$$$001
Сәбиге 8 күн. Анасының 28 жаста. Мамандығы инженер-химик, шылым шегеді. Жүктіліктің 12 апталығында тұмаумен ауырған. 37-38 апталық мерзімде босанған. Асфиксиямен туған, Апгар шкаласы бойынша 6-7 балл, салмағы 2800,0, бойы 48 см. Емшекке 12 сағаттан кейін салынған, әлсіз емеді. Сол жақ кеудесінде 2-қабырға аралықта және арқасында қарқынды систоликалық шу пайда болды. Тахикардия. Бұл баланың денсаулық тобы:
А) Денсаулықтың І тобы
B) Денсаулықтың ІІ тобы
C) Денсаулықтың ІІІ тобы
D) Денсаулықтың ІV тобы
E) Денсаулықтың V тобы
{Дұрыс жауап}= С
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( Амбулаторлық-емханалық педиатрия. Дадамбаев Е.Т., 2010 ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$002
Туғаннан 6 күннен кейін баланың табиғи тері қыртыстарында ұсақ жара түрінде қызару пайда болды. Баланың жағдайы өзгермеген, дене қызуы қалыпты. Ең дұрыс жауап:
А) Баздану
B) Тербөртпе
C) Пемфигус
D) Эксфолиативті дерматиті
E) Везикулопустуллез
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=( Поликлиническая педиатрия. Калмыкова А.С., 2007 г. )
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$003
Балада инвазиялық диарея , ауруының 3- күні экзантема пайда болды.Болуы мүмкін диагноз:
А) Шигеллез
B) Иерсиниоз
C) Эшерихиоз
D) Амебиаз
E) Лямблиоз
{Дұрыс жауап}= В
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=( Инфекционные болезни у детей. Учайкин В.Ф., 2011 г. )
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$004
Бала 11 жаста, ауруханаға эпидемиялық паротит диагнозымен түсті. 8 жасар қарындасымен тығыз қарым қатынаста болды, қарындасы осы жұқпаға қарсы егуді алған. Учаскелік педиатр қарындасы үшін карантин мерзімін анықтады:
А) 8 күнге
B) 10 күнге
C) 21 күнге
D) 15 күнге
E) Бөлектеуді қажет етпейді
{Дұрыс жауап}= С
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=( Инфекционные болезни у детей. Учайкин В.Ф., 2011 г. )
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$005
Анасы 22 жаста, дені сау. Жүкті әйелге патронаж жүктіліктің 16 және 38 апталықтарында жүргізілген. Екінші реткі босануы. Жүктілік пен босануы қалыпты өткен. Ұл бала дүниеге келген, Апгар бойынша 8-9 балл, салмағы 3450,0, бойы 52 см. Емшекке 30 минуттан кейін салынған, белсенді емеді. Қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.
Соматикалық статуcында ауытқулар жоқ. Туа пайда болған автоматизм рефлекстері шақырылады, анық, біргелкі. Бұл баланың денсаулық тобы:
А) Денсаулықтың І тобы
B) Денсаулықтың ІІ тобы
C) Денсаулықтың ІІІ тобы
D) Денсаулықтың ІV тобы
E) Денсаулықтың V тобы
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( Амбулаторлық-емханалық педиатрия. Дадамбаев Е.Т., 2010 ж.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$006
Бала 4,5 жаста, ЖРВИ-мен жиі ауырады. Тәбетінің нашарлығына, құлағының шуылдауына, көзінің алдынан «шіркейлер» ұшқан сияқты сезімнің болатындығына, ентігуге, жүрегі қатты соғатынына шағымданады. Баланың тақпақтарды есте сақтауы нашар, тез шаршайды, қапырық бөлмелерде бола алмайды, терісі бозғылт, құрғақ, түлейді, шаш тырнақтары жұқарған, сынғыш . Тілдің емізіктері аздап атрофияланған. Жүрек тондары тұйықталған. Жалпы қан анализі : эр – 2,8х1012/л, Нв – 75г/л, ЦП – 0,8, ретикулоциттер – 3,5%, лейк – 8,7х109/л, э – 5%, п./я – 3%, с- 41%, лимфоциттер – 44%, моноциттер – 7%, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз ++, полихромазия, ЭТЖ – 9 мм/сағ. Ең дұрыс жауап:
А) Жедел лимфобласттық лейкоз
B) Теміртапшылықты анемия, II дәрежелі, орташа ауырлықта
C) Белоктапшылықтыі анемия
D) Гипопластикалық анемия, туа пайда болған
E) Витамин В12 – дефицитті анемия
{Дұрыс жауап}= В
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( Детские болезни. Шабалов Н.П., 2010 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$007
Балаға 6 ай. Жеміс шырындары мен көкеніс езбесін жемейді. Мешелдің алдын алу жүргізілмеген. Бала 2 рет ЖРВИ-мен ауырған. Маңдай және төбе төмпешіктері айқын, үлкен еңбегі 3,0х3,5 см. Шеттері майысқақ, шүйдесі жалпайған, шаштары түскен. Ащы иісті тер шығады.Тістері жоқ. Кеудесі екі жанынан қысынқы, кеудесінің шеті жайылған, қабырғаларында үлкен «тасбиықтар» байқалады. Бұлшық ет гипотониясы айқын. Ең дұрыс жауап:
А) Мешел I дәрежесі, алғашқы кезең, жедел ағымды
B) ОЖЖ-нің гипоксиялық-ишемиялық перинатальді зақымдануы
C) Теміртапшылықты анемия I дәрежелі, жеңіл түрі
D) Мешел II дәрежесі, қызған кезі, жедел ағымды
E) Жүйке-артритикалық диатез
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( Детские болезни. Шабалов Н.П., 2010 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$008
Бала емізетін әйелдің дене қызуы 37,5ºС дейін көтерілді, емшегінің тығыздануы, пальпация жасағанда ауыруы, біраз қызаруы байқалады. Сүтті сауғанда түсі қалыпты , қан ірің қоспасы жоқ. Учаскелік педиатр баланы тамақтандыру жөнінде кеңестер берді. Ең дұрыс жауап қайсысы:
А) Емшекпен тамақтандыруға (ЕТ) тыйым салу
B) Пастерленген сауылған сүтпен тамақтандыру
C) ЕТ жалғастыру, қалған сүтті міндетті түрде сауып тастау
D) ЕТ жалғастыру, бірақ балаға антибиотик тағайындау
E) Тек сау емшекпен емізу
{Дұрыс жауап}= С
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( Поликлиническая педиатрия. Калмыкова А.С., 2007 г. )
{Курс}=7
{Семестр}=14