Аманбаева Мейрамкүл Жасұзаққызы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сунақата ауылы №194 орта мектебі



Дата25.12.2016
өлшемі0,71 Mb.
#4949


Аманбаева Мейрамкүл Жасұзаққызы

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Сунақата ауылы

194 орта мектебі



Өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі

1. Бала жанының әдемілігін түсін, Ана! (Тренинг)

Қатысатындар: 8- сынып оқушыларының ата – аналары, пән мұғалімдері.
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.

Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,

өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.

ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі

жайлы түсіндіру.
Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық тестілеу
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған слайд , маркер, әдістемелік бланк, үлестірме қағаздар, тесттер;


Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір-біріне кедергі жасамау
3. Бірігіп жұмыс жасау
4. Күлімсіреу

I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Тренингке қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу.Тыныштық сәті. Әуен тыңдату.
II. Барысы:
1. Психологиялық ойын.
«Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын» атты жаттығу.
Барлығы бір - бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады. Ойынды бірінші отырған адам бастайды. Кейінгілер осы бірінші ойыншының есімін шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре атау. Әркім өзін таныстырып, өзі жайлы бір - екі ауыз сөз айтып, онан соң оң жақтағы көршісі де солай жалғастырады. Қатысушылар түгел танысып болған соң, топтағы көңілі қалаған екі - үшеуіне ата - аналардың есімін ретімен атап шығу


- Өз есімдеріңізді түрлендіре естігенде қандай сезімде болдыңыз?
Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді. Сондықтан бұдан былай үнемі бір-бірімізге қарап сөйлегенде есімімізді еркелете, жағымды атаудан бастайық
2. Топтастыру.
Ата - аналарды үш топқа бөлу. Әркім өзі қалаған жеміске барып отырады. Ата - аналарды тренинг ережесімен таныстыру.

Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір-біріне кедергі жасамау
3. Бірігіп жұмыс жасау
4. Күлімсіреу

2. «Ми шабуылы»

1 топ.
1) «Сіздер дәрігерсіздер» Қолыңызда жүрек біреу. Ол жүрекке мұқтаж 4 науқас жатыр.

1. Нәресте 6 айлық

2. Үйі жоқ бомж

3. 60 жастағы көп балалы ана

4. Дарынды бала. Қайсысына өмір сыйлар едіңіз?


2 топ. Ұлыңыз немесе қызыңыз мектептен қатты қуанып келді. Пән бойынша сайыстан жүлдеге иеленген екен. Сіздердің келесі әрекеттеріңіз қалай болмақ?

3 топ. Балаға өз жеке басыңыз арқылы қалай үлгі - өнеге көрсетесіз?
3. Ата - аналарға сауалнама тест тарату.
Сіз қандай ата - анасыз?
«Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата - ана бола аламыз ба?» деген сауал төңірегінде ойланып көрдік пе? 
Сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беру арқылы өздеріңізді тексеруге болады


3. «Ән айтайық» жаттығуы
Балаларыңыз жақсы көретін әнді айтасыздар.
4. Шығармашылық жұмыс Бала жаны гүлдену үшін не істеу керек?
Топқа тапсырма:


І топ. «Менің баламның жүрегі» Бұл жүрекке не керек?

ІІ топ. Өмірде сіздер үшін не маңызды?

ІІІ топ. Бала келешекте белгілі бір мамандық иесі болу үшін?

Плакатқа тапсырманы орындап, әр топ қорғайды.


Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек.Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана құдайдан перзент тілеген. Перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған. Содан кейін «Баламның табанына кірген шеңге менің маңдайыма кірсін»,- деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр»,- деп құдайға жалбарынған. Перзентсіз ананың ой-қиялы сұрқай, күзгі бақтай көңілсіз, сұрғылт түздей жабырқау.


Өз кезінде Шал ақын былай деген екен:
Босағасын алтыннан соқсаң дағы
Перзент сүймей, адамның мейірі қанбас
Әсіресе, Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана баланы тоғыз ай бойы көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уілдететін, жылауын қойғызатын халықтың халықтығының басты нышаны - туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да - Ана. Ана жүрегін, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты сезе біл!

«Жүрек жылуы» жаттығуы
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді.

«Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен тілек білдіресіз.


Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?
- сізге тілекті шынайы айтты ма?
- сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?

5. «Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы

«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата - ана топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға жеткізіп, айтып береді.


6. Ата - аналарға кеңес.
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
Жүректен жүрекке (Ата - аналар шеңберге тұрып, бір шоқ гүлді кезек - кезек бір - біріне беру арқылы жылы - жылы тілектерін айтады)
8. Қорытынды. Бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысымызды білдіреміз.
Нәтиже: Ата - аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз - өзін сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алады

8. Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш,


Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
Ананың кезі бар ма кекті болған, 
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан. 
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек: 
«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ... 
Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер

Сол бағдарламаның артында жүрекше, күн, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар.

- Осы белгілер бойынша оқушыға,ата-анаға,мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады.
3.Сабақ жоспары

Пәні: Өзін – өзі тану

Тақырыбы:Жылы жүрек - жақсы тілек

Құндылығы : Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Мейірімділік, ізгілік

Сабақтың мақсаты: Балаларды «жақсы тілек» айтуға үйрету,баулу

Міндеттері:

жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

қайырымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту

ізгілікке, ізеттілікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу



Көрнекіліктері:үнтаспа,жүрекше,оқулық, дәптер,суреттер т.б.
I.Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

.Тәртіп

.Талап

.Тыныштық

.Тазалық

.Татулық

II. Тыныштық сәті

-Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!

Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.


  • Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.

Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

IY. Дәйексөз



Жақсы сөз – жарым ырыс

Халық мақалы

Мақалдың мағынасын сұрай отырып, түсіндіру,хормен айтқызу арқылы жаттату.

-Жақсы ой,жылы лебіз,жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді.

Y.Әңгімелеу.(Мұғалім сыйы)

«Алтын балық « ертегісін түсіндіру.


YI. Дәптермен жұмыс

«Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап күн сайын өзіңнің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып жүріңдер.


YII Шығармашылық жұмыс.

Балаларды 4 топқа бөліп алып, әр топ басшысы суретті таңдап алады да , әр топ өздері тілек айтады.


1-топ »Досына»тілек айтады.
2- топ «Ата-анасына» тілек айтады.
3- топ «Халқына» тілек айтады.
4- топ «Мектебіне» тілек айтады .
YIII Топпен ән айту.
Әрқашан күн сөнбесін әнінің әуенімен
Күн әлемі, біз әдемі,

Жақсылық біз жасауға

Кең пейілді, мол мейірімді

Болайықшы әрқашан


Әрқашан нұр төгілсін

Жақсылық күнде болсын

Ата-анам бірге болсын

Бір болсын барша адам


IX. Үйге тапсырма беру

«Ұқыпты бала – әдепті бала» мәтінін оқып келу.
Сабақ соңындағы тыныштық сәті (2мин)

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстапе, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»


4. Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Кешірімділік-көңіл кеңдігі»

Сыныбы: 8

Өтілетін күні: 19.ХІ.2013

Өтілетін орны: Математика кабинеті




Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың «Кешірім», «Кешірімділік»

жайлы түсініктерін кеңейту;

2.Айналадағы адамдарға ,досқа, жанұя

мүшелеріне кешіріммен,түсінісушілікпен,

ізгілікпен қарауға үйрету;

3.Кешірімді,мейірімді болуға тәрбиелеу.



Құндылығы: Сүйіспеншілік
Сабақтың барысы: Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. Баяу әуенмен
Ыңғайланып отырайық.Денемізді түзу ұстайық.Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз.Қолымызды тіземіздің үстіне болмаса үстел үстіне қойып аламыз.Көздерімізді жұмайық.Елестетіп көрейікші:

Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.

Кеудеңіздің ортасында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тірек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер жасайды және баршамызға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға барды.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналады.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздерді ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге жетті,көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылдана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге, достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұрды бүкіл әлемге: барлық адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,жан-жануарларғаүөсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын.Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын..Нұр менің ішімде..Мен Нұрмын».

Осындай Нұр,Махаббат,тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге апарыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру.
М.Мақатаевтың «Жүрейік ,достар,күнде өстіп» өлеңін оқып,берілген сұрақтар бойынша дайындалып келу тапсырылған.

-Адамдар арасындағы реніштің тууына не себеп болады?

-Адам адамға тек қуаныш сыйлауы керек деген пікірді кім түйіндейді?

-Біреуге өкпелеп,ренжігенде өздеріңді қалай сезіндіңдер?



Ендеше қорытындылайық.Адамдарға ренжу,өкпелеу-еш пайда әкелмейді.Күйзеліске апарады,денсаулыққа зиянын тигізеді,отбасының берекесін алады,жүректі қатайтады.Сондықтан адам адамға түсіністікпен,кешірімділікпен,жылы сөзбен қарым-қатынас жасағаны жөн.Қолымыздан келгенінше куаныш сыйлаған дұрыс,сонда адами қасиеттерімізді,адамгершілігімізді жоғалтпаймыз.

Дәйексөз
Кешіре білген адам-күшті адам

Ахмет Йүгнеки

-Дәйексөздің мағынасын кім қалай түсінеді?
Дәйексөз есімізде қалу үшін бәріміз бірге айтайықшы.


Мәтінмен жұмыс.
Шіріген картоп.Өсиет әңгіме. Мазмұнын өзім айтып беремін.

-Әкесі баласына неліктен мұндай тапсырма берді деп ойлайсыңдар?

-Балалары тапсырманы қалай орындады?

-Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?

-Кешірімділіктің пайдасы қандай?
Кешірімнің күші. А.Бейсебай
Шығармашылық жұмыс.Топқа бөліну. «Кешір мені» тақырыбында

І топ тапсырмасы: хат жазу

ІІ топ тапсырмасы: сурет салу

ІІІ топ тапсырмасы: өлең жазу

ІҮ топ тапсырмасы: сыйлық беру
Назар аударайық. Төмендегі ақпаратты мұқият қарап шығып, жадымызда сақтайық:
Қателік жасап, кінәлі болғандармен сөйлескенде, олардың жан айқайын, тілектерін тыңда, жәрдем беруге, өтініштерін тыңдауға әзір бол. Олардың жақсы ниетке ауысуына жағдай туғызып, қайырымды, игі істер жасауына көмектес.

Түйіндеме

Ойлағаныңыз тек оң болсын,

өйткені ойлағандарыңыз- сөздеріңіз болады.

Сөздеріңіз тек оң болсын,

өйткені сөздеріңіз-әрекетіңіз болады.

Әрекетіңіз тек оң болсын,

өйткені әрекетіңіз- әдетіңіз болады.

Әдеттеріңіз тек оң болсын,

өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады.

Құндылығыңыз тек оң болсын,

өйткені құндылығыңыз – тағдырыңыз болады.

Қорытындылау


  • Адам кешірімшіл болып,кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа,жақсылыққа толы болады.Ондай адам өзімен-өзі, өзгелермен үйлесімділікте өмір сүреді.

  • Кешірімді болу-айналаңа деген мейірімді болудың,ақылдың, өзара түсінісудің көрінісі.Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.Сондықтан әркез кешірімді болайық.Бір-біріміздің көңілімізді,жүрегімізді жараламайық.Адамдық асыл қасиеттерімізді бағалайық

Соңғы тыныштық сәті бірге айтылады:

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді ұмытайық өзгеге,

Кешірімді болайықшы ағайын!

Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.

Қаратайық құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!
Үйге тапсырма: Дәптермен жұмыс

Пән мұғалімі Аманбаева Мейрамкүл



№ 194 орта мектебі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет