69
таңдалып, талғанып қолданылады. Міне, осыдан келіп, дүниедегі
қай тіл болмасын өзіндік ішкі жүйелілік, құрылымдық жағынан
өзге тілдермен артық-кем деп салыстыруға болмайтын жеке дара
адамзаттық құндылық болып табылса да, сол аумақта (белгілі
бір мемлекет, әкімшілік аумақ т.б.) атқаратын қоғамдық қызметі
тұрғысынан олардың өзара теңдігі жойылып, бірінің екіншіден не
артықшылығы, не кемдігі пайда болады. Демек, тіл атаулы ішкі
жүйелілік, құрылымдық жағынан бір-бірімен өзара тең болады
да, сөйлеушілерінің саны жағынан ондай теңдіктен айырылады.
Өйткені қандай да бір тілдің ішкі құрылымдық қасиеті белгілі ша-
мада оның қоғамдық қызметімен тікелей байланысты болады.
Тілдің қоғамдық қызметінің кеңеюі оның сөздік құрамының
ұлғаюына әсер етеді, кейде қандай да бір грамматикалық
құбылыстың пайда болуына не бұрынғысының жетілуіне септігін
тигізеді. Қысқасы, бір тілдің екінші тілден артықшылығы оның
өмір салаларындағы қоғамдық қызметі мен сөйлеушілерінің саны-
на байланысты болады.
Айталық, Қазақстан Республикасында қай тілді
Достарыңызбен бөлісу: