2.Аңшылық. Аңшылықтың түрі мен әдісі:аңшы құстарымен, қабаған иттермен (тазы), оларды аулау әдістері. Дәстүрлі және өзіндік қызығушылықпен аңшылық. Аңшылықпен байланысты дәстүрлілер, ғұрыптар мен әдеттер. Балық аулау және т.б. этностың өзін - өзі қамтамасыз ету жүйесі.
3.Материялдық мәдениеті. Елді – мекен және тұрғын жер. Елді мекеннің пайда болуының уақыты және есебі. Қоныстанудың дәстүрлі типі. Қоныстанудын қазіргі заманғы типі және оның генетикалық байланысы. Дәстүрлі тұрғын үй: киіз үй, күрке, қос, жолым және т.б. Тұрақты үйлер мен шаруашылық құрылыс типтері. Дәстүрлі және қазіргі үйлердің азды – көпті ұқсастығы. Құрылыс материалы және салу технологиясы. Қоғамдық құрылыстар. Халықтың және қазіргі архитектура. Дәстүрлі интерьер және жиһаз. Үймен байланысты наным – сенім.
Киім және сәндік әшекей. Дәстүрлі және қазіргі киімдер. Киім типінің шығуына географиялық ортаның әсері. Ерлер, әйелдер және балалар киімдерінің негізгі құрамды бөліктері. Күнделікті, және мерекелік, қыстық және жаздық той және қаралы киімдері. Қалалық еуропалық киімдердің пайда болуы. Иноэтникалық ықпал. Бас киімдер. Тері және пималық аяқ – киім. Белдіктер. Әшекейлер. Әшекей бұйымдарының формасы мен әдістері. Амулеттер. Киім мен әшекейлерге байланысты сенімдер мен ғұрыптар.
Тамағы. Тамақтану жүйесі: ет, сүт, өсімдік, аралас. Күнделікті, арнайы, мезгілдік мерекелік, қонақтық, дәстүрлі және ғұрыптық ұлттық тағамдар. Тамақтану уақыты. Тиым салынған тағамдар. Трапеза этикасы. Азық – түлікті өндіру, консервілеу және сақтау әдістері. Ыдыс – аяқ саймандары: металдық, керамикалық, ағаш, тері және т.б. тамақпен байланысты дәстүрлер мен ғұрыптар. Үй – жайлық қолөнер. Қазақтардағы қолөнердің дамуы туралы археологиялық және жазба куәліктері. Ағаш өндеу. Ұсталық қолөнер. Зергерлік өнер. Терілік өнер. Сүйек өндеу. Үй – жайлық қолөнер шаруашылықтың мал шаруашылық типінің жалғасы ретінде. Тері илеу өндірісі. Тоқымашылық. Кілем тоқу. Кесте тігу.