р/с Тілдердің қарым- қатынастық рангілері Тілдердің жекелеген рангілері бойынша жүзеге асырылатын қарым-қатынастық көлемі 1
Әлемдік тілдер
2
Халықаралық тілдер
3
Мемлекеттік тілдер
4
Аймақтық тілдер
5
Жергілікті тілдер
Әлемдік тілдер. Бұлар – этносаралық және мемлекетаралық
қатынастардағы, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың ресми және
жұмыс тілдері деген мәртебесі бар тілдер. Оларға: ағылшын, араб,
испан, қытай, орыс, француз тілдері жатады.
Бұл алты тіл БҰҰ-ның басты органдарында (Халықаралық
соттан басқасында) ресми тіл болып табылады. Гаагадағы
Халықаралық Соттың ресми тілі – француз және ағылшын тіл-
дері. Ал Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеяда олар жұмыс тіл-
дері деп аталады. Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық
Ұйымында (ЕҚЫҰ – ОБСЕ) ресми және жұмыс тілдері: ағылшын,
испан, италян, неміс, орыс және француз тілдері болып табылады.
Кейбір тілдер БҰҰ-ның құжат тілі мәртебесін алған. Бұл тіл-
дерде ресми түрде Бас Ассамблеяның және Қауіпсіздік Кеңесінің
резалюциялары, баяндамалары (толықтай немесе ішінара) аудары-
лады. Мұндай мәртебедегі тілге көбіне неміс тілі жатады.
Халықаралық тілдер. Бұлар - халықаралық және этносаралық
қатынаста кең қолданылатын және бірнеше мемлекеттерде мемле-
кеттік немесе ресми тіл деп заңдастырылған мәртебесі бар тілдер.
Олар: 1) португал тілі; 2) Малай-индонезия тілі (Малай архипила-
гы елдерінде – Индонезия, Малайзия, Филипинде қолданылады);
3) вьетнам тілі (ол 57 млн. халқы бар Вьетнамның 51 млн. адамның
ана тілі, ол бұдан басқа ресми тіл, сондай-ақ ол Комбодже, Лаос,
Тайланд, Жаңа Каледон, Франция, мен АҚШ-та кеңінен таралған);
4) Сухали (ағылшын тілімен бірге ресми тіл ретінде Танзания, Ке-
76
ния, Угандада қолданылса, Заир мен Мазамбикте де таралған; су-
халиді кейде лингва франка деп те атайды. Шығыс және Орталық
Африкада бұл тілде шамамен 50 млн. адам сөйлейді).