Амалбекова Гульмира Амалбековна Баялиев Улугбек Абдусаматович Тажиев Абдирашид Абдимажитович Маханова Айнур Таджибаевна абай мен əл-фараби



бет6/9
Дата12.06.2020
өлшемі198,25 Kb.
#73290
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
АБАЙ ЖӘНЕ (1) (1)

Әбу Наср әл-Фараби және Абай

Ислам дәуірі әдебиеті мен қазақ ақын-жырау-гары поэзиясы арасындағы көркемдік дәстүр жал-


ғастығын сөз еткенде, мықтап ескеретін бір жәйт

бар. Кез келген халық әдебиетіңдегі дәстүр жалғастығы сол қоғамдағы тарихи жалғастықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Алтарихи жалғастық дегеніміздің өзі, ең алдымен, ақыл-парасат жалғастығы екені белгілі. Мәселен, Әл-Фарабидің философиялық,

әлеуметтік-зтикалық ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшыл қаламгерлердің шығармаларынан өзінің дәстүрлі жалғасты-ғынтапты. Мәселен, Әл-Фараби өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» депаталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «лотенциалды интеллект», «актуальды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект»,«әрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы

айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын,

интеллектің өзі жүре келе, естіп, көріп барып қана дамитынын

ескертеді. Сондай-ақ Әл-Фарабидің «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» атты еңбегіңде адам бойыңдағы жақсы және жаман қасиеттердің бәрі жаратылысынан емес, жүре келе, өзін қоршаған қоғам өміріне сәйкес өзгеріп отыратынын айта келіп, төмендегідей тұжырым жасайды: «Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы бо- лып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға

әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе жаман қылықпен (байланысты) күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, оған қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі (күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады... Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық және интеллектуалдық бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сый-

майды, ол мүмкін емес» (7, 33).


Әл-Фарабидің интеллект жөніндегі осы философиялық ой-тұжы- рымын араға тоғыз ғасырдай уақыт салып барып, қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында Абай Құнанбайұлы зор білгірлікпенжалғастыра түскен сияқты. Абай өзінің «Он тоғызыншы сөзінде»:

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, та-

тып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп балған адам білімді болады. Естілердің сөздерін естіп жүрген кісі өзі деесті болады. Солестілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сондаіске жарайды, сонда адам десе болады», - деп жазады (2, 1/3).

Сондай-ақ Әл-Фарабидің ғылым-білімді меңгерудегі интеллект

рөлі жайындағы философиялық тұжырымын Абай өзінің «Он тоғызыншы сөзінде» мейлінше айқындай түскен. Абай өз ойын: «ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болганша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса,сонда ғана оның аты адам болады», - деп тұжырымдайды (2, 189).

Әл-Фараби өзінің жоғарыда аталған еңбегінде «жан қуаты»

жөнінде қолданған ұғымдар мен термин сөздер сол қалпында Абай қара сөздерінде (7, 17, 27, 38, 43-сөздер) қайталануы кездейсоқ құбылыс емес. Әл-Фараби: «Ақыл-парасат күші - адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деп көрсетеді

(7, 194).


Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарас-

тары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және

«Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек - басты мүше,

мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді.

Бұлда басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес», - дейді (7,

289). Әл-Фарабидің «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» жөніндегі осы

философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші сөзіңде» өзінің логикалық жалғасын тапқан сияқты. Абайдың осы сөзінде «Қайрат»,«Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып,

таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда «ғылым» бұл

үшеуіңнің де айтқандарың рас, үшеуің де қажетсің: «Ей, Қайрат,

сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қатал-дығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсы-лықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соныңжаман», - депті. Бұдан кейін «ғылым» өз шешімін «Ақылға» айтыпты:«Жаратқан тәңіріні де сентанытасың. Жаралған екі дүниенің жайындасен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрісененшығады. Жақсының, жаманның - екеуінің де сүйенгені, сенгені -сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүресің, соның жаман »,- депті.

Бұдан кейін Абай осы үш категория жайында түйін жасап, Әл-

Фарабидің жоғарыда айтылған пікірін өз оқырманының ұғымына лайықтап жеткізеді. Абай «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де «Жүрек-ке» билет, - депұқтырып айтушының аты «ғылым» екен. - Осы үшеуіңбір кісіде менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының топырағы

көзгесүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағалақалпыңа әрдайым қарайды депкітаптың айтқаныосы»,- депті дегенқорытындыға келеді (2,171- 172).
Әл-Фарабидің «қайрат», «ақыл» және «жүрек» жайындағы философиялық ой-пікірлерін Абай өзінің «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңінде де әріойшыл-кеменгер. әрі аса дарыңды сөз зергеші ретінде

оқырманға зор шеберлікпен жеткізген.


Абай ақыл мен қайраттың иесі болған адамды «жарты адам»

дейді. Өйткені ондай адам тек «суық ақыл» мен «жүгенсіз қайраттың» ғана өкілі болып табылады. Ал бойына осы екі қасиетпен

қоса-қабат әділет-шапқат (жүрек) біткен адам ғана «толық адам»,яғни ол енді «нұрлы ақылдың» өкілі деп танылады. Сөйтіп, Абайдың «нұрлы ақыл» жайындағы тұжырымының қайнар-бастаулары Әл-Фарабидің интеллект туралы ілімінде жатқанын аңғару қиын

емес.


Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастарын білдіретін

зерттеулері де баршылық. Олар: «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Ба-қытқа жету жолында» деп аталатынғылыми еңбектері. Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль мәселелеріне ерекше назар ауда-рып отырған. Этиканың зерттеу обьектісі - мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары екенін жан-жақты дәлелдеген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғары категориясы бақыт болып табылады. Сондай-ақ ол адам бойындағы ақыл-парасатты этикалық адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды дегендей пікір айтады. Ақылмен адамгершілік, қайырымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенінтүсіндіреді. Әл-Фарабидің

айтуы бойынша, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үшін, ең алдымен, ол өзіне-өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге мүмкіңдік алады. Әл-Фараби «қандай шебер әдістің жәрдемімен жақсы мінез-құлыққа жететінімізді қарастыруымыз керек» дей келіп, әзіл мен күлкі сияқты құбылыстарға моральдық-этикалық тұрғыдан баға береді.

Қоғамдағы әрбір құбылыс шектен шығып кеткен жағдайда адамға теріс әсер ететіні сияқты адамның мінез-құлқындағы шамадан асып кеткен көріністер деізгі қасиеттерге кері ықпалын тигізеді. Осы пікірін түйіндей келіп, Фараби: «әзілқойлық – әзілді шектен тыс қолданудан болады. Ал әзілдеу оңай болғандықтан, біз соған бейім бола бастаймыз. Енді бізге қалғаны бір шеткеріліктен екінші шеткерілікке немесе орташа мөлшерге ауысуды жеңілдету үшін қандай амалдар бар екенін білу» деп жазады (7, 25). Әл-

Фарабидің осы моральдық-этикалық тұжырымын Абай өзінің

«Төртінші сөзінде» жалғастыра түседі: «Күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіпотырса керек» (2, 162).

Егеменді ел мүддесі тұрғысына сай жаңа адамды қалыптастыруға жалпы бастау болар тәрбиенің көзі Абайдан табылады. Абай мұрасын оқытуда өркениетке бет бұрған қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылары осы заман талабымен жаңаша пайымдап, қайта ой сарасынан өткізуді талап етеді. Абайдың адам тұлғасын қалыптастыруға негіз боларлық ғибрат сөздері ұрпақ тәрбиесіне ат салысам дегендердің тілегімен тікелей қабысып жатыр.

Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне жауаптылардың көпіртіп айтар уағыздан арылған тұста олқылықтың орнын толтырар асыл сөз бен ақыл сөз де Абайда екені анық. Абайдың тұлға қалыптастыруға қатысты айтқан сөздері – бүгінгіге де, болашаққа да бағдарлама. Олай болса, Абай ғибратын ұрпақ бойына сіңіру, оның шығармаларындағы мазмұнды оқушы өміріне азық етерлік деңгейге көтеру – өзекті мәселе.

Адамның әлеуметтік белсенділігі, оның қоғамдық қатынасы күрделеніп, оның қоғамдағы әлеуметтік мәні де өзгеруде. Мұның бәрі ұрпақ тәрбиесінің мазмұны және әдісі жағынан да өзгеруін қалайды.

Абай шығармаларын орта буын оқушыларына оқыту арқылы жаңа қоғамның жаңа адамына керекті қасиет қалыптастыру жолын, оны мектептегі сабақ жүйесінде іске асыру әдістемесі көрсетеді.

Ал оқу - тәрбие процесінде Абай шығармаларын нәтижелі өтудің бір кепілі – мұғалімнің әдебиеттану, педагогика, психология ғылымдарын терең меңгеріп, әр сабақта ұтымды әдіс - тәсілдерді аталған негіздермен бірлікте қатар өре білуі. Сондықтан оқу құралында Абай шығармаларын орта буында оқытудың педагогикалық, психологиялық негіздері, тәрбиелік маңызы, тиімді әдіс - тәсілдері ұсынылып отыр. Оқушыларды Абай шығармаларына қызықтыру жолдарын іздеу, оларға керекті практикалық жұмыстар жүргізу, тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, жүргізген оң нәтижелерді ұстаздар қауымына, сондай - ақ мұғалімдік мамандыққа даярланушы жастарға ұсыну уақыт күттірмейтін іс - шараның бірі болып есептеледі.
Абай шығармалары орта мектепте екі жүйеде оқып үйренілетінін айтпай кетуге болмайды. Ең алдымен əдебиеттік оқу сабақтарында яғни 5 - 8 сыныптардағы Абайдың әр алуан тақырыптардағы өлеңдері, ақын өмірінен берілетін мәлімет.
Екіншісі – жоғарғы кластардағы əдебиет тарихы курсы бойынша үйренілетін Абайдың шығармашылығын монографиялық түрде оқыту. Әдебиет сабақтарының бұл екі жүйесі өзара тығыз байланысты дей тұрсақ та, олардың оқытылуы мен мақсаты тұрғысынан елеулі айырмашылықтары бар. Сондықтан да, бұл екі жүйенің əдістемелік жағы екі басқа, яғни екеуі екі мақсатқа қаратылған.
Абай Құнанбаев шығармаларын оқыту мектепте әдебиетті оқыту принциптерімен тығыз байланысты. Ол – әдебиеттің қоғамдық сана тудырған көркем өнердің бір саласы ретіндегі айырмашылығы. Әдебиет – адамтану, әлемтану ғылымы.
Абайдың жыл мезгіліне арналған өлеңдерінде жыл мезгілдеріне тән белгілерді суреттеп, табиғат көрінісін елестете отырып, әлеуметтік жағдайды көрсету, соны айқындау ниеті басым жатыр. Автордың қай сөзінің қатыңқы да, шытынап шығуы, қаһарлы қысқа, не суық күзге ызаланудан гөрі жыртық - тесік, кем - кетік, жұпыны өмірге, ондағы бейқамдыққа, қырсыздыққа ызалануы көбірек көрініп тұрады. Оған қоса ақынның ызалануында сол жыртық - тесік, жамау - жасқаумен жүргендер мен бүрсеңдеген балаларға жаны ашу, аяу белгісі де байқалады.
Күз туралы көңілсіздеу ой мен ақын суреттеуіндегі көрініс көз алдыңа екінші бір сиықсыз көріністі алып келеді. Ол – жыртық киім, жамау - жасқаумен жүрген ауыл әйелдері, бәрінің қабағы жабырқаңқы, бүрсеңдеген бала, от жақпаған, суықтан құты қашқан үй.

Бұл көрініс біріншіден, автордың оларға деген аянышы мен жан ашуын туғызып, екіншіден, одан туған көңіл - күйдің кейіске айналғаны байқалады. Берілген эмпатиялық әңгіме - сұхбат арқылы ақынның осы көңіл - күйін оқушыға сезіндіру мақсаты көзделуі керек.


Олай болса, орта буын сыныптарда Абай шығармаларын оқытуда басшылыққа алар бірден - бір тиімді әдіс - тәсіл сабақты эмпатиялық диалогқа негіздей құру.
Өмірде жай суретші аңғара қоймайтын сәл нәрселерді Абай аңғарып көре білген. Сондықтан оның өлеңдері – шындық бейнесі болып шығады. Абай «Күз» өлеңінде жыл мезгілінің бір кезеңі – табиғат көрінісін суреттеуде қазақ халқының бұрынғы өміріне тән адамдардың іс - әрекеті мен күнделікті тұрмысында бар болмысты екі - үш сөз тіркестерімен нақ шындықтың бетін ашып көрсетеді.
Мәселен, «иін илеу», «кемік сүйек, сорпа - су тимеген соң», «енесіне иіртіп шуда жібін» сияқты сөз тіркестері жай ғана сыртқы көріністі сөз еткенімен, әр қайсысында көп мағына жатыр.

Өз заманының суретшісі, ақын Абай сол кездегі халық тағдырына, олардың ауыр халіне қабырғасы қайысады. Елдің жүдеу тұрмысы, әлеуметтік жағдайы ақын шығармаларында ерекше көңіл - күйімен суреттеледі.


Абай жыл мезгілдерін суреттеген өлеңдерінде объектив жағдай мен субъектив жағдайды тұтастыра айтып, ондағы құбылысты, әлеуметтік жәйт пен дүниенің, табиғат болмысының көрінісін қосып, біріктіре суреттейді. Сол арқылы өз жан дүниесінің тебіренісі мен толғанысын көрсетеді. Осындай ақын толғанысын сезіндіруде оқушы мен мұғалімнің қатар әрекет етуі – эмпатикалық диалог құруы шығарма құндылығын асыра түседі.
Эмпатикалық диалог жүргізуде «Өлеңді оқып шыққанда қандай көңіл - күй пайда болды?» немесе «Абай заманға неліктен ренжиді? Ренжуі неден туып тұр?» – деген сияқты сұрақтар арқылы Абай өлеңдеріндегі шытыңқы қабақ, ақын жанына жайсыз тиіп тұрған жағымсыздықты бірден ақ көрсетіп, байқатуға болады. Олай болса, оны сыдыртып оқып шығып, оқулықтағы адам жанын жанап өтпейтін құрғақ сұрақтармен, көңілге қонымсыз тапсырмалармен («Күз болғанда» тақырыбына шығарма жазып келіңдер, Өлеңді жаттап алыңдар т. с. с) шектелу не жүрекке, не миға ықпал етпесі анық. Не нәрсенің қабылдауында болсын, сезім органдарына тікелей әсер еткенде ғана іске асатындығын қайталап айтқымыз келеді
Бүгінде әрбір жеке ғылым саласының екінші бір ғылыммен байланыстылығы артып отырған тұста мектепте жүргізілетін әрбір оқу пәнінің мазмұны мен құрылысындағы кірігіп кеткен (интеграциялық) байланыстардың маңызы өте зор. Ол дәл бүгін ерекше мәнге ие болып отыр.
Пәнаралық байланыстың іске асырылуында белгілі бір мақсат көзделетіні анық. Мысалы гуманитарлық циклге жататын пәндерден білім беруде оқушыларға идеялық - адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру бағыты көзделеді; олардың барлығының ортақ обьектісі – адам, оның іс - әрекеті мен қоғамдағы қызметі; яғни оқушылар өздері оқитын гуманитарлық пәндердің мазмұны арқылы адамдардың іс - әрекеті, қызметі мен мінез - құлқы, дүниетанымы, тілі, дінімен танысады.
Мәселен, Абайдың «Күз», «Қыс» сияқты өлеңдерін оқығанда, бастауыш сыныптардағыдай жыл мезгілдерінің әр түрлі белгілерін, табиғат көріністерін айту үстірт түсінік тудырмаса керек. Абайдың өзі табиғат көрінісі және жер бетіндегі тіршілік атаулының (адам, өсімдік, оның әлеуметтік халі т. б) бәрін де тұтастық қалпында сипаттап тұр. Ол тұтастықты даралап ыдыратқанда әрбір жеке ғылым саласының үлесінен (өсімдіктану, жаратылыстану, тәнтану, әлеуметтану, саясаттану, география, тарих, сурет т. б.) екені байқалады.
Абай шығармаларының табиғаты кешегіні айта отырып, бүгінгі күннің барысына жөн сілтейді. Кешегі айтылған Абай сөзі бүгін өз құнын жоғалтпақ түгіл, ол құндылық пен оған деген мұқтаждықты еселеп арттырғандай болады. Сондықтан да бұл жердегі интеграциялық байланыс мұғалімнің білімдік - әдістемелік дайындығын қалайды.
Абай өлеңдерінің терең мазмұнына бойлау үшін сабақты интеграциялық байланыста жүргізу бірден - бір тиімді әдіс болып табылады.
Мәселен, «Интернатта оқып жүр» өлеңін оқытқанда оқушылардың 5 сыныпта оқыған «Интернат наны» (Ш. Мұртаза) мәтінімен байланыстыру арқылы кең ұғым беруге болады. Осы тұста тарихи жағдай ықпалын да сөз ету керек. Әсіресе, Абай өлеңдерін оқытқанда, тарихи жағдайға соқпай өтуге болмайды.
Бүгінгі күні дамыған технологияға негізделген әр түрлі жаңа әдістер көп айтылып жүр. Соның бірі – оқытудың инновациялық әдісі. Абай шығармаларын оқытуда тиімді әдіс - тәсіл оқушы қызығушылығын арттыру, сезіміне әсер ету, қиялын ұштау, сол арқылы шығармашылыққа жол ашу, оқушыға еркіндік беру деп түсінеміз. Осы жолда жақсы нәтижеге жетектер бір жол – сабақта Қ. Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы пайдалану.
Ұстаздың «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты өнімді әдістермен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау – ұстаз технологиясының ең негізгі алтын діңгегі. Оның барлығында оқушы жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады.
Абайдың «Жазғытұрым» атты өлеңін оқытқанда бұл аталған технологияны пайдалану оқушылардың өлеңді үстіртін жыл мезгілі туралы ғана өлең деп қабылдамай, ондағы көтерілген проблемалық жағдайларды көре білуге, талдай алуға үйретері сөзсіз. Осы технологиямен өткен сабақтан тек бір тапсырманы мысалға келтіруді жөн көріп отырмын.
Оқушылардың өздігімен жұмыс істеуінде мынадай сұрақ - тапсырмалар берген орынды деп есептеймін.

Өздік тапсырмалар. І топ: Абай «Жазғытұры» өлеңі

1. «Қыс» өлеңіндегі адамның көңіл - күйін білдіріп тұрған жолдарды тауып, оны «Жазғытұры» өлеңімен салыстыр. «Жазғытұры» өлеңіндегі көңіл - күйдің керісінше болу себебі неден?

2. Өлеңнен адамның жасына, кәсібіне қарай көктемдегі іс - әрекетін, көңіл - күйін білдіріп тұрған сөздерді тауып жаз.

3. Көктемнің жер бетіне, жан - жануарларға, адамзатқа, табиғатқа әкелген өзгешелік құбылыстарын саралап айт.

4. «Жазғытұры» жылдың қай маусымын білдіреді, жазға қарай, жазға салым, жазға таман, сөздері синоним бола ала ма? Осы сөздерге сөйлем құрап жаз. т. б.


II топ: Абайдың «Қыс» өлеңі.

1. Ақын қыстың қаһарлы күшін қалай көрсеткен? Түсінігіңді өз сөзіңмен ашып жаз.

2. «Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды». Өлең жолындағы шидем, тон сөздерінің мағынасын түсіндір.

3. «Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды» деген жолдағы «кәрі құда тіркесінің мәнін түсіндір.

4. Абай сөзін қолданып айтуға дағдылану үшін «ажарланды», «әуес көріп», «домбығып», «үсік шалды», «бет қарауға шыдамау», «қажымас», «титығы құру» деген сөздерге, сөз тіркестеріне сөйлем құрап дәптерлеріне жазып келу.


Сонымен қатар бұл әдіс мазмұнды жоғарғы табыспен меңгерту, оқығанды есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар өлеңді талдай отырып, зерттеушілік қабілетті бойға қалыптастыруға, дамытуға өз үлесін қосады. Сұрақ әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы баланың алдына мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет