АҚШ-та қабылданатын шетелдік туристердің саны жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орын алады. Жылына мұнда 50 млн-нан астам шетелдік туристер келеді.
Әсіресе АҚШ-тағы табиғаты ерекше аудандарға туристер жиі барады. Соның бірі Йеллоустон ұлттық саябағы. Жалпы алғанда, қазіргі кезде АҚШ жерінде 50-ден аса ұлттық саябақ бар.
Колорадо каньоны әлемдегі ғажайып табиғат ескерткіші болып табылады. Колорадо өзенінің мыңдаған жылдар бойы қатты жартастарды егеуінен пайда болған бұл каньонның тереңдігі – 1800 м-ге, ұзындығы – 350 км, ені кейбір бөліктерде 25 км-ге жетеді.
сарқырамасы - әлемдегі ең әдемі сарқырамалардың бірі.
Колифорнияның оңтүстігінде ертегі патшалығы - Дислнейленд саябағы бар. Бұл саябақтан ертегі көріністері мен оның кейіпкерлерін және әлемнің әртүлі елдің табиғатымен, халқының тұрмысымен танысуға болады.
Сыртқы экономикалық байланыстары.
Қазіргі кензде халықаралық сауда қатынастарында АҚШ пен Канаданың үлесіне экспорттық-иимпорттық операциялардың16%-ы тиесілі.
АҚШ, Канада, Мексика, арасында Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағын (НАФТА) құрылды. Қазірдің өзінде Канаданың АҚШ-қа шығаратын өнімі елдіңжалпы экспортының 84%-ын құрайды, АҚШ үлесіне Мексика экспортының 73%-ы тиесілі. Өз кезегінде АҚШ экспортының 23%-ы Канадаға, 12%-ы Мексикаға бағытталған.
АҚШ-тағы аса ірі “Форд”, “Дженерал моторс”, “Кока-кола”, “Проктер энд Гэмбл” және т.б. компаниялардың Еуропа елдерінде ондаған кәсіпорындары бар.
Қазақстанға 1993-2000 жылдары келіп түскен тікелей инвестициялардың 34%-ы АҚШ үлесіне тиесілі болды, ал оның жалпы көлемі 4 млрд 207 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстанда АҚШ-пен бірлескен кәсіпорындар саны 2005 жылы 547-ге жетті.