Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет39/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   111
3.1.7 Креоль 
Тілдің өмір сүру формаларын әлеуметтік лингвистикалық 
тұрғыдан сипаттағанда олардың ерекше бір түріне креоль-тіл 
енеді. Креоль-тілдерде бүгінде әлемде шамамен 10 млн адам 
сөйлейді. Осынша адам сөйлейтін бұл тілдердің әлеуметтік және 
лингвистикалық ерекшелігі неде? 
Жалпы креоль-тіл пиджинге өте ұқсас. Дегенмен бұл екеуінің 
арасында айтарлықтай маңызды ерекшеліктер бар. Енді олар-
дың арасындағы әлеуметтік лингвистикалық айырмашылыққа 
тоқталайық.
Пиджин-тіл – әлеуметтік субстратқа ие, яғни ол саудаға, қала 
жағдайына және көші-қонға байланысты өз сөйлеушілері бар тіл, 
бірақ ол этникалық тіл емес, ешқандай халықтың, ұлттың ана тілі 
болып табылмайды. Ал креоль-тіл – керісінше, бірінші кезекте бел-
гілі бір этникалық қауымдастық тілі. Басқаша айтқанда, бүтіндену, 
ынтымақтасу процесінде жаңадан пайда болған этнос тілі.
Креоль-тілі бұл – шындығында лексикалық қоры бай, өзіндік 
жүйеленген грамматикасы бар, өзіндік ішкі даму заңдары бойын-
ша кез келген тірі тілдер сияқты дами алатын толыққанды тіл.


67
Креоль-тіл өзінің пайда болуын пиджиннен бастап, біртіндеп 
өздігінен дамып жетіледі, бірақ ол құрылымдық жағынан екінші 
қосалқы тіл болып табылмайды. Пиджин-тіл ешқашан белгілі бір 
этностың ана тілі болмайды, ол тек әр түрлі тілдік ортадағы қарым-
қатынасты қамтамасыз ету қажеттігінен пайда болған қосалқы 
(көмекші) тіл ғана. Ал креоль-тіл ана тілі дәрежесіне (көпшілігінде 
пиджин-тілді тұтынушылардың екінші ұрпағы үшін) көтерілуі 
мүмкін. Сондай-ақ әртүрлі тілдік ортада этносаралық, тіпті 
ұлтаралық тіл қызметін атқаруы да мүмкін.
Бүгінгі таңда креоль-тілде сөйлеушілер саны күн санап өсуде. 
Өйткені креоль-тілдің негізі ағылшынтілді, французтілді, испан-
тілді және португалтілді пиджиндер болып табылады [27,301-
302.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет