Аманжол Гулия
бастауыш сынып мұғалімі
Степногорск қаласы
А. Косарев атындағы № 9 орта мектебі
Тілашар ертеңгілігі.
Тақырыбы: «ОҚИМЫН, ОЙЛАЙМЫН, ОЙНАЙМЫН»
Мақсаты:Оқушылардың мектеп туралы білімдерін кеңейту. Жұмбақ, өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту. Балаларды үлкендерді сыйлауға, айтқан ақылдарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Түрлі ойындар арқылы ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Пернелік тақта, суреттер, қима, үлестірмелі суреттер, нақыл сөздер.
Өту барысы:
Мұғалім:Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Күні кеше білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан бөбектеріңіздің бүгінгі «Тілашар» тойына қош келдіңіздер! Ендеше ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.
Шаттық шеңбері. Музыкалық әуенмен.
Қайырлы таң ұстазым,
Қайырлы таң достарым.
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
Добрая утра учитель,
Добрая утра друзья.
Посмотрите друг на друга,
Пожелайте добра.
Шұғыла
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді соқпақ саламыз.
Уа, халайық, халайық.
Мұнда назар салайық.
Бүлдіршіннің ортада,
Тілашарын ашайық.
Гүлжан
Ұрпақпен ұласады мұрат арман,
Бәйтерек бой көтерер құба талдан.
Тойлаңдар,
Қуаныңдар, ағайындар,
Шалқып қайт, шаттық тойы -
Тілашардан!
Мұғалім сөзі.
Бүлдіршіннің тілі жеке – жеке сөзді айтуға икемделе бастағанда тез шығу үшін «Тілашар тойы» жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, шешен ақсақалдары арнайы шақырылады екен.
«Той» деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Ән менен күй көңіл сырын ашады.
Той деп келген қонақтарға мың алғыс!
Ақ жаулықты аналар – той шашуын шашады:
- деп, ақ жаулықты анамызды ортаға шақырып, бата тілесек.
Музыка әуені.
7 оқушы ортаға шығады. Әр оқушы өлеңін оқып, әріптерін ашып отырады.
Тойымыздың аты – «Тілашар» сөзін көтереді.
1-Айсар «Т»
Құтты болсын қадамың
Құтты болсын талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім отын жағамын
2- Мадияр «І»
Мектебім айтар әнім
Сан рет қайталадым
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе қайтарамын
3-Дильназ «Л»
Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
4-Алихан «А»
Бар байлықты басқарып
Оқу- білім тұрады.
Кітапты көп оқыған
Білімді боп шығады.
Томирис «Ш»
Қуаныш – бүгін мереке
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы
Жан досым, саған мың сәлем!
5-Ақбота «Ш»
Үміттерін ақтай біл,
Әкең менен анаңның.
Жүрегіне сақтай біл,
Жақсы сөзін дананың.
6-Санжар «А»
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар оқылық
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
7-Әмірхан «Р»
Еркелік жоқ кешегі,
Оқушымын көшелі.
Білім алып бойыммен
Ойым да енді өседі.
Хормен: Тойымыздың аты «Тілашар».
Өте тамаша!
Ән шашу «Ертегілер».
Олай болса Толғанбайқызы Балаусаның орындауында «Ертегілер» әнің қабыл алыңыздар.
Мұғалімнің сөзі.
Балалар осы ақ тағамдарды қайдан және неден аламыз?
-Иә, дұрыс айтасыңдар. Ауылда ұстайтын сиырдан аламыз. Сүттің қандай пайдасы бар? (Балалар өз пікірлерін айтады).
- Сүт адам денсаулығына өте пайдалы екен. Одан ірімшік, құрт, май жасаймыз, айран қатырамыз. Ал олай болса бізге ақ тамағын беретін сиыр бізге тапсырма алып келіпті.
1 Сиырдың тапсырмасы:
Жұмбақтар.
Аққу да бар бүркітте жоқ,
Аюда бар, борсықта жоқ (А)
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді (қаламсап)
Түрлі сәуле төгілген,
Көпір көкте керілген (кемпірқосақ)
Гүл секілді
Құлпырады, көктейді
Күн секілді,
Бірақ нұрын төкпейді. (Күнбағыс)
Ал балалар біз сиырдың тапсырмасын орындадық, енді өзіміздің қандай өнерлі екенімізді бір көрсетіп жіберейік.
Балалардың тақпағы.
1-Аружан
Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.
10- Балауса
Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.
1-Жаным
Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды
Жақсы көрем бәрінен
Әдемілеп жазғанды
Мектеп жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім
Кітабымды қолтықтап
Мектебіме жеткенім
1- Айдана
Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді,
Білім жиып өсемін.
Төгіп адал терімді.
Мен мектепке барамын.
Ән шашу. «Айгөлек». Би.
Орындайтын Аманжол Ақмаржан.
Далада үлкен- үлкен, биік – биік болып жайқалып, бізге таза ауасын беріп, улы газды өздеріне сіңіріп өсетін нелер?
Ағаштар. Ағаштардың қандай пайдасы бар?
Ағаштардан жиһаздар жасаймыз, ауылдық жерлер үй жылыту үшіп отын ғылып пешке жағады және де қағаздар, яғни біздер оқып - жазып жүрген дәптер, кітап, альбомдар жасалады екен. Ал балалар осы ағаш сендерге мені үнемі пайдаланасыңдар мен сендерге тапсырмалар алып келдім осы тапсырмаларымды орындар беріңдерші дейді. Орындаймыз ба?
2. Ағаштың тапсырмасы:
Әріптерден сөз табу
Саған жақын бір адам,
Үш әріптен тұрады
Оқысаң да қай жақтан,
Бір сөз болып шығады
(Ата, апа, аға,іні, ана)
Егер Т-дан бастасаң,
Жер биігі боламын.
Т-ны алып тастасаң,
Балық ұстай аламын.
(тау-ау)
Балалар дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дұрыс екіге бөлінеді. Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Олай болса дыбыстық талдау жасасақ. Ана сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
А – ол қандай дыбыс? Дауысты.
н – дыбысы қандай дыбыс? Дауыссыз.
А – ол қандай дыбыс? Дауысты.
Неше буыннан тұрады? А – на – екі буын.
Нан, шана, дала, қала, ағаш сөздеріне дыбыстық талдау жасаймыз, буындаймыз.
Ал ағаштың тапсырмасын орындасақ онда осы ағашымызға өзіміздің өнерімізді көрсетейік.
Балалардың тақпағы.
Алихан
Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз – оқушы баламыз!
9-Ақмаржан
Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
Сәнім
Адам болар баланың,
Қайтармайық талабын.
Мектепті алғаш аттаған,
Құтты болсын қадамың.
Хор: «Балапан» әні.
3. Ендігі кезек дүкеншінің тапсырмасы:
Есік қағылады, бұл кім екен? А-а-а Бояугүл апай сіз бе, келіңіз!
Мұғалім: Қандай бұйымтайыңыз бар, айтыңыз?!
Мен балаларға тойларына шашу ретінде, түрлі боялар мен суреттер ала келдім. Кім суретті әдемі салады екен білгім келеді. Ол үшін ортаға анасы мен баласы шығып мына ағаштарда жасырылған тапсырмалардан алып, қандай тапсырма берілсе сол суретті салып белгілі бір уақытта бояуы керек. Ол үшін бір ата – ана мен оның баласы керек.
1 тапсырма:
Ағашта: алма, алмұрт, қияр, қызанақ, күннің көзі, кітап деген жазулар ілініп тұрады.
2 – тапсырма: «Орнынды тап».
Оқушылар берілген әріптерден сөз құрап, математикалық есептеулерді тез есептеп, орын – орындарына тұра қалуы керек.
Ана, ата, аға, қала, ағаш, 1+1=2 2+1=3 1+0=1 2+0=2
Енді ата – аналар шығып осы буындардан сөйлем құрастыру керек.
Мысалы: (9 адам) Ме-нің ба-лам о-зат о-қу-шы. Бү-гін ме-нің ба-лам бес-тік де-ген ба-ға-ны ал-ды. (15 адам)
Мұғалімнің сөзі.
Балалар қандай құстарды білесіңдер?
Қарлығаш, тауық, әтеш, үйрек, қарға, сауысқан, т.б.
Құстар нешеге бөлінеді?
Үй құстары және дала құстары болып екіге бөлінеді.
Ал, қандай үй құстарын білесіңдер?
Тауық, үйрек, қаз, күркетауық, оның балапандары.
Үй құстарының қандай пайдасы бар?
Жұмыртқасын жейміз, етін жейміз және жүнінен жастық, көрпелерге саламыз, киімдердің ішіне саламыз.
Балалар осы үй құстарының ішінде тауық сендерге мынандай тапсырма алып келіпті. Орындаймыз ба?
4. Тауықтың тапсырмасы:
Кім маған 10 – ға дейін қазақша, орысша, ағылшынша санап береді?
Өте тамаша айттыңдар балалар! Бірліртерді үш тілде санай алады екеміз.
Олай болса бәріміз бірге хормен тағы бір санап өтейік.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 – қазақша, орысша, ағылшынша санау.
Жұмбақ есептер.
Үш алманы бақтағы
Кірпі алып жинады
Ең әдемі біреуін
Ақ тиінге сыйлады
Қалды өзінде қаншасы?
Санап көріп байқашы?! (2 алма)
Алтыдағы Бекеттің
Алтау еді жаңғағы
Біреуін мысық әкетті
Біреуін күшік әкетті
Қанша сонда қалғаны? (4 жаңғақ)
Олай болса балалар біз тауыққа, көрермендерімізге өзіміздің тақпақ, әсем әнімізді тарту етейік.
7-Салима
Бестік деген бағаны
Бақыт күнде алады
Бәрі жақсы көреді
Беске оқыған баланы
16-оқушы: Фатиха
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарға
. Есік қағылады. Ар жағынан қарт әже кіреді. Бәрі әжемен амандасады.
Әже балаларға қарай жақындайды. Балалар менің бір бұйымтайым бар еді. Орындайсыңдар ма?
Иә. Олай болса тыңдаңдар және мені алдымнан бір балалар кесіп өтті, өздері амандаспады да, сондай тәрбиесіз екен. Осыны түсіне алмай өздеріңе келіп тұрмын.
5. Әженің тапсырмасы:
Үлкендердің алдын кесіп (өтуге болмайды)
Сабаққа кешігуге (болмайды)
Үлкендермен (сәлемдесу керек)
Мұғалімді әрқашан (тыңдау керек)
Оқулықты жыртпай әрқашан (таза ұстау керек)
Үзілісте жүгіруге (болмайды)
Ой балалар сендер сондай әдепті, тәртіпті, тәрбиелі балалар екесіңдер, рақмет сендерге. Сау болыңдар!
Хормен: Соңында бәрі қосылып бірге:
Өрге биік самғаған,
Ер жетеміз өсеміз.
Елге қызмет етеміз,
Мұғалімнің айтқанын
Мықтап миға тоқимыз,
Сөз береміз сіздерге
Кілең беске оқимыз!
Хор «Дос болайық бәріміз» әні.
Бүгінгі тілашар тойымызды қорытындалау үшін мектеп директоры Жиенбаев Испан Жүнісұлына сөз береміз. Рахмет!
Келесі сөз кезегі директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Сулейменова Қарлығаш Дулатовнаға сөз береміз.
Рахмет!
Томирис
Үміттерін ақтай біл,
Әкең менен анаңның.
Жүрегіңе сақтай біл,
Жақсы сөзін дананың.
«Оқимын, ойлаймын, ойнаймын» атты тілашарымызға келіп,көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!
Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |