Амин қышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар. Олардың түрлері мен құрылым ерекшеліктері, ағзада атқаратын қызметі



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#110035
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Егеубекова Айкүн БТ-1903 неделя 11
5 сынып тжб
Ауксиндер

Ауксиндер (грекше αὔξω – көбейемін, өсемін) – өсімдіктің сабағы мен дәнінің өсуін, күн сәулесі мол жерге бағыттала өсуін, гравитропизм бойынша тамырлардың төменге бағыттала өсуін қадағалайды.

Цитокининдер

Цитокининдар (грекше κύτταρο – ұяшық + κίνηση - қозғалыс ), өсімдіктердің жасушаларының бөлінуі мен басқа физиологиялық процестерге жауап береді. 

Цитокининдар көбінесе тамырларда, сабақта және жапырақтарда синтезделеді. Камбий және басқа да қарқынды бөлініп жатқан өсімдік ұлпалары цитокининнің синтезделетін жері болып табылады. Солай да цитокининдер трансдукцияға қатысып, пуриндар мен нуклеозидтардың транспортына қатысады.

Цитокининдар жасушалардың көбеюін, сабақ пен тамырдың морфогенезін, хлоропласттардың пайда болуын реттейді, жасушалардың ретті өсуін, жанама сабақтар мен тамырлардың дамуына жауап береді.



Этилен

Этилен – өсімдіктердің өсу гормонын атқарады. Этилен тек өте кішкентай концентрацияда жұмыс жасап, жемістердің өсуін, өсімдіктің гүлденуін, жапырақтардың түсуін, тамырлардың өсуіне жауап береді.

Шаруашылықта жемістердің тез пісуі үшін арнайы бөлмелер не камералар қолданады. Сол бөлменің атмосферасына арнайы генераторлар арқылы этилен шашылып, 24 – 48 сағат бойы ұстайды.



Гиббереллиндер

Гиббереллиндер – дитерпендік табиғаты бар фитогормондардың тобы. Олар гипокатильдің ұзарып өсуі, гүлдену дәндерінің өсуі мен әртүрлі морфогенетикалық процестерге жауап береді.



Гиббереллиндер қышқылды және сілтілік ортада өте тез жойылады.

Гиббереллиндер тез өсетін ұлпаларында, әлі де піспеген тұқымы мен жемістерінде, жас сабақтар мен жапырақтарда көптеп кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет