Қамбар батыр(жыры)



Дата27.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#145337
Байланысты:
Ақан сері
4-то сан а арнал ан жиынты ба алауды тапсырмалары (2), Polish and Fren-WPS Office, Polish and Fren-WPS Office, Кабинет паспорты Математика кабинеті №15 Кабинетке жауапты м ал

Қамбар батыр(жыры)


Қамбар батыр – қазақ халқының қаһармандық жыры.
Жырдың 19 нұсқасы белгілі. Қамбар туралы сюжетті алғаш жазып алған Л.Мейер оны «Киргизская степь Оренбургского края» (1865) атты журналда бастырған. Қазан университетінде «Қисса-и Қамбар» (1888), Қазан қаласында «Тоқсан үйлі тобыр» (1903) деген атпен жырдың алғашқы нұсқалары жарияланған.
1902 ж. Әбубәкір Диваев жазып алып, 1922 ж. Ташкентте бастырған.
30-жылдары Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезовтер жариялап, 1957 ж. жеке жинақ болып шыққан. Қазақ даласының әр түрлі аймақтарынан жазылып алынған жырдың өзіндік ерекшеліктері бар.
Әуелбек Қоңыратбаев «Қамбар батыр» сюжетінің кейбір нұсқалары Сыр бойында туған деген тұжырым айтады. Кезінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Н.Смирнова, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, т.б. ғалымдар зерттеп, пікір айтқан.
"Қамбар" жыры бұрынғы замандардан бері қарай ауызша айтылатын жыр болған.
Ең алдымен бұнда өлеңқатар аумайтын белгілі санды (төрт, алты) шумаққа бөлінген емес. Бұл желдірме екпінімен көп жолды шумақ боп құралады. Шумақтары белгілі бір санмен, бір қалыпты боп тұрмайды.Кейде 4-5 жол бір шумақ боп кетсе, кейде қосылып айтылатын әуеннің және сөйлеуші адамның көңіл күйіне қарай, әралуан боп, ауысып отырады. Кейде 9, кейде тіпті оннан аса жолдан құралатын шумақта болады.

Тағы бір ерекшелік — теңеулерге алған көріністерден байқалады. Бірін бағлан, бірін бөрі қып, бірін асау, бірін бұғалықшы қып, бірін түлкі, бірін тазы қып көрсетулердің барлығы— осы батыр жырының ескі заман жыры екенін көрсетеді.

Тағы бір ерекшелік — теңеулерге алған көріністерден байқалады. Бірін бағлан, бірін бөрі қып, бірін асау, бірін бұғалықшы қып, бірін түлкі, бірін тазы қып көрсетулердің барлығы— осы батыр жырының ескі заман жыры екенін көрсетеді.

Кеңес кезеңінде де бірнеше мәрте түрлі өзгерістермен жарияланып отырған. Сондықтан топтаманың 43-томына осы жыр үлгілері түпнұсқа негізінде дайындалып, Ә.Диваев, Қалқай, Б.Мұқамбайұлы, Ш.Қалмағамбетов, М.Жапақов, Ә.Шоқатаев және белгісіз айтушы мен С.Әбжанов жеткізген екі ертегілік нұсқалармен толықтырылды.

  • Кеңес кезеңінде де бірнеше мәрте түрлі өзгерістермен жарияланып отырған. Сондықтан топтаманың 43-томына осы жыр үлгілері түпнұсқа негізінде дайындалып, Ә.Диваев, Қалқай, Б.Мұқамбайұлы, Ш.Қалмағамбетов, М.Жапақов, Ә.Шоқатаев және белгісіз айтушы мен С.Әбжанов жеткізген екі ертегілік нұсқалармен толықтырылды.

Әзімбай- жырдағы жағымсыз кейіпкердің бірі. Ол еңбегімен мал жинаған, соған масаттанған, бірақ қиыншылық іс түскен кезде қолынан еш нәрсе келмейтін қорқақ адам.

Қараман мен Келмембет-ноғайлы қазақ еліне талай рет шабуыл жасап, жорық ашқан, халыққа қан жұтқызған қалмақ басқыншыларының өкілі ретінде суреттеледі

Назым-Әзімбайдың жалғыз қызы

Қара қасқа ат-Қамбар батырдың тұлпары

Алшыораз-Назымның кіші ағасы



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет