Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет47/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111
қоғамдық-саяси салада
алдымен қолданылатын тіл. Бұл 
біздің соңғы Конституциямызда (7-бап), Тіл туралы заңда анық 
көрсетілген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ 
тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық 


79
қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік 
басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу 
тілі» (1 тарау, 4-бап). 
Зерттеу нысаны болып отырған Алматы облысындағы 
қоғамдық-саяси салада қазақ тілінің жағдайы қанағаттанарлық 
деңгейде. Алматы облысы – іс қағаздарын мемлекеттік тілге толық 
көшірген, ана тіліміздің қолданыс аясы ауқымды облыстардың 
бірі («Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 
ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2006 
жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығының 1-ші тармағының талап-
тарын орындау мақсатында облыстың барлық жергілікті өкілетті 
және атқарушы органдары 2008 жылдан бастап мемлекеттік тіл-
ге көшірілді). Айталық, облыс бойынша мемлекеттік органдарда 
мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіштері мынаны көрсетеді: 
2004 жылы облыстық басқару органдарында ісқағаздарының тек 
16 пайыздайы ғана мемлекеттік тілде жазылса, бұл көрсеткіш 2005 
жылы 44,5 пайыз, 2006 жылы 65,2 пайыз, 2007 жылы 81,2 пайыз, 
2008 жылы 87,3 пайыз болды. Ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 94,0 
пайызға, 2010 жылы 97,0 пайызға және 2011 жылы 97,5 пайызға 
көтерілді. 
Мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасындағы тіл 
туралы Қазақстан Республикасы заңының орындалуын бақылау 
мақсатында 13 аудан мен 2 қалада, 36 облыстық басқармада зерде-
леу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде облыс бойынша 7083 мемлекеттік қызметкер болса, оның 
856-сы – өзге ұлт өкілі. Сол барлық мемлекеттік қызметкерлердің 
80 пайызы ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе алатын 
деңгейде. Сонымен қатар тілдік жағдайға мониторинг пен талдау 
жүргізетін автоматтандырылған жүйені қолдану арқылы облыстық 
және жергілікті атқарушы органдардағы кіріс-шығыс құжаттарына 
ай сайын мониторинг жасалып тұрады. Нәтижесінде облыс бойын-
ша ортақ көрсеткіш 97 пайызға жетті [32]. 
Облыста қоғамдық саяси өмір саласында әдеби тілдің жазбаша 
формасы кең түрде қолданылады. Ол жергілікті атқарушы орган-


80
дар қаулыларында, түрлі актілер мен заңдарда, ережелерде, ресми 
және іскерлік хат, хабарларда т.б. қатынастарда кітаби ресми іс 
қағаздар стиль тармағында көрінеді. 
Мемлекеттік тіл – жоғарыда айтып өткендей, елдердің 
қоғамдық-саяси өмірінде алдымен қолданылатын тіл. Алайда 
Қазақстанда бұл салада алдымен орыс тіліне жүгіндік, әлі де солай. 
Бұл салада да біртіндеп, кезең-кезеңімен, жоспарлы түрде мемле-
кеттік тілге көшу керек. Қазірдің өзінде осы жұмысты екі бағытта 
бастауға болар еді: бірі – қаулы, қарар, жарғы, ережелер, үндеу 
т.б. құжат түрлерін қазіргідей орысша дайындап, содан қазақшаға 
аударуды доғарып, бірден қазақ тілінде дайындау. Өйткені орыс-
шадан аудару мемлекеттік тілдің беделін түсіріп қана қоймайды, 
ішкі заңдылығын да бұзуда. Ашығын айтайық, орысша білмейтін 
қазаққа түсініксіз құжаттар көбейіп барады. Екіншісі – қазақша 
жазылған хат, арыз, шағым, өтінішке (тіпті сөйленген сөзге де) тек 
қана қазақша жауап (машинка болмай, қолмен жазылса да) талап 
етуге дағдылану, орысша жауапты қабылдамау. Айта кету керек, 
Қазақстан үкіметінің 20-жылдары қазақ болыстары мен ауылдық 
кеңестеріне орысша түскен қаулы қарарларды қайтарып жіберу 
керектігі жөніндегі үкімет тәртібі ресми құжаттарда көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет