209
Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолдануына,
қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін
таңдауына құқығы бар.
Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен
дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды.
Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде іс-шаралар
өткізілген кезде олардың тілдері пайдаланылуы мүмкін.
7-бап.
Тілдердің қолданылуына кедергі келтіруге жол бермеу
Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азамат-
тардың құқықтарын кемсітуге жол берілмейді.
Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің
қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды
адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
II
тарау
Достарыңызбен бөлісу: