21. Тарату қатарларының графикалық бейнесі. Кездейсоқ шамаларды бас әріптермен белгілейік Х, Y, Z және т.с.с., ал олардың мүмкін мәндерін – сәйкес кіші әріптермен х, y, z және т.с.с.
Х дискретті кездейсоқ шаманы мүмкін мәндерімен х1, х2, …, хn қарастырайық. Осы мәндердің әрқайсысы мүмкін, бірақ шынайы емес, және Х шамасы белгілі ықтималдықпен осы мәндердің әрқайсысын қабылдай алады. Сынақ нәтижесінде Х шамасы үйлеспейтін оқиғалардың толық тобының бір мәнін қабылдайды:
. (1.10)
Осы оқиғалардың ықтималдықтарын Р әріптерімен сәйкес индекстерімен белгілейміз: