50)Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері.
Экологиялық мәдениет— жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір
кезеңі және құрамдас бөлімі; адамзатгың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялық проблемалардың өзекті маңыздылығын баршаның тереңінен кәміл ұғынушылығымен сипатталады. Қоршаған ортаға немқұрайлылықпен қараудың күйінішті тәжірибесі, химиялық ластанудан, шудан, дірілдерден, электрмагниттік сәулеленуден, радиациядан және т.б. болған ауруларды зерделеу экологиялық мәдениет және санитариялық мәдениет ұғымдарын біріктіре ұғыну қажет екенін түсінуге себеп болды. Жалпы мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты, сондықтан адамның атмосфера ауасына, табиғи суларға, жердің топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық қарекетінің санитариялық- экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді.Экологиялық мәдениет күрделі ұғым
ретінде табиғатты танып білу, пайдалану және жаңарту іс – әрекет түрлерінің мәдениетімен байланысты. Ал жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – табиғатты аялауға, қорғауға бағытталған білімі, іскерлігі, дағдысы, оны жүзеге асыруы. Яғни экологиялық мәдениетті қалыптастырудың мақсаты – адам – қоғам – табиғат жүйесіне үйлесімдік орнату, табиғи байланысты сақтау, молайту, тиімді пайдалану, жуапкершілік сезімін арттыру. Экологиялық мәдениет бұл – адамдардың табиғатты қабылдау деңгейі және әлемдегі өзінің орнын бағалауы, адамның әлемге деген қарым – қатынасы.Жалпы экологиялық мәдениет түсінігі қазіргі кезде табиғатқа деген жауапкершілікті қарым – қатынасты, табиғатты бағалауды білдіретін бастапқы мағынасына қайта оралады. Табиғат өзара әрекеттің тең құқылы серіктесі ретінде қарастырылады, ал «экологиялық мәдениет» болса адамзат мәдениетін құрайтынды әлеуметтік топтық және тұлғалық деңгейде белгілейді. Экологиялық мәдениет әлеуметтік деңгейде ноосфера жасау үдерісін басқаруды жүзеге
асыратын, қоршаған ортаға қатысты тағылықтан арылуды іске асыратын адамзаттың іс – әрекеті арқылы көрініс табады. Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Қалыптасқан жағдайда сол арқылы ғана қоғам мен табиғи ортаның тепе – теңдігін ұстау мүмкін болады.Ұзақ уақыт бойы адамзат табиғатты шексіз пайдалана беруге болады деп ойлады және ол адамға пайдалану үшін берілген деген көзқарас болды. Табиғат ресурстарын жөнсіз, олар таусылмайтындай пайдаланды.
Экологиялық сана деп, күрделі жүйе мәнінің көрінісін, табиғи ресурстарды пайдалану, қайта құруға байланысты адамдардың бір – біріне және қоршаған ортаға қарым – қатынасы түсініледі.Әсіресе, бүгінгі экологиялық апат біздің елімізге қауіп төндіріп тұрғаны барлығымызға да белгілі. Ғасырлар бойы адам баласы өзін табиғаттың қожасы, билеушісі ретінде сезініп, одан өзіне керектің барлығын алды. Бірақ оған келтірілген зиянның орнын толтыруға, дер кезінде қамқорлық жасауға әдеттенбеді. Экологиялық тәрбие беру – адамзат баласының әр бір іс –
әрекетіне шек қоя отырып, экологиялық жағдайды жақсартудың бірден – бір жолы. Осыған қатысты « Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің жалпы білім мазмұнының тұжырымдамасында» берілетін пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар факторлармен толықтыру арқылы осы үдерісті жүзеге асыру керек екендігі айтылған. Ғылыми – техникалық даму кезінде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – біздің өмір сүріп, күнделікті тіршілік қажеттілігімізге қолданып отырған табиғатты қорғау, сақтау және оның сан алуан байлықтарын қолдан келгенше орынды да ұқыпты пайдалану болып отыр. Қоршаған ортаны шексіз игерудің себебінен табиғат тепе – теңдігі бұзылды, жер эрозияға ұшырады, судың тазалығы өзгерді, тірі организмдердің саны азайды және адам баласының денсаулық жағдайы өзгерді т.б.
Экологиялық мәдениетте адамгершіліктің «алтын ережесі» (өзіңе не тілесең, басқаға да соны тіле) экологияның «алтын ережесіне» (өзіңе не тілесең, табиғатқа да соны тіле) айналды. Экологиялық өркениетті қалыптастыру үшін табиғи ортамен қоса мәдени ортаны да орнықты және адамдық талТабиғатты қорғау мәдениетінің қарапайым, әрі маңызды шарты – осы істегі төмендегідей қиындықтарды шеше білу:
1. табиғатты қорғауды тек мамандандырылған арнаулы ұжымдардың міндеті деп есептеу; шын мәнінде
экологиялық мәселелер жалпы, қоғамдық, әмбебапты сипатта болады.
2. Экономикалық даму мақсаттарын экологиялық мәселелерден бөлек қарастыру.
3. табиғатты қорғау заңдарының төмен деңгейі, арнаулы мамандардың жетіспеушілігі.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде экологиялық тәрбиенің мынадай міндеттер мен мақсаттарды қамтуына көңіл бөлінеді:
1. адамның қоршаған ортаға әсері және оның заңдылықтарының орындалуын анықтайтындай алдыңғы қатарлы ой, пікірлер мен ғылыми деректерді қамтуы;
2. қоғамның материалдық және күштерінің қайнар көзі – табиғи және әлеуметтік ортаның жан – жақты бай құндылықтарын түсіну;
3. табиғат байлықтарын тиімді пайдалану дағдыларын білім, таным мәселелерін меңгеру, өзін қоршаған ортаның жағдайын бағалай білу қабілетін дамыту, жақсартудың шараларын қабылдау, адам қызметінің табиғатқа тигізер зиянын алдын – ала болжай білу.
4. табиғатқа зиян келтірмеу бағытындағы тиісті ережелерді саналы түрде
орындап отыру;
5. табиғи және әлеуметтік ортаны жақсарту қызметін, табиғатты қорғау идеяларын жетілдіру;
6. табиғи және әлеуметтік ортаға деген жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру – тәрбиенің құрамдас бір бөлігіаптарға сай құру керек.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында :
· табиғатты қорғауға арналған ғылыми оқулар мен конференциялар өткізу;
· табиғатты қорғауға бағытталған кештер өткізу;
· ғылыми – көпшілік әдебиеттер көрмелерін ұйымдастыру;
· табиғатты қорғауға бағытталған фильмдер көрсету;
· табиғатты қорғауды жақсарту мақсатында тексеру жұмыстарын жиі – жиі жүргізу.
· экологиялық бағыттағы ғылыми – зерттеу жұмыстарын жиі – жиі ұйымдастыру, жастарды ғылыммен айналысуға баулу.
· оқушылар арасында әр түрлі сурет сайысын өткізу.
· экологиялық негіздегі арулар арасында «Жер сұлуы» сайысын ұйымдастыру.
· мектептерде, жоғары оқу орындарындарының көлемінде әр түрлі экологиялық бағыттағы лагерлер.
·
мекемелер арасында, соның ішінде өнеркәсіп орындары арасындажыл сайын «ең экологиялық таза» атты сайыс өткізу және оны мемлекет тарапынан марапаттап, сонымен қатар сол мекемеге салықта және т.б. жеңілдік беру.
· тамақ өндірісінде «экологиялық таза өнім» номинациясын ұйымдастыру.
Сонымен, экологиялық мәдениет – табиғи ортаға деген саналы қарым – қатынас, адамның қоршаған ортаны жақсартуға өзіндік үлесін қосуы, экологиялық білімділік. Экологиялық мәдениеттің негізін экологиялық қарым – қатынас құрайды. Экологияландыру қоғамды сақтаудың шешуші шарты болып табылады, тек сол арқылы ғана адам мен табиғаттың арасында үйлесімділік орнатуға болады. Мәдениет жекелендіруден гөрі, адам мен табиғатты біріктіру құралына айналады.
Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған, тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық парызы.
1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін
анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.
2. Мәдениетті аксиологиялық,
өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық,
экономикалық түсіндіру. Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде.
3. Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну.
4. Мәдениетті зерттеулерге құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар.
5. Мәдениеттің мәтіндік концециялары: Р. Барт, Ю. Кристева.
6. Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Ф. Соссюр, Ю.Лотман,
Э. Кассирер, О. Сулейменов.
7. Мәдени код. Мәдени код түсінігі.
8. Ұлттық мәдениеттің мәдени кодының қайталанбайтындығы.
9. Мәдениет кеңістігі. Мәдениеттің үшөлшемді моделі. Мәдени формалар.
10. Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық
мәдениет ескерткіштері.
11. Еуразиялық кеңістік көшпелілері мәдениетінің негізгі белгілері.
12. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері,
культтері, наным-сенімдері.
13. Сақ, скифтердің ұлы көшпелілік өркениеттері.
14. Ғұндардың көшпелілік мәдениеті.
15. Ғұндардың мифтері мен діни наным-сенімдері.
16. Қазақстандағы көшпелілік мәдениет дамуының ғұндық кезеңі.
17. Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде.
18. Орталық Азия аймағындағы мәдениеттер байланысы.
19. Түркі және қазақ мәдениеті архетипіндегі ирандық компоненттер.
20. Үнді және Орталық Азия мәдениеті сұхбаты.
21. Үнді мәдениеті мен түркі өркениетінің өзара ықпалы.
22. Түркі және ислам мәдениеттерінің өзара әсері мен өзара әрекеті.
23. Ортағасырдағы түркі мәдениеті.
24. Ортағасыр мәдениеті мен ғылымының қалыптасуындағы Әл-Фарабидің
үлесі.
25. Қарахан кезеңіндегі мәдениет.
26. Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті.
27. Түркі кезеңіндегі техниканың дамуы. Материалдық мәдениет
ескерткіштері.
28. Әл-Қашқари және оның түркі әдебиеті мен тілінің қалыптасуындағы рөлі.
29. Әл-Қашқари – түркі әлемінің ақыны.
30. Қазақтардың эпикалық мәдениеті.
31. Қазақ халқының мифтері мен аңыздары.
32. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы.
33. Халықтық поэзия формалары.
Ақын-жыраулардың музыкалық
шығармашылығы.
34. Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениеті.
35. Тоталитарлық-әкімшілік жүйе және ұлттық мәдениет.
36. Елдің индустриализациясы.
37. Ел индустриализациясындағы ғылыми-техникалық зиялы қауымның
орны мен рөлі. Мәдени саясаттың қайшы үрдістері.
38. Қазақстандық ғылымның, білім және мәдениет институттарының
қалыптасуы мен дамуы.
39. Қазақ зиялы қауымының қазақстандық мәдениет пен халықтың мәдени
дамуындағы сабақтастықты сақтаудағы үлесі.
40. ХХ ғ. Қазақстанның белгілі ғалымдары.
41. Жаһандану және этно-аймақтық мәдениеттердің өзін-өзі бірегейлендіру
мәселесі. Қазақ мәдениеті және түркі әлемі.
42. Қазіргі Қазақстанның мультимәдени кеңістігіндегі қазақ мәдениетінің
орны.
43. Заманауи қазақ мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен жаңашылдық
үдерістер.
44. Жаһандану жағдайындағы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау
мәселесі.
45. Қазақстан мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі.
46. Қазақ халқының мәдени мұрасын таратудағы ҚР мұражайлары.
47. Қазақ халқының мәдени-этникалық жадысын
сақтаудағы мұражайлардың
рөлі.
48. «Мәдени мұра» бағдарламасын, мұражай-қорықтар, Қазақстанның мәдени
және табиғи ескерткіштер жобасын жүзеге асыру.
49. «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде.
50. Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері.