Аманиязова Ұ фко-302 11СӨж астрономия жұлдыздардың спектрі мен жарқырауы



Дата18.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#197577
Байланысты:
Мусаева Құндыз 11 сөж
күнделік жұмыс жоспары, Зат курылысы Князова А. ХБ-201 9апта , Гентикккк, Педагог 2 (1), Информатикадан тест 6 сынып, 0a7ef430cd483f3dcc06384fa76fa259

Аманиязова Ұ ФКО-302
11СӨЖ
АСТРОНОМИЯ


ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ СПЕКТРІ МЕН ЖАРҚЫРАУЫ


Жұлдыздардың спектрлік жіктелуі — спектріндегіайырмашылықтары бойынша анықталған жұлдыздаржіктелуі.

19-шы ғасырдың 2-ші жартысында жұлдыздарға жасалған спектрлік жіктелулерінің ішіндегі ең сйтті шыққаны - Гарвард жіктелуі. Оны 19 және 20 ғасырларды америкалық астроном Э.Кеннон жасаған. Бұл жіктелудің негізіне атлмдық спектрлік сызықтардың немесе молекулалық жолақтардың интенсивтігі алынған. Мұнда жұлдыздардың үздіксіз спектіріндегі энергияның таралуы ескеріледі. Жұлдыздардың спектріндегі ерекшіліктер негізінен олардың беттерінің температурасымен анықталады. Әр түрлі жұлдыздардың жарқырауы мен спектрлік кластары арасында (немесе бетінің температурасы), Герцшпрунг — Рассел диаграммасындакөрсетілгендей белгілі бір тәуелдік байқалады.




Жұлдыздар бір кластан екінші класқа үнемі ауысып отырады. Спектрлік кластардың ішінде ондық бөліктер де болад, мысалы, В0, В1, В2,..., В9, А0.... Барлық жұлдыздардың 99 %-ы В-М спетрлік кластарына жатады, O, R, N, S класындағы жұлдыздар сирек кездеседі.
Ж
ұлдыздардың спектрлік жіктелуі әріптермен белгіленіп, температураның кемуіне қарай мына тәртіпте орналастырылады:
O-класы (t ≈ 40 000 °C - 25 000°С). Бұл класқа спектірінің ультракүлгін бөлігі күшті дамыған өте ыстық жұлдыздар жатады. Бұл жұлдыздардың спектрі, негізінен иондалған гелий сызықтарынан тұрады. Бейтарап гелийдің, бірнеше рет иондалған азоттың, көміртектің, кремнийдің сызықтары да көрінеді.
В-класы (t ≈ 25 000 °C - 12 000°С). Бұл класқа жататын жұлдыздардың спектрлерінде бейтарап гелийдің, иондалған оттектің және азоттың сызықтары кездеседі.
А-класы (t ≈ 11 500 °C - 7 700°С). Спектрлерінде Бальмер сериясына жататын сутек сызықтары көп кездеседі.
Ғ-класы (t ≈ 7 600 °C - 6 100°С). Спектрлердегі сутек сызықтары өте интенсивті болады, бірақ оның құрамында иондалған металдар мен бейтарап металдардың көптеген сызықтары байқалады. Иондалған кальцийдің Н және К сызықтары өте интенсивті болады.
G-класы (t ≈ 6 000 °C - 5 000°С). Металдардың күшті спектрлік сызықтарының ішінде сутек сызықтарыайрықша көзге түспейді. Н және К сызықтары өте интенсивті болады. Күн G 3 класына жатады.
K-класы (t ≈ 4 900 °C - 3 700°С). Н және К сызықтары, толқын ұзындығы 4227 Å сызық және G жолағы өте күшті дамыған сызық.
M-класы (t ≈ 3 600 °C - 2 600°С). Бұл класқа жолақ сызықтары бар қызыл жұлдыздар жатады. Әсіресе, титан тотығы жолақтары ерекше көзге түсіп тұрады.
R-класы (t ≈ 5 000 °C - 4 000°С). Бұл кластың спектрлері көп жағынан G 5 - К 5 спектрлеріне ұқсас.
N-класы (t ≈ 3 000 °C - 2 000°С). С2 және CN спектрінің қызыл жағы шектелген жолақтарын жұту күшейе түсетіні байқалады.
S-класы (t ≈ 3 000 °C - 2 000°С). Бұл кластың жұлдыздары М және N кластарының жұлдыздарына ұқсас келеді.
Жұлдыздардың спектрлік жіктелуі жиі өзгереді. Жұлдыздардың спектрлері спектрофотометрлік әдістерінің көмегімен анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет