өзен емес, адам мінезіне ұқсайды». З. Қабдолов «Сөз өнері» (Әдебиет теориясының негіздері), 232-бет. «Мектеп» баспасы, Алматы, 1976 Қосымша мәлімет. «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінің мәтіні 1909 – 1957 жылғы жинақтар мен Мүрсейіт қолжазбаларының (1905, 1907, 1910) бойынша басылды. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін... (Абай) «Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» өлеңі Өлең мәнерлеп оқылады немесе аудио дискіден тыңдалады. Тапсырмалар жүйесі ІІ Абай тілінің сөздігі 12-кесте - Абай тілінің сөздігі Әуелде Басында, әдепкіде Зерек Алғыр, зейінді, ұғымтал 52 Тоқтаулы (Тоқтаулылық) Әр нәрсеге ақыл-парасатпен қарайтын, байыпты, салиқалы 12-кестенің жалғасы Толық І 1. Кем емес, түгел, тұтас. 2. Толы, толған. ІІ 1. Үстемелеп қосылу, олая түсу. 2. Ет алу, семіру. Жарытып (жарытпайды) Ұқсатып, мандытып. Бұл жерде етістік болымсыз түрде, ІІІ жақта қолданылған. Ұста І 1. Темірден, ағаштан неше түрлі бұйым жасап шығаратын шебер адам. 2. Ауысп. Өнерлі, майталман, тілмар. ІІ 1. Бір нәрсені қолмен қармап тұту. 2. Бір затты бір жерге тұту, құру. 3. Бір затты қажетке жарату, кәдеге асыру, пайдалану. Жарымес Есуас, есерсоқ, есалаң. Әлек 1. Әбігер, әуре. 2. Сергелдең, дүрбелең, әуре-сарсаң. ІІІ «Абайды оқы, ерінбе» 13-кесте – Тірек сөздер: − суық мұз − жылытқан − шыдамдылық − қайраттан − жүректі − - елден бөлек - жарытпайды - жол да жоқ - ашу да жоқ - қылады әлек - күні жоқ - үшеуінің ІV «Абайды оқы, таңырқа» 14-кесте – 1. Құнды сөз Көркем эпитеттер: 1. суық мұз ақыл 2. зерек ақыл 3. ыстық жүрек 4. тұла бойды жылытқан жүрек Кейіптеу: 1. жеке-жеке біреуі жарытпайды 53 2. тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек 3. біреуінің күні жоқ біреуінсіз 15-кесте – 2. Құнарлы ой 1. Суық мұз – зерек ақыл 2. Жылытқан тұра бойды ыстық жүрек 3. Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық Бұл қайраттан шығады, білсең керек. 4. Жарыместі жол да жоқ «жақсы» демек 5. Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек V Зерде 16-кесте - 1. Ойды жүйелеу 2. Жинақтау Қайраттың белгілері Ақылдың белгілері «Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» өлеңі 1. Өлең мазмұнындағы ой жүйесі:  Абай ақыл, жүрек, қайраттың әрқайсысының ерекшеліктерін анықтап көрсетеді;  Олардың адам баласы үшін пайдасын айқындайды;  Үшеуінің бір-бірінсіз күні жоқтығын, жеке-жеке ешкімді жарытпайтынын ескертеді;  Үшеуін бірдей ұстағанда ғана адамның елден ерек толық адам бола алатынын сипаттайды;  «Сол үшеуінің жөнін білу – ғылым» деген ой түйінін жасайды. 2. Өлеңнің тақырыбы: Толық адам болу үшін адамға қажет қасиеттер 3. Өлеңнің идеясы: Ақыл, жүрек, қайратты бірдей, бірлікте ұстап. елден бөлек толық адам болуға, «толық адам» ғылымын меңгеруге үндеу. Қайрат 1. ыстық 2. талаптылық 3. шыдамдылық 4. тоқтаулылық 5. байыпты 6. сабырлы Ақыл 1. зерек 2. алғыр 3. зейінді 4. ұғымтал 5. суық мұз 54 Жүректің белгілері 4-сурет – Қайрат, ақыл, жүрек белгілері 3. Салыстырмалы талдау Ой үндестігі 4-сурет – Толық адам Қайрат Ақыл Жүрек адамды талаптандырады, ыстық жүрек тұла бойды қандай нәрсеге де тоқтау жылытады, әр нәрсеге , қоя алады, шыдамды, ұмтылдырады, тынымсыз төзімді болуға үйретеді. тулап, қайнап әлек қылады. Суық мұздай ақыл адамды сабырлылыққа, зеректікке, зейінділікке, алғырлыққа, білім-ғылымға бастайды. Түйін. 4. Салыстырмалы талдау Ой үндестігі «Малға достың мұңы жоқ «Әуелде бір суық мұз – Он жетінші малдан басқа» өлеңі ақыл зерек» өлеңі қарасөзі Үш-ақ нәрсе адамның «Үшеуің басыңды қос, қасиеті: бәрін жүрекке билет... ыстық қайрат, Үшеуің ала болсаң, Толық адамның Жүрек 1. жылы 2. ыстық 3. тулаған 4. қайнаған 5. әлекшіл Абайдың ой тұжырымы 55 нұрлы ақыл, мен жүректі жақтадым...» жылы жүрек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек. Түйін. 4-сурет – Абайдың ой тұжырымы 4. Салыстырмалы талдау Ой үндестігі 5-сурет - Толық адам болу жолдары «Малға достың мұңы жоқ «Әуелде бір суық мұз – «Он жетінші сөз» малдан басқа» өлеңі ақыл зерек» өлеңі Үш-ақ нәрсе адамның Үшеуің басыңды қос, қасиеті: бәрін жүрекке билет... ыстық қайрат, Үшеуің ала болсаң, нұрлы ақыл, мен жүректі жақтадым... жылы жүрек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек. Түйін. 17-кесте - 5. Абайдың сөзден салған суреті 1. Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек. 2. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек. 3. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол – үшеуінің жөнін білмек. Толық адам болу жолдары 56 18-кесте -6. Өлең құрылысындағы Абай өрнегі «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі 1. Әр тармақтағы буын саны – 11 2. Әр тармақтағы бунақ саны - 3 3. Әр шумақтағы тармақ саны - 4 4. Өлеңдегі шумақ саны - 3 5. Ұйқасы – А А В А (қара өлең ұйқасы ) 6. Өлеңге анықтама: Әр тармағы 11 буыннан, 3 бунақтан тұратын, әр шумағы 4 тармақтан құралған қара өлең ұйқасымен жазылған 3 шумақты өлең VІ Таразы Сынақ тапсырмасы (Сынақ тапсырмаларының бір немесе бірнеше жауаптары бар) 1. Қандай адамның малдан басқа мұңы жоқ екенін табыңыз. 1) жанға дос адамның 2) адамға дос адамның 3) малға дос адамның 4) байлыққа дос адамның 5) досқа дос адамның 6) сараңдыққа дос адамның 7) мақтаншақ адамның 8) табысына табынған адамның 2. «Бір суық мұздың» не екенін анықтаңыз. 1) адам зерек 2) ақыл зерек 3) сана зерек 4) дана зерек 5) бала зерек 6) қайрат зерек 7) ғылым зерек 8) білім зерек 3. Тұла бойды жылытатынның не екекнін анықтаңыз. 1) ыстық қайрат 57 2) нұрлы ақыл 3) жылы жүрек 4) әсем күлкі 5) ақылды сөз 6) ыстық жүрек 7) күн шуағы 8) жылы сөз 4. Өлеңдегі қайраттың іс-әрекетін анықтаңыз. 1) тоқтаулылық, талапты шыдамдылық 2) ерен ерлік 3) көзсіз батырлық 4) күш-қуат бірлігі 5) күш-жігер көрінісі 6) алып күш қуаты 7) толағай күш 8) орасан қуат 5. Өлеңде жарыместе не жоқ делінгенін белгілеңіз. 1) ақыл, ашу, әзіл 2) ақыл, білім, білік 3) ақыл, парасат, білім 4) ақыл, ашу, күлкі 5) ақыл, күлкі, әзіл 6) ақыл-ес 7) ақыл, сыпайылық 8) ақыл - парасат 6. Өлеңде жүректің қандай әлек қылатынын анықтаңыз. 1) күледі, рақаттанады 2) ренжиді, өкпелейді 3) қуанады, мәз болады 4) жұлқынады, бұлқынады 5) тулайды, қайнайды 6) тулайды. тасиды 7) тулайды, төгіледі 8) асып-тасиды 7. Адамның қай кезде толық болатынын табыңыз. 1) ақыл, қуат, мейірімділікті бірдей ұстағанда 2) ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстағанда 3) ақыл, қайрат, сабырлылықты бірдей ұстағанда 4) ақыл, сезім, білімді бірдей ұстағанда 5) ақыл, парасат, білімді бірдей ұстағанда 58 6) ақыл, білім, қайратты бірдей ұстағанда 7) ақыл, тәрбие, өнегені бірдей ұстағанда 8) ақыл, білім, ғылымды бірдей ұстағанда 8. Малға дос адамның малды не үшін жиятынын анықтаңыз. 1) байлығына мастану, риза болу. 2) табысына табынып, қалтаң қағып. 3) мал жияды мақтанып білдірмекке. 4) табысына көңілі толып, мақтану үшін. 5) табысын міндетсіну, басқаларды менсінбеу. 6) малының көптігіне сүйену үшін. 7) көзге шұқып малменен күйдірмекке. 8) сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке 9. Малға дос адамның мінез-құлқын көрсетіңдер. 1) малының көптігін көрсету үшін. 2) мақтанышын білдіру үшін. 3) алуға келгенде алдамасқа шара жоқ. 4) тойғанынан қалғанын алашқа берсе жетеді. 5) өзі шошқа болған соң, басқаларды ит деп ойлайды. 6) сорпа-сумен, сүйекпен басқаларды алдай салу 7) малсыздарды көзіне ілмейді. 8) малының арқасында өзін ең ардақты адам деп ойлайды 10. Мал жияды мақтанып білдірмекке, --------------------------------------------- . Өлеңнің екінші тармағын табыңыз. 1) «Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар» 2) «Сорпа-сумен, сүйекпен күйдірмекке» 3) « Көзге шұқып, малменен күйдірмекке» 4) «Ақылды деп, арлы деп, ақ бейіл деп» 5) «Тойғанынан қалғанын берсе алашқа» 6) «Мақтамайды бұл күнде ешкімді көп» 7) «Алтын алсаң береді боғынан жеп» 8) «Осы күнде мал қайда, боқ ішінде» 11. Абайдың зерек болсаң нені ойлау керектігін айтқанын табыңыз. 1) бұл күнде ешкімді ақылына қарап бағаламайтынын 2) еңбекті сатсаң да, арды сатпауды 3) біреуден пайда түсерде еш нәрседен тайынбауды 4) басқаларды ит деп ойлауды 5) осы күнгі малдың иесінің парықсыздығын 6) өзіңде ғана байлық болуын 7) өзіңді басқалардан әрқашан жоғары ұстауды 8) бай болудың амалдарын игеруді 59 12. Абайдың бұл күнде қандай адамды мақтамайды дегенін белгілеңдер. 1) білімді, ақылды, парасатты 2) білімді, сабырлы, кең пейіл 3) ақылды, парасатты, байсалды 4) ақылды, арлы, ақ бейіл 5) ақылды, ғалым, білімді 6) жақсы, иманды, кішіпейіл 7) жақсы, ақылды, сабырлы 8) жақсы, парасатты, миманды 13. Абайдың адамның үш қасиеті деп атап көрсеткен қасиеттерін табыңдар. 1) таза ой 2) ыстық қайрат 3) дұрыс ақыл 4) сезімтал жүрек 5) нұрлы ақыл 6) адал көңіл 7) ынтық сезім 8) жылы жүрек 14. Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек, ------------------------------------------------. Өлеңнің келесі тармағын табыңыз. 1) «Мал жияды мақтанып білдірмекке» 8 2) «Сорпа-сумен, сүйекпен күйдірмекке» 3) «Көзге шұқып, малменен күйдірмекке» 4) «Еңбекті сат, ар сатып неге керек?» 5) «Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар» 6) «Еңбекті сат, ар сатып неге керек?» 7) «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» 8) «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:» 15. Абай ыстық жүректің қасиетін қалай сипаттағанын табыңыз. 1) адамның жанын тебірентеді. 2) тұла бойыңды жылытады. 3) адамдарды табыстырады. 4) адамдардың бойына сүйіспеншілік қасиеттерді ұялатады. 5) адамға жек көру сезімін жолатпайды. 6) адамдардың арасында жақсы қарым-қатынасты орнықтырады. 7) сүйген адамыңа сезіміңді жеткізуге көмектеседі. 8) адамдарды сыйластыққа баулиды. 16. Өлеңдегі «Біреунің күні жоқ біреуінсіз» дегендердің нелер екенін 60 анықтаңыз. 1) ыстық қайрат 2) ынтық көңіл 3) нәзік сезім 4) сезімтал жүрек 5) дұрыс ақыл 6) жылы жүрек 7) ынтық сезім 8) нұрлы ақыл 17. «Жол да жоқ жарыместі «--------------» демек» деген өлең тармағындағы белгісіз сөзді нақтылаңыз. 1) жаман 2) әдепсіз 3) ақылды 4) дөрекі 5) жақсы 6) иманды 7) қонақжай 8) кішіпейіл 18. «Әуелде ---------------------- ақыл зерек» деген тармақтағы айтылмай тұрған сөзді табыңыз. 1) бір жылы сөз 2) бір ауыз сөз 3) бір қуаныш 4) бір реніш 5) бір суық сөз 6) бір суық мұз 7) бір жақсы жыр 8) бір көңілді күй 19. -------------------------------------- , Сонда толық боласың елден ерек. Өлең шумағының алғашқы тармағын белгілеңіз. 1) «Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» 2) «Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек» 3) «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» 4) «Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық» 5) «Бұл – қайраттан шығады, білсең керек» 6) «Жеке-жеке біреуі жарытпайды» 7) «Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ» 8) «Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек» 61 20. --------------------------------------- , Аларында шара жоқ алдамасқа. Өлең шумағының алғашқы тармағын белгілеңіз. 8 1) «Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» 2) «Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек» 3) «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» 4) «Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық» 5) «Бұл – қайраттан шығады, білсең керек» 6) «Жеке-жеке біреуі жарытпайды» 7) «Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ» 8) «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» 21. Он жетінші сөзінде Абай қандай айтыс туралы әңгімелегенін белгілеңіз. 1) әке, бала, ата арасындағы 2) ана, бала, келін арасындағы 3) жақсылық, жамандық арасындағы 4) ақыл, қайрат, жүрек арасындағы 5) адам мен жан-жануар арасындағы 6) адамдар мен айуандар арасындағы 7) ақыл, білім, ғылым арасындағы 8) ақылды мен ақымақ арасындағы 22. Үшеуінің кімге келіп жүгінгенін белгілеңіз. 1) адамға 2) ақынға 3) ханға 4) патшаға 5) биге 6) шешенге 7) ғалымға 8) ғылымға 23. «...қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман», - деген сөздің арналған иесін анықтаңыз. 1) батырға 2) балуанға 3) жауынгерге 4) алыпқа 5) күш-жігерге 6) күрескерге 7) қайратқа 8) білегі жуанға 62 24. «...амал да, айла да сенен шығады. Жақсының, жаманның сүйенгені – сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман» деген сөздің арналған иесін анықтаңыз. 1) ғылымға 2) білімге 3) парасатқа 4) ғалымға 5) ғылымға 6) ақылға 7) наданға 8) пасыққа 25. «...сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды...» деген сөздің арналған иесін анықтаңыз. 1) батырға 2) балуанға 3) жауынгерге 4) білегі жуанға 2) балуанға 3) жауынгерге 4) қайратқа 5) күш-жігерге 6) күрескерге 7) алыпқа 8) қайратқа 26. Ғылымның ақыл мен қайратқа айтқан шешімін анықтаңыз. 1) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін патшаға билет» 2) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін адамға билет» 3) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін қайратқа билет» 4) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін ғылымға билет» 5) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет» 6) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін ақылға билет» 7) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін шешенге билет» 8) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін биге билет» 27. «Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар,-----------------». Сөйлемді аяқтаңдар. 1) «табанының топырағын да құрмет тұтатын адам - сол» 2) «табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол» 3) «табанының топырағы да адамдардың бәріне қымбат адам - сол» 4) «табанының топырағына да береке даритын адам - сол» 63 5) «табанының топырағына да ақыл өсіп шығатын адам - сол» 6) «табанының топырағы құнарлы жерге айналатын адам - сол» 7) «табанының топырағы құт әкелетін адам - сол» 8) «табанының топырағының өзі жылылық әкелетін адам - сол» 28. «...әділет, нысап,ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады...» деген сөздің иесін анықтаңыз. 1) ақыл 2) парасат 3) білім 4) ғылым 5) ғалым 6) мейірім 7) қайрат 8) жүрек 29. «Мен адамның денесінің патшасымын» сөздің иесін табыңыз. 1) ақыл 2) парасат 3) білім 4) ғылым 5) ғалым 6) мейірім 7) қайрат 8) жүрек 30. «...қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны – осы» деген сөздің арналған иесін белгілеңіз. 1) қайрат 2) жігер 3) қуат 4) білім 5) ғылым 6) ақыл 7) жүрек 8) қажыр Дұрыс жауабы: 1 - 3 7 - 2 13 - 2,5,8 19 - 3 25 - 8 2 - 2 8 - 3 14 - 3 20 - 8 26 - 5 3 - 6 9 - 2,3,4,5 15 - 2 21 - 4 27 - 2 4 - 1 10 - 2 16 - 1,6,8 22 - 8 28 - 8 5 - 4 11 - 2 17 - 5 23 - 7 29 - 8 6 - 5 12 - 4 18 - 6 24 - 6 30 - 1,6,7 64 Қорытынды Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, уақыт өткен сайын маңызын жоймайтын рухани қазынасы, зерттеудің көзі болып табылады. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғыз ып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы заңдылық. Ақынның мұрат - мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайдың мұрасы – халықтың ең қасиетті қазынасы. Сол қазынаны «Абайтану» курсын оқыту арқылы өскелең ұрпаққа аманаттауды уақыт талап етіп отыр. Өйткені қазақ халқының ой-санасының, дүниетанымының шыңы Абайдың әдеби мұрасында жатыр. Жастардың адамгершілік мінез-құлқын, адами қалпын қалыптастыруда Абайтану ілімінің тәрбиелік маңызы зор. Сол себепті, ең алдымен, Абай мұрасын меңгеру, терең танып білу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр Абайға баратын жол – ұзақ жол. Ол ешқашан таусылмайды. Заман өзгерген сайын, халықтың сана-сезіміне еркіндік самалы есіп, а қыл -есі желпінген сайын ұлы ақынның өлмес мұрасы да жаңа бір қырларынан ашылып, жарқырай түспек. Демек, өз жолында жаңа бір олжалар тауып, тың жемістер теруге ұмт ылу Абайға қарай сапар шеккен әрбір зерттеушінің абыройлы борышы болса керек. Әдістемелік құралда: - қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысына; - қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарына; - Абай шығармаларын оқып-білудің өзектілігіне; - Ақынның қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын танытуға; - Абайтану ғылымының мол мұрасына; - Абай мұраларының педагогикалық құндылығына қатысты ғұмыр ын әлемдік көркем ойлау тарихындағы аса ірі құбылыс – Абай мұра сын терең зерделеу мен насихаттау ға ар нап жүрген ғалымдардың ғылыми -зерттеу еңбектеріне шолу жасалды. Абайтанудың кезеңдері сараланып, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қат ысты өзекті мәселелерге де назар аударылды. Ең бастысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген «Абайтану» курсының оқу бағдарламасын орта мектепте оқытудың ерекшеліктері қарастырылды. Ал, бұл өз кезегінде биылғы оқу жылында орта білім беру жүйесіне алғаш рет енгізіліп отырған курстың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. 65 Сонымен қатар, әдістемелік құралда орта мектепте «Абайтану» курсын оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар, пысықталған үлгілік тақырыптық жоспар мен бірнеше үлгілік сабақ жоспарлары қоса беріліп отыр. Бұл практикалық жұмыстар осы курсты мектептерде жүргізуші мұғалімдерге әдістемелік жағынан көмек ретінде ұсынылады. Абай шығармаларындағы білім, ғ ылым, тәрбие мәселелерін ұлттық тәрбие тұрғысынан қарастырып, оларды бүгінгі күнде жастардың адами қасиеттерін қалыптастырудың кәдесіне жаратуды көздедік. Жалпы алғанда, Абай шығармаларының көркемдік, танымдық, тәрбиелік мәнін жаңа қырларынан қарап, т ерең ашып көрсететін ғылыми еңбектер ғана абайтану ғылымын алға жетелей түспек. Қорыта келгенде, Абай мұрасы еліміздегі білім беру жүйесіндегі өзіндік мәні бар, ағартушылық маңызы зор, педагогикалық идеяларға толы, психологиялық ой-пікірлерге бай т әлімге рлік тағылымы баға жетпес өміршеңдігімен ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұлттық қазынамыз бола берері сөзсіз. Абайдың адам тәрбиесі хақындағы педагогикалық көзқарастары аса үлкен мәнге жетіп, әлі де болашақ ұрпақтың көкірегін оятар демекпіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет