Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет22/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   111
1.4.10
Интерференция
Билингвтің қолданылатын тілдерінде өзара әсер етушілік бо-
лады. Бұл әсер етушілік сөйлеуге де, тілге де қатысты және ол 
тілдің кез келген жүйесінде: фонетикада, грамматикада, лекси-
када көрініс береді. Билингвтің бір тілінен екінші тіліне әсер 
етушіліктің барлығы, сондай-ақ оның нәтижелері 
интерференция 
деп аталады. Әдетте интерференция дегеннен тек өздігінен табиғи 
түрде жүзеге асатын, бақыланбайтын процестер ұғынылады, сана-
лы түрдегі араластырулар оған жатпайды.
Интерференция бағыттары әр алуан болуы мүмкін. Көбіне 
жиірек кездесетін интерференция ана тілдің екінші тілге әсері бо-
лып табылады. Алайда, егер екінші тіл негізгі болса, онда ол ана 
тіліне әсер етуі мүмкін. Мұны өзге тілдік ортада бірнеше жылдар 
өмір сүрген қазақстандық оралмандардың қазақ тілінде сөйлеуінен 
көруге болады.
Интерференция – бұл жеке адамға тән құбылыс, алайда жап-
пай қостілділік жағдайында бір типтегі интерференциялық про-
цестер көптеген адамдардың сөйлеуінде ұшырасуы мүмкін, одан 
тіл жүйесіне еніп, одан біртілділердің де сөйлеу дағдысына әсер 
ете бастайды, сөйтіп тілдік өзгеріске алып келеді. 
Интерференция қалай тілге сіңіп, қабылданды, содан бастап ол 
лингвистерден басқалардың бәріне бөтен тіл элементі ретінде са-
налмайды.
Барлық тарихи лингвистикаға қатысты субстраттық және 
суперстраттық құбылыстардың пайда болуы алдымен интер-
ференцияға байланысты.
 
1.5 Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу әдістері мен мате
-
риал жинау көздері
Зерттеушінің алға қоятын мақсаты – өз нысанасын жан-жақты 
танып білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып, 
айқындау. Зерттеушіні қызықтыратын нәрсе – әлі шешілмеген, 


39
белгілі болмаған, мәні мен маңызы айқын көрінбеген жайттар, 
проблемалар. Алға қойған мақсатты орындап шығу үшін, зертте-
уде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Әдіс зерттеп отырған 
нысананы танудың, фактілерді талдаудың жолын айқындайды, 
яғни әдіс – көздеген мақсатқа жетудің жолы, ғылыми зерттеу ісін-
де қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдердің, зерттеу ережелерінің 
жиынтығы.
Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу әдістері – бұл оның 
өзіндік теориясы мен әдіснамасына негізделген, нақтылы қол 
жеткен нәтижелерінің жемісі. Әлеуметтік лингвистика әдістері 
пәнаралық сипатқа ие. Сондықтан да ол әлеуметтік және тілдік 
құбылыстардың өзара байланысын зерттеуде әртүрлі ғылыми 
әдістерді пайдаланады. 
Әлеуметтік лингвистикалық мәліметтер жинаудың біршама кең 
таралған әдістеріне мыналар жатады:
1.Тікелей бақылау.
2.Жасырын қосылған бақылау. 
3.Сауалнама жүргізу. 
4.Сұхбаттасу. 
5.Құжат көздеріне талдау жасау.
Тікелей бақылау
– бұл сөйлесім әрекеттерін талдау мақсатында 
сол мезетте тыңдау мен жазып алу (қолдан не магнитафон, 
диктофонға т.б). Объективті мәліметтерді алу үшін бақылауды 
дұрыс ұйымдастырған маңызды.
Зерттеуші-лингвист бақылауда әдейі құрылған немесе қайталай 
айтылған сөйлесулерді емес, алдын ала дайындалмай, табиғи 
түрде жүріп жатқан сөйлесулерді жазып алуы тиіс.
Бақылаушы-лингвист өзінің информантқа қатыстылығын, 
әсерін болдырмас үшін мынадай әдістер қолданады: 
1.Жасырын қосылған бақылау.
2.Жасырын камераға түсіру, сөйлесулерді, мимика, жестерді 
жазып алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет