Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет24/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   111
Сауалнама жүргізу
– арнайы дайындалған бағдарламалық 
сұрақтарға жауап алу арқылы бұқаралық сипаттағы материал 
жинаудың әлеуметтану ғылымында және әлеуметтік лингвистика-
да біршама кең тараған әдістерінің түрі.
Сауалнама мазмұны (сауалнама қағазы не бағдарламалық 
сұрақтар) қойылатын сұрақтарға, олардың орналасу тәртібіне, 
оларға жауаптың сипатына, түрлеріне т.б. зерттеушінің алдына 
қойған мақсатына байланысты болады.
Сауалнама кіріспе бөлімінен (жүргізілетін сауалдың мақсаты 
мен міндеттері түсіндірілген; ұйымдастырушысы көрсетілген, 
респондентке қаратпа айтылған), негізгі бөлімнен (зерттеудің 
мақсаты мен міндетінен туындайтын анкета сұрақтарынан) 
және паспорттаудан (респонденттің объективті әлеуметтік-
демографиялық және басқа да мінездемелерінен) тұрады. Сауална-
ма – әлеуметтік лингвистиканың түрлі прблемаларын әр қырынан 
зерттеудегі таптырмас әдістердің бірі. 
Сұхбаттасу
 
– әңгімелесушілерге (респондентке) алдын 
ала жоспарланған сұрақтар беру арқылы әлеуметтік лингвис-
тикалық материал жинастыру әдісі. Бұл әдістің сауалнамадан 
айырмашылығы зерттеушінің респандентпен әңгімелесу кезін-
де қосымша сұрақтар қоя отырып, «материал көзімен» тікелей 
байланыста болып, алынған материалды тереңдете байытуына 
мүмкіндік жасалады. Әдістің бұл түрі сұхбат алушы зерттеуші-
лингвистің жоғары біліктілігін, әңгімені қажетті бағытта жүргізе 
алу шеберлігін қажет етеді.
Құжат көздеріне талдау жүргізу
әлеуметтану, филоло-
гия және әлеуметтік лингвистикада т.б. ғылым салаларында 
құжаттардан ғылыми мәліметтер алуда қолданып келе жатқан 
көне әдістердің бірі. Әлеуметтік лингвистикалық сипаттама үшін 
құжаттарды талдау зерттеушісінің нақты міндеттерінің прин-
циптеріне сай болуы керек. Мұндайда көбінесе бір құжат бірне-


42
ше мақсаттарда немесе керісінше бір мәселеге бірнеше құжаттар 
қарастырылады. 
Әлеуметтік лингвистикалық мәліметті жинаудың біршама тип-
ті түрлеріне: демографиялық, статистикалық материалдар (халық 
санағы, азаматтық хал актілеріне тіркеу жазбалары, шаруашылық 
және үй кітабы т.б.); ресми және жеке жазбалар; ғылыми, өндірістік-
техникалық, мәдени-ағарту мекемелерінің материалдары, есеп-
тері, хаттамалары, бұйрықтары мен өкімдері т.б.; баспасөз мате-
риалдары, теледидар, радио, интернет т.б. ақпарат құралдарының 
материалдарын пайдалану, талдап, екшеп қорытындылау жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет