Емдеу - Квинке ісігін емдегенде науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып жедел жәрдем берілуі тиіс. Мүмкіндігінше аллергеннің әсерін болдырмауды қарастыру керек. Ісінуді 5-10 мл хлорлы кальцийдің 10%-дық ерітіндісін венаға жіберу арқылы тоқтатуға болады. Тынысы тарылып, ауа жетпеген жағдайда кеңірдекке трубка салу керек. Басқа емдеулер жоспарлы түрде жүргізіледі. Оларға жататындар:0,1% 0,3-0,5 мл адреналин ерітіндісі тері астына жіберіледі. 2 мл 2% супрастин немесе 1 мл 1% димедрол ерітінділері бұлшық етке жіберіледі. Науқастың беті қайтпаған жағдайда 60-90 мг преднизолонды қанға құяды. Бұл кезде 2-4 мл Лазекс дәрісін қанға құйған орынды болады.
Аллергияға қарсы ем: преднизолон 90-150 мг көк тамыр ішіне. - Аллергияға қарсы ем: преднизолон 90-150 мг көк тамыр ішіне.
- Симтоматикалық ем. Егер артериалдық гипотензия сақталса көк тамыр ішіне вазопрессорлы аминдер. Систоликалық артериалдық қысым 90 ммсынбағ-на жеткенге дейін допамин 4-10 мг/кг/мин, бірақ 15-20 мг/кг/мин аспауы қажет (200 мл допамин 400 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісінде немесе 5% декстроза ерітіндісінде). Инфузия минутына 2-11 тамшы енгізіледі.
- Брадикардияда 0,1% атропин ерітіндісі 0,5 мл тері астына. Қажет болған жағдайда 5-10 минуттан кейін қайталап енгізеді.
- Бронхоспазмда көк тамырға 2,4% аминофиллин ерітіндісі 1,0 мл (10,0 мл-ден көп емес) натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде енгізеді немесе B2 –адреномиметиктер, сальбутамол 2,5- 5,0 мг небулайзер арқылы.
- https://ru.wikipedia.org/wiki/Анафилактический_шок
- www.ayzdorov.ru/Chto_takoe_allergiay.php
- https://health.mail.ru/disease/allergiya
- lifehacker.ru/2015/05/10/kak-poborot-allergiyu/
Достарыңызбен бөлісу: |