ЖЕДЕЛ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СИНДРОМДАР КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК : ЕСЕКЖЕМ,КВИНКЕ ІСІГІ,АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК.
Аллергия – иммундық жауабының үлгісі, ол әр түрлі құрамдағы бөгде заттарға ағзаның жоғары ерекше сезімталдығының дамуынан пайда болады және осы заттармен аллергияны қоздырушы зат аллергендер деп аталады. Аллергияның патогенезін, диагностикасын, алдын-алу және емін аллергология зерттейді.

Аллергияның шығу себептері:
үй-шаруашылығының, өндірістің, ауыл шаруашылығының химикаттануы;
дәрілік заттар спектрының көбеюі;
иммундық алдын алу масштабының үлкендігі;
жануар белогын көп пайдалану;
Аллергия келесі факторлардың әсерінен пайда болады:
Аллергия келесі факторлардың әсерінен пайда болады:
а. инфекциялық аурумен ауырғандар
б. бауыр, бүйрек, ұйқы безінің соматикалық аурулары
в. гормоналды дисбаланс
г. салауатсыз өмір салты
д. жұмыста және үйде жағымсыз факторлардың әсері
е. иммундық жүйесін жоятын дәрілік препараттарды қабылдау
ж. радиация
Аллергендер.
Аллергендер.
Аллергендер – бұл химиялық заттар ағзаға түскен кезде оларға сенсибилизация шақырады.
Екі үлкен топқа бөлінеді:
экзоаллергендер
эндоаллергендер
Экзоаллергендер бөлінеді:
ағзаға ену механизміне байланысты
а) қатынасты (тері арқылы)
б) ингаляторлы (тыныс алу жолымен)
с) алиментарлы (ЖКТ арқылы)
д) парентералды (қан арқылы)
шығу тегі бойынша
шығу тегі бойынша
а) үй-шаруашылығы (шаң — тозаң, әсіресе мақта)
б) эпидермалды (эпителий, мамық, жүн, қайызғақ)
в) тозаңды (тозаң)
г) химиялық заттар (100 000 көп, лак, бояу, тері илейтін заттар, еріткіштер, косметика)
д) дәрілік аллергендер (антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, вакциналар, анальгетиктер)
е) тағамдық (жұмыртқа ақуызы, балық, лактоглобулин, қызыл-сары дағы бар жеміс — жидектер)
ж) аллергендер, микроорганизмдер болып табылады және олардың бөліктері.
Эндоаллергендер ағзада бұзылысқа ұшыраған факторлардың әсерінен шығады (комплекстің түзілуі антиген табиғатынан емес басқа заттан торшаның өз тәнінен «аллергия жарыққа» және т.б.)