Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


тілдік  қауымдастық, тілдік жағдаят, әлеуметтік-коммуникативтік



Pdf көрінісі
бет15/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   111
тілдік 
қауымдастық, тілдік жағдаят, әлеуметтік-коммуникативтік 
жүйе, тілдік әлеуметтену, қарым-қатынас құзыреті, тілдік 
код, код ауыстыру, билингвизм (қостілділік), диглоссия, тіл са-
ясаты т.б.
Сондай-ақ кейбір ұғымдар тіл білімінің өзге салаларынан ен-
ген: 
тілдік норма, сөйлеу қатынасы, сөйлеу, сөйлеу актісі, 
тілдік контакт, тілдердің араласуы, аралық тіл т.б. 
Соны-
мен бірге әлеуметтанудан, әлеуметтік психологиядан
: қоғамның 
әлеуметтік құрылысы, әлеуметтік мәртебе, әлеуметтік рөл, 
әлеуметтік фактор т.б.
Осы ұғымдардың барлығына анықтама керек. Осы тарауда 


27
жоғарыда көрсетілген ұғымдардың кейбіріне анықтама бере-
міз, олардан шығатын проблемаларды қарастырамыз. Жалы бұл 
ұғымдар туралы арнайы әлеуметтік лингвистикалық сөздікте 
нақты мәліметтер берілген [14]. 
1.4.1 Тілдік қауымдастық
Бір қарағанда тілдік қауымдастық ұғымы түсіндіруді қажет 
етпейді – бұл бір тілде сөйлейтін адамдар бірлігі. Алайда, 
шындығында, бұлай түсіну жеткіліксіз. Мысалы, Францияда 
тұратын француздар мен французша сөйлейтін канадалықтар бір 
қауымдастық құрамайды. Бір тілдік қауымдастыққа ағылшындар 
мен американдықтарды (екеуі де ағылшынша сөйлейді), 
испандықтар мен Латын Америкасының испан тілді тұрғындарын 
жатқыза алмаймыз. Тіл бір, бірақ қауымдастық әр түрлі.
 
«Тілдік қауымдастық» түсінігі арнаулы әдебиеттерде ішкі 
топтық қарым-қатынас жасау мақсатында белгілі бір тілді 
қолданатын адамдардың тұрақты тобы деп анықталып жүр [15]. 
Кез келген әлеуметтік топ мынадай бес түрлі белгімен сипатта-
лады:
1.Топтық байланыс типі.
Мұнда адамдардың достық немесе 
туыстық қарым-қатынасымен байланысқан формалды емес тобы 
мен туыстық немесе достық қатынасы жағынан байланыспайтын 
формалды (саяси партия, жұмыс ұжымы т.б.) топтарын айыру ке-
рек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет