Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет77/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   111
қызметтік жүктемесіне
тікелей байланысты екен.
Сонда 
тілдің қызметтік жүктемесі
дегеннен не түсінеміз? 
Тілдің атқаратын қоғамдық қызметінің санын қалай анықтауға 
болады? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін тілдердің генологиялық 
және құрылымдық типологиясына қосымша тілдердің қызметтік 
типологиясын жасау қажет. Ғылымда бұл мәселе байынша нақтылы 
зерттеулер жасалып, бірнеше топтастырулар ұсынылды. Тілдердің 
осындай қызметтік типологиясын жасауда басшылыққа алатын не-
гізгі принциптерге Ю.Д.Дешереев мынадай ұсыныстар жасайды:
1.Тілдің атқаратын 
максималдық 
қоғамдық қызметінің 
теориялық тұрғыдан мүмкін болатын шегіне әлемдік деңгейде бір 
тіл арқылы адамдардың күллі өмір саласындағы қарым-қатынасын 
қамтамасыз ету жатады. Бірақ мұндай тіл жоқ.


154
2.Тілдің атқаратын 
минималдық
 
қоғамдық қызметінің теория-
лық тұрғыдан мүмкін болатын шегіне екі әңгімелесушінің қарым-
қатынасы жатады. Бірақ мұндай да тіл жоқ.
3.Қоғамда атқаратын қызметі тұрғысынан әлемдегі барлық тіл-
дер осы аталған екі шектің арасында, яғни максималды және ми-
нималды қоғамдық қызмет атқарады.
4.Әрбір тіл максималды және минималды сандағы қоғамдық 
қызмет атқару мүмкіндігіне ие. Тілдердің қоғамдық қызмет 
атқаруындағы бір-бірінен ерекшелігі олардың құрылымдық си-
патында емес, қоғам өміріндегі рөліне, яғни оларға әсер ететін 
әлеуметтік факторларға байланысты.
Егер тілдің атқаратын қызметтік жүктемесіне сол тіл қамтамасыз 
ететін қоғамдық өмірдің белгілі бір салаларын бірлік ретінде ала-
тын болсақ (отбасылық қатынас, ауызекі шығармашылық, әдебиет, 
білім беру, ғылым т.б.), онда көп ұлтты мемлекеттегі, тіпті бүкіл 
әлемдегі тілдердің қызметтік типологиясынның үлгісін жасауға 
болады. №1 кестеге қараңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет