мемлекеттік тіл дегеніміз – елдің барлық
аумағында және түрлі өмір салаларында қолданылуы баршаға
міндетті болып табылатын, ресми жағдайы мемлекеттік
дәрежеде белгіленген, белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік-
коммуникативтік жүйесінің негізгі компоненті
.
182
Көптеген елдерде ұлттық-тілдік мәселелер сол елге тән болып
келетін, қалыптасып отырған тілдік жағдаятқа қарай шешіледі. Тіл
саясатының мақсаты мен мазмұнына қарай әрбір мемлекет өзіндік
тіл дамыту үлгісін таңдайды. Біздің елімізде қоныстанған этностар
арасындағы төзімділік пен өзара құрметтің сақталуының негізі бір
факторы мемлекеттің тіл саясаты болып табылады.
Қазақтанның бүгінгі шындығында өмір сүріп, қызмет етіп
отырған генетикалық және типологиялық ерекшеліктері бар
тілдердің арасында (елімізде 130-дан астам этнос тұрады) қатар
қызмет ететін екі үлкен тіл (қазақ және орыс тілдері) бар, бұл елдің
көпэтносты тұрғындарының барлық қажеттілігін және тілдік,
демографиялық және саяси жағдаят ерекшеліктерін есепке алатын
тіл саясатын керек етеді.
Қазақстандағы тіл саясатының барлық тұжырымы мемлекеттік
тіл қашан да өзінің лайықты орнын алатын, тілдердің қатар қызмет
етуін нақты анықтайтын мемлекеттің оңтайлы тілдік кеңістігін
құру қиындығын көрсетеді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттегі
жаңа саяси бағыт» атты халыққа Жолдауында Н.Ә.Назарбаев: «Тіл
туралы
жауапкершілігі жоғары саясат
біздің қоғамымызды одан
әрі ұйыстыра түсетін
басты фактор
болуға тиіс», - деген болатын
[52].
Мемлекеттің қалыптасу жылдарында қабылданған Қазақстан
Республикасындағы тіл саясатын реттеу мен қалыптастырудағы
заңнамалық-құқықтық, нормативтік-құқықтық актілер тіл
саясатының мақсатын, бағытын, міндеттері мен кезеңдерін
анықтайды. Бұлар – Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы
Қазақстан Республикасының заңы (11 шілде, 1997 ж.), Қазақстан
Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді да-
мыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011
жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020
183
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Ре-
спубликасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186
Өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы тіл
саясатының тұжырымдамасы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
20 қаңтар, 1998 жылғы қаулысымен бекітілген, барлық қазақ-
стандықтардың мерекесіне айналған – Қазақстан халқы тілдерінің
күні мерекесі қыркүйек айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Этникалық тегіне қарамастан Қазақстан халқының теңдігін
нығайтуға бағытталған бұл мерекенің өзіндік маңызы бар.
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырым-
дамасында» мемлекеттің тіл саясатының мынадай мақсаттары
анықталды: «Осы тұжырымдаманың мақсаты – өтпелі кезеңде
тілдердің сақталу және қызмет ету саласындағы мемлекеттік саясат
стратегиясын әзірлеу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамытуға
жағдай туғызу жөніндегі мемлекет міндеттерін айқындау» [53, 1].
Тіл саясаты тұжырымдамасының негізгі міндеті Қазақстан
Республикасының Конституциясына сай тілдік дамудың басым
бағыттарын, тілдердің қызмет ету тетіктерін айқындау болды.
Сондай-ақ тұжырымдама бойынша тіл «ұлттық мәдениеттің не-
гізі» ретінде анықталса, Қазақстандағы тіл саясаты «жекелеген
этностардың үйлесімді әрі тұрақты дамуына бағытталуы керек»
делінді.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001–2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттағы мін-
деттері қазақ тілінің нормативтік-құқықтық дамуын қамтамасыз
ету, терминологиялық және лингвистикалық базасын кеңейту,
жетілдіріп жүйелеу болып табылатындығы анықталды. Аталған
бағдарлама алдына қойған барлық міндеттерін орындады. Одан
кейінгі елдің тіл саясаты стратегиясын орындауды Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекет-
тік бағдарламасы қабылдады. Ол елдегі тілдік жоспарлауды жүзеге
асыруға бағытталған.
Бағдарламада мақсатты индикаторлар мен нәтиже көрсеткіш-
184
тері, алға қойылған мақсатқа жету нәтижелерінің жолдары және
әр кезеңде жүзеге асырылатын қажетті шаралар белгіленген. Мем-
лекеттік бағдарламада қазақ тілін сапалы оқытудың мәселелері
бойынша нақтылы ұсынымдар берілген және оны ғылыми не-
гізде іске асырудың қажеттіліктері көрсетілген. Тіл дамытудың
негізгі мәселелері анықталған және оларды шешудің жолдары
көрсетілген. Бірінші мәселе – қоғамдық сұранысты қалыптастыру,
екінші –тілдік қоғамдық орта жасау, үшінші – тілді оқытудың
сапалылығын қамтамасыз ету.
Қазір мемлекеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін
жүзеге асыруға байланысты жоспарлы жұмыстар жүргізілуде:
мемлекеттік бағдарламаны кезеңдік жоспар бойынша жүзеге
асырудың шаралары жасалынды.
Жоғарыда айтылғандарды негізге алсақ, бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасы тіл саясатының заңнамалық және нормативтік-
құықтық базасы қалыптасқан және тіл дамыту саласындағы
мақсат пен міндеттері айқындалған және оларды жүзеге асыруға
бағытталған негізі бар деп айтуға толық негіз бар.
Бұл зерттеу жұмысы мемлекеттік бағдарламаның негізгі
көрсеткіші ретінде нәтижеге жету – мемлекеттік тілді оқытатын
тіл орталықтарын аккредиттеу, сондай-ақ елдің аймақтық ерек-
шеліктерін есепке ала отырып, тілді оқыту жағдайларына және тіл
орталықтарының қызметін талдау арқылы тіл саясатын анықтау
мақсатында жүргізілді.
185
Достарыңызбен бөлісу: |