5 ТІЛ ЖӘНЕ САЯСАТ 5.1 Тіл саясаты, тіл дамытудағы орны мен мәні Тіл саясаты – жер жүзінде кеңінен етек алған және ғұмыры
ғасырлармен есептелетін көне саясат. Ол әлемдегі күллі мемле-
кеттерде ресми жариялануы да, кейбір реттерде ел-елде бейресми
түрде көрініс беруі де мүмкін.
Тіл саясаты деген – қоғамның тілге саналы түрде әсер етуіне
байланысты туындаған және үздіксіз даму үстіндегі категория. Тіл
саясаты – әлеуметтік топтардың бәріне тән, соның ішінде көбінесе
тікелей мемлекетке қатысты ұғым.
Мемлекет халқы мейлі бір ұлттан, мейлі көп ұлттан құралған
болсын, бәрібір тіл проблемаларынсыз болмайды. Бір ұлтты мем-
лекеттегі тіл мәселесі тіл мәдениетін арттыру, әдеби тіл жүйесін
жетілдіру (нормаландыру) бағытында таза лингвистикалық си-
пат алса, көп ұлтты мемлекетте қайшылық көбіне-көп тілдер
арасындағы өзара қатынастан туындап, саяси лингвистикалық
реңкке ие болады. Сондықтан тіл мәселесі саясатқа тіреледі.
Тіл мен саясат өзара тығыз байланысты категориялар. Тіл –
саясаттың әрі нысанасы (обьектісі), әрі құралы. Ал саясат – тіл
тағдырын шешетін мемлекеттің өзіндік ұстанған бағыты, шара-
лар жүйесі. Демек, қандай да бір мемлекеттегі тілдердің қоғамдық
қызмет ауқымын саналы түрде арнайы дамытуға болатыны, не
болмайтындығы туралы мәселенің басын ашып алу қажет.
Жалпы әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, тіл екі түрлі
жолмен дамиды да, құриды да: оның бірі - өзінен-өзі, арнайы
ұйымдастырылмаған (стихиялы) түрде дамиды, не қолданыстан
шығып құриды; екіншісі – қоғам, мемлекет тарапынан керек-
ті бағытты жоспарлы түрде арнайы дамыту, не құрту. Ендеше
қоғамдағы не белгілі бір мемлекеттегі тіл мәселелерін шешу
мақсатында белгіленген шаралар мен идеологиялық принциптер
жиынтығы тіл саясатын құрайды [50, 616.].