46
ка тіл мен қоғамның жалпы базасын, өзара байланысын осы екі
құрылымның уақытпен реттелетініне мақсатты бағытталған» де-
ген анықтама беріп түсіндіреді [13].
Бұған қарасақ, диахронды әлеуметтік
лингвистика тіл та-
рихын халық тарихымен байланыста зерттейтін әлеуметтік
лингвистикалық зерттеулердің бір бағыты ретінде анықталған.
Алайда мұндай анықтама нақтылауды қажет ететін сияқты.
Өйткені көптеген дәстүрлі зерттеулер де нақты бір тілдің даму
эволюциясына, ондағы
тілдік өзгерулерге арналып, тарихи
тұрғыдан қарастырылады емес пе? Осындай еңбектерді әлеуметтік
лингвистикалық зерттеулер қатарына жатқыза аламыз ба?
Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулердің маңызды ерекшелік-
теріне тілдік фактілер мен әлеуметтік үдерістердің жүйелілік,
кезеңділік қатынастары жатады. Сондықтан,
егер зерттеу тілдің
өзіне тән ішкі даму заңдарын және сол дамуға әсер етуші сыртқы
факторлардың ара жігін аша отырып, тілдік өзгерістегі сол не
басқа да әрекеттерді
талдай отырып көрсетсе, мұны диахронды
әлеуметтік лингвистикаға жатқызуға болады.
Мұндай жұмыстардың қатарына отандық және шетелдік
ғалымдардың тарихи-лингвистикалық
зерттеулерін, соның ішін-
де, әсіресе, ұлттық тілдердің қалыптасуын,
әдеби нормалардың
пайда болуын, әдеби тілдің қоғамдық қызметінің дамуын т.б.
қарастырған еңбектерін үлгі ретінде атауға әбден болады.
Қазақ тіл білімінде осындай еңбектерге қазақ әдеби тілінің та-
рихына қатысты Қ.Өміралиевтің, С.Исаевтың, Р.Сыздықтың; тіл
мәдениетіне, стилистикаға байланысты М.Балақаев, Б.Манасбаев
т.б. зерттеулерін айтуға болады.
Жалпы диахронды әлеуметтік лингвистикада әлеуметтік лин-
гвистикалық реконструкция және интерпретация әдісі ерекше рөл
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: