1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі



бет1/40
Дата29.10.2022
өлшемі167,63 Kb.
#155564
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
1. М дениет т сінігіні алыптасу тарихы м дениетті м нін ж не
Шығын,Өнім бағасы, икемділік, Qкр-10есеп (1), Алкандар 1, Основы реферат, СРС1, 2. Тема 2, 1. Тема 1, Тмоги, 2 лекция, 2 лекция, Методические указания к семинарским занятиям и срсп для студенто, Неделя 5. СРО, 01 Naurzbayeva final, Саяси партиялар, Болат Дана 21-РТК-1, Кесте - ғалымдар

1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін
анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.
Мәдениеттану— мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
*мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
*мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары;
*мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);
*агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет