30
тілдік құралдарды заңды ретінде ұсынса, екінші біреулерін тілдік
дәстүрге жат ретінде танытады.
Норма
тарихи өзгерімпаз, алайда олар өте жай өзгереді.
Дамыған әдеби тілдерде норма көптеген онжылдық бойында
тұрақты күйінде қалады.
Әдеби норма маңызды әлеуметтік және мәдени қызметтерді
атқарады. Адамзат іс-әрекетінің
барлық маңызды салаларын
нормаланған тіл қамтамасыз етеді: онсыз ғылымның, білім беру
мен алудың,
мәдениеттің, техниканың, заң шығару ісінің, іс
қағаздарын жүргізудің т.б. дамуы мен жүзеге асуы мүмкін болмас
еді.
Норма сүзгі сияқты: ол әдеби
пайдалануға халық тіліндегі
барлық анық, нақты, асыл да дәмділерін өткізе отырып, барлық
кездейсоқ, тұшымсыз, мәнсіздерін ұстап қалып отырады.
Соған байланысты норма динамикалы болады: ол
тіл-
дік құралдарды жаман және жақсы деп қатаң түрде бөлмейді.
Сондай-ақ мынаны барлық жағдайда қолдануға болады неме-
се мүлде болмайды деп те көрсетпейді. Өйткені сөйлеудің бір
жағдайында (айталық, тұрмыстық диалогта) ол дұрыс, мәнді
болса, екінші жағдайда (мысалы, ғылыми стилде) ол ыңғайсыз,
қолайсыз көрінуі мүмкін. Міне, бұл әлеуметтік лингвистикада
Достарыңызбен бөлісу: