Жасанды тамақтандыру келесі жолдармен жүзеге асады: Ауыз, мұрын арқылы немесе гастростома арқылы енгізілген зонд көмегімен;
Клизма көмегімен қоректік ерітінділерді енгізу;
Қоректік ерітінділерді парентералді (күре тамырға тамшылатып) жолмен енгізу.
Клизма көмегімен тік ішек арқылы 300-500 мл жылы (37-38˚С) глюкоза ерітіндісі, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, аминоқышқылдар ерітінділері енгізіледі.
Парентералді тамақтану ас қорыту жолдарының өткізгіштігі бұзылғанда, қалыпты тамақтану мүмкін болмаған жағдайларда (ісіктер) және асқазан, өңешке операция жасалғаннан соң тағайындалады. Парентералді тамақтану үшін аминоқышқылдар ерітінділері, 5% глюкоза ерітіндісі қолданылады. Сонымен қатар электролит ерітінділері, В тобы витаминдері, аскорбин қышқылы енгізіледі. Оларды енгізуден алдын су моншасында дене температурасына дейін жылытылады, күре тамырға тамшылатып жіберіледі. Ерітінділерді жіберу жылдамдығын қатаң бақылау қажет.
Жасанды тамақтандырудың тәсілдері:
1. Асқазан зонды арқылы. Көрсеткіштері: ауыз қуысының мертігуінде, жуыну бұзылғанда, ес-түссіз жатқанда, кейбір психикалық ауруларда (тамақтанудан бас тартқанда). Зонд асказанға мұрын немесе ауыз арқылы енгізіледі. Зонд аркылы: сорпа, сүт, май, шикі жұмыртқа, шырын, балалардың тағамдық қоспалары беріледі. Қазіргі кезде арнайы препараттар (белоктық, майлық, күріш және басқа энпиттер) қолданылады. Тәулігіне 600 - 800 мл енгізуге болады.
2. Гастростоманың немесе еюностоманың көмегімен. Көрсеткіштері: көмекей, жұтқыншақ, өңеш зақымданғанда немесе зілді күйгенде, өңешке жасалған операциядан кейін.
3. Парентералды. Көрсеткіштері: асқазан-ішек жолдарында қорыту, сіңірілу бұзылғанда, анорексияда (тәбет болмағанда). тоқтамайтын кұсуда, тамақтанудан бас тартқанда. Осы мақсатта донорлық кан, белок гидролизаттары, тұз ерітінділері, глюкоза микроэлементтермен көк тамырға енгізіледі.
4. Қоректік клизма. Клизма көмегімен қоректендіруші ертінділерді енгізу. Қазіргі кезде өз маңызын жоғалтқан. Су, физиологиялық және т.б. ерітінділерді енгізуді емдік клизма деп атаған жөн.