Тілдік жағдаяттың сапалық белгілері:
1) тілдік жағдаятқа енетін тілдердің лингвистикалық сипаты –
жеке тілдер немесе бір тілдің қосымша жүйелері;
2) тілдер арасындағы құрылыстық-тектік қатынастар болуы
(ұқсас, туыс, бөтен-гемогенді не гетерогенді тілдер);
3) тілдердің атқаратын қызметінің маңыздылығы (үйлесетін не
үйлеспейтін тілдер);
4) мемлекеттік деңгейде алғанда басым тілдің (метатілдің) си-
паты – оның жергілікті не «сырттан келген» болуы (эндоглостық
не экзоглостық тілдік жағдаят).
36
Тілдік жағдаяттың бағалану белгілері,
яғни тұрғындардың
тілге деген көзқарастары (қарым-қатынастық қызметі, қолай-
лылығы, эстетикалық сипаты, мәдени құндылылығы т.б.) арқылы
анықталады. Ішкі бағаны ана тіл иелері, ал сыртқы бағаны – бөтен
тіл иелері береді. Тілдік жағдаятты зерттеудің тіл саясатын дұрыс
жүргізу үшін маңызы өте зор.
1.4.8 Сөз мәдениеті
Сөз мәдениетін екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1.Ауызекі және жазба әдеби тілдің нормаларын (айтылу, екпін,
сөз саптау, грамматика, стилистика ережелерін) игеру. Сөйлеудің
мақсаты мен мазмұнына байланысты тілдің көркемдік құралдарын
пайдалана білу.
2.Тілді мәдениет ретінде қарастырып, оны дамыту үшін норма-
ларды қарастыру мәселелерімен айналысатын тіл білімінің саласы.
Шетелдік лингвистикада жалпы мағынасында «Тіл мәдениеті»
деген термин қолданылады.
Әдеби тілді игеруді екі сатыға бөліп қарастырған жөн: дұрыс
сөйлеу, яғни әдеби нормаларды ұстану және шешендік өнер,
яғни бірнеше варианттан мағынаны дәл беретін стилистикасы
мен айтылуы орынды болатын сөздерді таңдай білу. Жоғары сөз
мәдениетін игеру үшін адамның жалпы мәдениеті де, тілге деген
сүйіспеншілігі де жоғары болуы шарт.
1.4.9 Сөйлеу және сөйлеу актісі
Сөйлеу
–
бір мезгілде болатын нақтылы әрекет. Сөйлеудің
дыбыстық және жазба түрлері бар. Сөйлеуге сөйлеу қызметі және
сөйлеу нәтижесі де (жатта сақталған және жазылған шығармалар)
жатады. Әдетте, Сөйлеумен тіл қарама-қарсы қойылады. Тіл – ара-
ласу құралы болса, Сөйлеу осы құрал арқылы араласуды жүзеге
асырады. Сөйлеу арқылы тіл қолданыс табады. Сөйлеу әрқашан
нақтылы болады, ал тіл абстрактілі болып қайталануы мүмкін.
Сөйлеу–кеңістік пен уақытта жасалады. Оныңі шегі болмай-
37
ды. Сөйлеу – материалды құбылыс, ол есту мүшелері арқылы
қабылданады. Сөйлеу – субстанционалды, ал тіл – формальды
құбылыс. Сөйлеу - құбылмалы, қозғалыста болады. Сөйлеу про-
цесіне тән қасиеттер: темп, ұзақтық, тембр ерекшеліктері, да-
уысталуы, артикуляциялық анықтылығы, акцент т.б. Сөйлеудің
эстетикалық (статистикалық) және этикалық (нормативті)
бағалануы болады. Сөйлеудің авторына көп нәрсе байланысты бо-
лады. Автордың ойы, сезімдері, сөз саптауы, сөйлем құрауы – бәрі
де Сөйлеудің субъективтілігін айқындайды. Сөйлеуші не жазушы
адам белгілі стильді таңдайды (ресми, менсінбей сөйлеу, құрмет
көрсету, жағыну, тіке сөйлеу, жанама, қаратпа сөйлеу т.б.). Сөйлеу
түрлері субъективтіліктің әр түрлі дәрежесіне ие болады. Сөйлеу
әр түрлі әлеуметтік қызмет атқарады. Сөйлеуді жасайтын тіл, со-
нымен қатар тілдің өзі Сөйлеуде жасалады. «Тіл сөйлеудің құралы
және нәтижесі» (Соссюр).
Қоғамда қалыптасқан сөйлеу үдерістері мен ережелеріне сай,
белгілі бір мақсатта жүзеге асырылатын сөйлеу әрекеті
сөйлеу
актісі деп аталады. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: әдейі және
белгілі мақсатта айтылуы. Сөйлеу актісінің қатары «дискурс» деп
аталады. Зерттеушілер Сөйлеу актісінің адам өмірінде алатын ор-
нын саралай келе былай дейді: «Сөйлеу – адамдардың арасындағы
іс-әрекеттің бір түрі» (Гегель). Сөйлеу актісіне байланысты
мәселелерге В.Гумбольд, Ш.Балли, С.Карцевский, Э.Бенвенист,
М.Бахтин т.б. өздерінің лингвистикалық тұжырымдамаларында
тоқталған, бірақ Сөйлеу актісінің толық идеяларының әсерімен,
тек лингвистикалық философия шеңберінде жасалған. Сөйлеу
актісі теориясының негізін ағылшын философы Дж.Остинь
қалаған. Сөйлеу актісіне қатысатындар сөйлеуші және адресант
(тыңдаушы), бұлардың әрқайсысының әлеуметтік рөлі (қызметі)
болады. Сөйлеу актісінің құралына: қоршаған орта және әңгіменің
арқауы болатын болмыстың бөлігі де енеді.
|