Амин қышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар. Олардың түрлері мен құрылым ерекшеліктері, ағзада атқаратын қызметі


Ақуыз, пептид болып келетін гормондар және олардың түрлері мен құрылым ерекшеліктері, функциясы



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#110035
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Егеубекова Айкүн БТ-1903 неделя 11
5 сынып тжб
Ақуыз, пептид болып келетін гормондар және олардың түрлері мен құрылым ерекшеліктері, функциясы.


Лангерганс аралшығында екі түрлі клетка түрі - а- және в-клеткалары бар. Олар екі түрлі гормон бөліп шығарады. Ол екеуі инсулин және глюкагон деп аталады және олар біріне-бірі қарама-қарсы қызмет атақарады. Химиялық табиғаты. Лангерганс аралшығының в-клеткаларында инсулин жасалып шығады, алғаш ол проинсулин түрінде бір полипептидтік тізбек болып құрылады; ондай тізбек жануарлар түріне байланысты 78-86 амин қышқылы қалдықтарынан тұрады. Бұдан кейін протеиназа ферменті проинсулин молекуласынан пептидті ажыратып бөледі де, оны активтендіреді. Мысалы, бұқаның проинсулинінің С - соңынан 30 амин қышқылын бөліп алған кезде 51 амин қышқылы қалдығынан құралған инсулин түзіледі. Осы инсулин молекуласы тең емес екі полипептидтік тізбектен құралған. Ол -S S - байланыс арқылы жалғасқан. Кіші полипептидтік тізбекте (А-тізбекте) 21 амин қышқылы, үлкен (Б) полипептидтік тізбекте 30 амин қышқылы бар. Кіші тізбекте үшінші дисульфидтік байланыс цистеиннің 6- және 11-қалдықтары арасында орналасқан. Адамның және басқа барлық жануарлар инсулинінің құрылысы дәл осындай, 51 амин қышқылы қалдықтарынан құралған. Адам инсулині молекуласының схемасы төменде берілген, М 5700:





Ги Гипоталамус дегеніміз -- мидың бір бөлігі. Оның жүйке клеткаларында ерекше химиялық заттар түзіледі. Ол заттар портальдық капиллярлар арқылы гипофизге барады да, сол жерде гормондар бөлінуін реттейді. Аденогипофиздің гормондарының синтезделуін реттейтін гипоталамус заттары 60-жылдары ашылды. Оны Р. Гиллемин мен Э. Шелли ашты. Сол үшін олар 1977 жылы Нобель сыйлығын алды. Алғаш олар рилизинг-фактор (ағылшынның release - босату деген сөзінен шыққан) және нейрогормондар деп аталады. Ал қазір либериндер және статиндер деп аталады. Нейрогормондарды бөліп алу, олардын химиялық табиғаты мен құрылымын анықтау өте қиын. Мысалы, Р. Гиллеминнің ғылыми тобы (1968 ж.) 1 мг таза тиреолиберин бөліп алу үшін 300 мың қойдың гипоталамусын өңдеуге тура келді. Ішкі секреция бездерінің гормондары организмде белгілі бір нысана- мүшелердің жұмысын басқаратынын біз енді білеміз. Ал эндокрин бездерінің гормондық әрекетін гипофиз реттеп отырады. Нейрохимик Г. Харрис болжағандай (1954 ж.), қазір былай болды: гипофиз жұмысын ми басқарады екен, ол үшін мидың гипоталамусы «асқан гормондар» түрінде химиялық делдал бөліп шығарады екен. Бүкіл эндокрин жүйесіндегі негізгі реттеуші қызметін гипоталамус атқаратынын атап айту қажет. Қазіргі кезде 10 нейрогормон бөліп алынды, олардың құрылымы анықталды және атқаратын қызметі белгілі болды. Бұл заттардың бәрі химиялық тұрғыдан төмен молекулалы пептидтер екен. Олардың кейбіреуі гендік инженерия әдісімен де алынады. Бөліп алынған нейрогормондардың жетеуі аденогипофиз гормондарының түзілуіне (босап шығуына) қолайлы әсер етеді, дамытады. Оларды либериндер деп атайды. Нейрогормонның үшеуі тежеуші әсер етеді, олар статиндер деп аталады. Бұл заттар әсерінің өздеріне тән ерекшелігін көрсету үшін, аденогипофиз гормондарының атауына «либерин» немесе «статин» деген сөз жалғанады.



  1. Тиреолиберин --- биологиялық белсенділігі жоғары ең кішкентай табиғи пептидтердің біреуі, ол үш амин қышқылы қалдығынан құралады. Формуласында N-соңында циклды пироглутамин қышқылы бар, ал С-соңында амидтелген пролин бар.

Мидың жүйке клеткалары көмегімен әсер еткен гипоталамустан тиреолиберин бөлініп шығады. Енді сол гормон өз кезегін тиреотроптық гормондардың гипофиз клеткаларынан босату процесін туғызады. ТТГ қалқанша безі клеткаларының өзінде тироксин және басқа да тиреоидтық гормондарды синтездеуге және оларды бөліп шығаруға итермелейді. Сөйтіп, тиреолиберин тиреотропиннің, сондай-ақ пролактиннің бөлініп шығуына жағдай жасайды.

  1. Люлиберин - декапептид, оның N-соңында пироглутамин қышқылы, С- соңында глутамин бар. Люлиберин (гонадолиберин) аденогипофиздің лютеиндеуші гормонының (люттропиннің) бөлінуіне жағдай жасайды. Ұзақ әсерлі люлиберин әйелдерде болатын ыздық дертінің кейбір түрлерін емдеуге табысты қолданылады, оның әсерінен әйелдерде овуляция басталады. Экстральдық циклды синхрондау үшін оны мал шаруашылығында да қолдануға болады.

  2. Соматостатин 14 амин қышқылы қалдығынан құралған циклды дисульфид, мұндағы -S-S-- байланысы 3 және 14-амин қышқылының қалдығы аралығына орналасады. Соматостатин өсу гормонының (соматотропиннің) синтезін тежейтін фактор. Оның басқа да бағалы жағы бар. Ол аденогипофиздің соматотропині бөлінуін тежеп қана қоймайды, сонымен қатар ұйқы безіне әсер етеді, инсулин мен глюкагонның бөлінуін төмендетеді. Соның нәтижесінде қан құрамындағы глюкоза мөлшері азаяды. Сондықтан соматостатин қант диабеті (сусамыр) дертін емдеу үшін қолданылуы мүмкін.

  3. Соматолиберин - өсу гормоны, соматотропиннің бөлінуіне жағдай жасаушы гормон. Бұл гормонның бар екені радиоиммунологиялық әдіс арқылы дәлелденген.

  4. Фоллиберин - декапептид, ол аденогипофизде гонатропты гормондар түзілуге әсер етеді және жыныс бездерінің жұмысын реттейді (люлиберинді қараңыз).

  5. Пролактолиберин аденогипофизде пролактин бөлінуін дамытады. Сөйтіп сүттің түзілуіне және оның шығуына әсер етеді. Бұл гормонның құрылымы әлі белгісіз..

  6. Пролактостатин пролактолиберин әсеріне қарсы әсер етеді, пролактин түзілуін тежейді. Бұл гормонның да құрылымы әлі анықталмаған.

  7. Кортиколиберин - адренокортикотропты гормонның пайда болып бөлінуін қолдайды. Құрылымы әлі белгісіз.

  8. Меланолиберин - трипептид.

  9. Меланостатин - пентапептид

Соңғы аталған бұл екі гормон да гипофиздің аралық бөлігінде меланотропиннің бөлінуін тиісінше қолдап та, тежеп те әсер береді. Меланотропиннің тері қабаты мен жүннің бояуына жауапты екені белгілі. Гипоталамус нейрогормондарының әсер ету механизмі әлі дәл анықталған жоқ. Болжауға қарағанда, олар нысана-клеткаларда тиісті рецепторлармен өзара әрекеттескеннен кейін өздерінің әсерін тигізетін көрінеді, бұл кезде аденилатциклазаны активтендіреді немесе оған кедергі жасайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет