Х, Y, z және т с. с., ал олардың мүмкін мәндерін – сәйкес кіші әріптермен Х


Іріктеу әдісі және жалпы параметрлерді бағалау



бет6/8
Дата25.03.2022
өлшемі79,5 Kb.
#136759
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
21-24 мат ондеу

23. Іріктеу әдісі және жалпы параметрлерді бағалау.
Педагогикалық эксперименттің мақсаты – тиімді құралдар арқылы зерттеулердің нәтижелерін салыстырып, іріктеу жасау. Егер әр түрлі топтар салыстырылса, іріктеу тәуелсіз деп аталады, егер салыстыру бір топтың ішінде жүргізілсе, іріктеу тәуелді деп аталады. Педагогикалық эксперименттің нәтижесі тиімді, дәлелді болу үшін ол екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңі – ізденіс, екіншісі бұқаралық қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Педагогикалық эксперимент барысында бірөлшемдік статистикалық талдау қолданылады. Бірөлшемдік статистикалық талдауда қолданылатын критерийлерге мыналар жатады: таңбалар критерийі, Макнамара критерийі, Пирсонның критерийі, Вилкоксон критерийі, медианналық критерий, т.б. Аталған критерийлер екі шағын топтардың сипаттарын салыстыруға бейімделген. Әр аталған критерийлердің теориясы төмендегі құрылымдардан тұрады: а) эксперименттік өлшемдердің типін анықтау; ә) өлшем шамасының үздіксіздігі не дискреттігі; б) зерттеу жүргізгенде өлшеу шкаласын таңдау; 7 Кіріспе в) тексерілетін статистикалық болжамдардың анықтамалары және оны қабылдау, қабылдамау ережелері.
Бас жиынтықтан элементтерді іріктеп алу үшін ықтималды іріктеудің келесі әдістері қолданылады:

  • қарапайым кездейсоқ іріктеме

  • жүйелі кездейсоқ іріктеме

  • мөлшерге пропорционалды ықтималдылықпен іріктеме

Қарапайым кездейсоқ іріктеу бас жиынтықтың әрбір элементі үшін іріктеліп алынудың тең ықтималдылығын қамтамасыз етеді. Осы әдістің келесі алуан түрлері кездеседі: қайталанатын кездейсоқ іріктеу; қайталанбайтын кездейсоқ іріктеу.
Қайталанбайтын кездейсоқ іріктеу қайталанатын кездейсоқ іріктеумен салыстырғанда іріктемелі байқаудың неғұрлым нақты нәтижелерін береді, өйткені іріктеменің бірдей көлемінде байқау бас жиынтықтың көп бірліктерін қамтиды. Қайталанбайтын іріктеу жүргізу мүмкін болмаған жағдайда ғана қайталанатын іріктеме пайдаланылады.
Үлестірімді шаманың параметрлерін бағалау.
Бас жиыннан алынған көлемдi
(2.4)
таңдамасын қарастыралық. Анықтама бойынша, (2.4) таңдамасына қатынасатын - кездейсоқ шамалар. Бұл кездейсоқ шамалар тәуелсiз және олардың үлестiрiмi бiрдей, яғни тең үлестiрiмдi. Атап айтқанда, -тiң әрқайсысының үлестiрiмi бас жиынға сай келетiн х кездейсоқ шамасының үлестiрiмiне тең болады.
Бас жиынның сипаттамасына баға деп таңдама мүшелерiнен жасалған функциясын айтады.
бағасы (2.4) таңдамасы бойынша құрылғандықтан, таңдама көлемiне байланысты болады. Сондықтан, параметрiнiң бағасы деп белгiлеймiз.
Бас жиынның параметрi үшiн нүктелiк деп аталатын бағалаудың мақсаты – бағалардың iшiндегi ең тәуiр бағасын сайлап алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет