Гигиеналық су сепкішті (душ) қабылдау
1. Су сепкіш кабинасына орындық қойып, науқасты отырғызыңыз.
2. Жуынуына көмектесіңіз.
3. Науқастың жалпы жағдайын қадағалаңыз.
4. Науқастың сүртінуіне, киінуіне көмектесіңіз.
5. Қолданылған заттарды «қолданылған жөкелер» деген белгісі бар ыдысқа
салыңыз.
Мамандыққа кіріспе пәнінің оқытылу мақсатын жазып беріңіз?
“Мамандыққа кіріспе ” бұл студенттерді практикалық денсаулық сақтауға,емдеу мекемелерінің жұмыстарын ұйымдастыруға, науқасқа күтім жасау мен оны бақылау тәсілдерін үйрететін және пациентпен,оның жанұясымен жақынырақ танысуға,оның жанұялық мәселелерін шешуге қалай көмектесу керектігін үйрететін пән.
Науқасты жасанды жолмен тамақтандыруды түсіндіріп жазып беріңіз
Кей жағдайда ауыр науқастарды ауыз қуысы арқылы тамақтандыру мүмкін болмайды /ауыз қуысы аурулары, асқазан-ішек құрылысы, ес-түссіз жағдайларда т.б./. Мұндай жағдайларда жасанды жолмен тамақтандырады. Жасанды тамақтандыру ағзаға асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентералды /веналық немесе тері асты/ жолымен қоректік заттар енгізу болып табылады. Жасанды тамақтандыру кейде қалыпты тамақтануға қосымша болады.
Достарыңызбен бөлісу: |