68
Кейде жаргон құпиялылық (конспирация) құралы ретін-
де пайдаға асады. Жаргон сөздер өте жылдам өзгеріп отыра-
ды. Айталық, ХХ ғасырдың 50-60 жылдары ақшаны – «тугрик»
(моңғолша), «рупия» (үндіше) десе, 70-жылдары «монета»,
«мани». 80-жылдары «бабки», 90-жылдары «капуста», «бакси»,
«кэш» деп атады.
Жаргондарды зерттеу – әлеуметтік лингвистиканың міндеті.
Кейде жаргон термині қате сөйлеуге қатысты да қолданылады.
Сондықтан оны кейде «студенттер тілі» сияқты сөз тіркестерімен
немесе жоғарыда айтқанымыздай, «арго», «сленг» сияқты термин-
дермен де алмастырады.
«Арго» – бір немесе бірнеше табиғи тілдердің өзгерген элемент-
терінен құралған, кейбір шектеулі кәсіби әлеуметтік топтардың
айрықша тілі, жаргонның бір түрі. «Арго» қоғамнан ерекшелену
мақсатымен, сөздердің құпиялылығын сақтау үшін қолданылады.
«Арго» терминдері көбінесе қылмыстық топтар арасында бола-
ды. Мысалы, ұрылардың аргосы сыған, неміс, орыс т.б. тілдердің
сөздерінен жасалған. Аргоның өзіндік грамматикасы болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: