8.3.3.1. таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар үшін:
Соңғы шартты цикл операторын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында пайдалану жолымен танысады
Көпшілік оқушылар үшін:
Соңғы шартты цикл операторының жазылу форматын біледі
Кейбір оқушылар:
Соңғы шартты цикл операторын практика барысында қолдана алады
Бағалау критерийі
Соңғы шартты цикл операторының қызметін және қолданылу жағдайларын біледі.
Соңғы шартты цикл операторын кіріктірілген программалау ортасында пайдалану жолдарын біледі
Практикалық жұмыс кезіңде соңғы шартты цикл операторымен жұмыс жасай алады.
Тілдік мақсаттар
Лексика мен терминология: соңғы шартты цикл, do while, шарт, операторлар, итерация, нұсқаулар блогы сөздерімен танысады
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Соңғы шартты цикл және do while операторына қатысты тіркестер мен сөздермен танысу
Құндылықтарға баулу
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы мен ұлттық қаупісздікті насихаттау
Пәнаралық байланыс
Математика, ағылшын тілі
Алдынғы білім
Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп осы сабақпен логикалық көпір құру
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңі
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
(Білу)
(Түсіну)
Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін тұрғызып, «Жаңбыр» сергіту сәтін қолданамыз (оқушылар шеңбер болып тұрады, қолды уқалау, қолды шапалақтау, аяқты топырлату, тізені ұру, жерге отырып еденді қолмен топырлату )
«Мозайка» әдісі арқылы топтастыру
1 топ- Цикл, 2 топ- while, 3 топ – Программа. Топтар мәтінмен танысады. Топ атаулары мен бағалау критерийлері таныстырылып өтеді. Өзара топ мүшелеріне бағалау парағы таратылады. Бағалау критерийіне сәйкес топтар бірін-бірі өзара бағалайды.
«Карусель» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс (цикл түрлері, шартты тексеру операторы, соңынан тексеру циклы)
Дескриптор:
Әр топ мүшесі 3 тақырып бойынша маңызды деген 3 сөйлем таңдайды
Әр топ тек 1 түсті қалам пайдаланады
Әр топ мүшесі мәтін ішінен 1 сөйлем ғана жазады
Бағалау:
Топ ішіндегі жұптар құру (мұғалім топтарды өзі құрады)
«Әткеншек» әдісі арқылы жұптық жұмыс Дескриптор: Әр оқушы 2 сұрақ ойлайды
Компьютерді іске қосып, С++ программалау ортасында келесі есептерді шығарыңдар
Берілген саннан аспайтын соммаға магазиннен тауар алуды жоспарлайтын программа жаз
С++ тілінде спортшының жаттығу жасау графигі туралы есепті шешетін программа жаз. Спортшы жаттығуларын келесі кесте бойынша бастайды: Спортшы бірінші күні 10 км жүгіру тиіс, келесі күні жүгіретін ара 10 % арттырады. Жүгіру нормасы 22 км асса ара қашықтықты арттыруды тоқтатып, келесң күндері тек 25 км ғана жүгіруі тиіс. Қай күннен бастап спортшы 25 км жүгіре бастайды?
Екі натурал санның ең үлкен ортақ бөлшегін табатын программа жаз және блок –схемасын сыз
Бағалау: Бағдаршам арқылы
Серпілген сауал:
Сұрақтарға жауап бер:
Параметрлі цикл мен «дейін» циклын салыстыр
do while циклында шексіз циклды ұйымдастыруға бола ма?
do while циклында цикл денесі бірде-бір рет орындалмайтындай етіп жасауға бола ма?
Блок –схема берілген х=18 болса, z мәні қаншаға тең болады? (есепті шешу барысында және жауабында ондыққа дейін дөңгелекте)
Дербес компьютер, стикер
Сабақтың соңы
Жинақтау
Үйге тапсырма
Кері байланыс «Блоб» ағашы арқылы жүргізіледі. Оқушысабақты қай деңгейде түсінгенін маркермен бояйды. Әр оқушының білімін тон сарапшысы бағалау парағына смайлик жапсыру арқылы ашық түрде бағалап, белсенді оқушыларды мадақтап отыру
Оқулық ____________бет
22 Соңғы шартты цикл
Жапсырма қағаз
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушылар қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақтың соңы
Бағалау парағы арқылы топтарды топ сарапшысы өзара бағалау жүргізеді. Әр тапсырмада бағалау парағына смайлик жапсырылып отырады. Сол арқылы оқушылардың сабаққа қай деңгейде қатысқаны көрінеді
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні
Білу
Түсіну
Пр тап
Венн диаграммас
ы
Жеке жұм
Жалпы
Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін қайталау
Сабақ бойынша рефлекция
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Осы сабақтың барасында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?