164
Тіл саясаты тілдік топтар өкілдеріне қатысты жүргізіледі және
тілдік жағдаятқа немесе тілдік проблемаға мемлекеттің көзқарасы
ретінде көрінеді. Бұл өз кезегінде алдымен сол тіл саясатының ба-
стау көзі болып та саналады.
Ғалымдар тіл саясатының бірнеше түрлерін ажыратып
көрсетеді. Қолданылатын шаралар мен құралдарға байланысты
радикалды-этатикалық немесе либералдық тіл саясаты болып
бөлінеді. Сондай-ақ тіл саясатының түріне ассимиляциялауды,
мәдени плюрализмді және автономизмді жатқызады. Тілдік асси-
миляциялау радикалды-этатикалық әдіспен жүргізіледі, яғни бел-
гілі бір ұлтты мемлекеттен бөлектейді, үлкен тілдік топтар тілдік
азшылық ұлыстарға басымдылық көрсетіп, тұншықтырады.
Тіл саясатындағы автономизм мемлекеттің жүргізіп отырған тіл
саясатына қарамастан өз кеңістігі ішінде белгілі бір диаспораның
тілін дамытуды көздейді. Мәдени плюрализм сол мемлекет
аумағындағы барлық ұлттар мен ұлт тілдерінің дамуына жәрдем
береді, ол ынталы әрі төзімді түрде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: