- Амиртаева Күмісжамал Магзумовна
- Қызметі: Математика пәнінің мұғалімі.
- Білімі:Жоғары ПГПИ 1989ж.
- Мамандығы:математика мен физика пәнінің мұғалімі.
- Еңбек өтілі: 28 жыл
- КЖОМ
- Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әулеметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады.
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық модернизациясының міндеті-әр оқушының терең білім алуына ,өзін-өзі білімін жетілдіруге ,өз бетінше шығармашылық жұмыспен айналысуға, жеке тұлға ретінде жауапты шешімдер қабылдауға тәрбиелеу.
- 12-жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты:Қазақстан Республикасының әлеуметтік ,экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген.
1.Математика пәнін оқытудағы негізі талап оқушыларға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. 2.Математика сабағында оқушылардың өз бетінше жұмыс жасайтын дағдыларын дамыту. 3.Заман талабына сай дәстүрлі сабақты жаңаша замануи сабақтармен алмастырып оқушылардың өздігінен танымдық құзыреттілігін арттыру. Өзектілігі - Оқушылардың оқу белсенділігінің артуына, өз бетінше іздене жұмыс істеуіне, іздене отырып ойлау, сөйлеу қабілетінің дамуына жағдай туғызу.
- - 2010-2011 оқу жылы .Халық аралық “Шектеусіз оқыту” жоба аясында шеберлік сабақ
- 2011-2013 оқу жылы.
- Халық аралық “Шектеусіз оқыту” жоба аясында шеберлік сабақ
- -
Инновациялық әрекеттер Шектеусіз оқу жобасы - Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті –білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып ,жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.
- Соның ішінде ,Математика сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы ,оқушылардың қабілетімен бейіміне қарай танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, өздігінен жұмыс істеу құзыреттілігін дамытуда Блум таксономиясының маңызы зор.
- 1.Замануи сабақ –бұл бір актер –мұғалімнің театры емес ,барлық уақыт аталған мақсатқа жұмсалатын орта болып табылады.Ең маңыздысы сабақтың мазмұны.Сабақты ұйымдастыру кезінде әр оқушының жеке интеллектуалды және шығармашылық әлеуметтілікке ие екенін жетекшілікке ала отырып ,әр оқушының білім алуға құқығы бар екенін естен шығармау керек.Білім беру үрдісі бұл шарт,ол оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуметін барынша жүзеге асыруға көмектесетіндей етіп жобалау көзделеді.Оқытудың фронтальды әдісі және «Мен сияқты жаса,менен де артық жаса ұраны». қолданылады:
- Менің сабақтарымның мазмұны Блум таксономиясының деңгейін қарастырады.
Блум таксономиясының деңгейлік тапсырмалары Блум таксономиясы – жеке тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс - Сабақтың құрылымы негізгі матрица бойынша құрылады.
- Бірінші мен үшінші деңгейдегі тапсырманы орындау оқушы үшін міндетті.
- 1-деңгей.Білім.
- 2-деңгей.Түсіну
- 3-деңгей.қолдану.
- 4-деңгей.Талдау.
- 5- деңгей.Жинақтау
- 6-деңгей Бағалау
Блум бойынша сабақтың тапсырмалар - 1- деңгей.Білім. Оқушының білімін жетілдіру,ол тақырыпқа байланысты нақты мәліметтерді білу, яғни оқушы тақырып бойынша білімін ( анықтау, меңгеру, айыра алу, еске түсіру, танып білу ).
- Мысалы: 5 -сыныпта математика сабағы. Тақырыбы:Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, мода.
- Тапсырма:1.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жаз. Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп ………… қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.
- 2.Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілген қатарындағы ………… мен ………… мәннің айырмасы.
- 2-деңгей.Түсіну. Тақырып бойынша алған білімін түсіну, яғни (айналдыру, көшіру, өз сөзімен білдіру, иллюстрациялау, дайындау, оқу, ұсыну, өзгерту, басқа түрде жазу, қайта құру. ) есептерді мысалға қарап шығару.
- 1.Кітаптағы 302 беттегі 1-есептің шығару жолына қарап , №1211 есептің 1,2 орында
- 2.Кітаптағы 303 беттегі 2-есептің шығару жолына қарап № 1212
- 3-деңгей.Қолдану.3 тапсырмадан кем болмау керек. ( Қолдану, яғни қолдану, жалпылау, байланыс орнату, таңдау, дамыту, ұйымдастыру, пайдалану, жетекшілікке алу , қайта өзгерту, топтастыру. ) Сөздік қорды пайдаланып, сөйлемдердегі қарамен берілген сөздердің орнына мағыналас сөздерді пайдаланып, тапсырманы қайта өзгертіп шығар (дәл ортасы, жаңаша үлгі,айырмашылық) 1.Наурыз айында ауаның температурасы таңертең 3 градус, түсте 7 градус, кешке 5 градус , түнде 0 градус болды.Ауа температурасының арифметикалық ортасын тап.
- 4-деңгей. Талдау .1-тапсырма болады,күрделі.( Дәлелдеу, идентификациялау, топтастыру, айыра алу, шығару, категориялау,сәйкестендіру.) Талдау арқылы оқушы жаңа білім алу.
- Мәтін есепті талдау арқылы шығар және қорытынды жаз.
- Мысалы:Бағасы 750 тг 3кг шай мен бағасы 980 тг 2 кг шай араластырылды . Қоспа шайдың 1 кг бағасы қанша?
- Мұғалім өз қызметін әр оқушы, бір жағынан, қажетті құзыреттіліктерді меңгеруі үшін, екінші жағынан, өзінің интеллектуалды әлеуетін барынша дамыту функцияларға бағыттайды.
- 5-деңгей.Синтез.1-тапсырма болады.
- ( Ұсыну, жоспарлау, жасау, жобалау, модификациялау). Мысалы. 307 бет №1222 2) есептің шығару жолын жоспарлап жаз.
- 6-деңгей.Бағалау.(Пайымдау,дәлелдеу,
- шоғырландыру, салыстыру, стандарттау, бағалау).Бұл деңгейде оқушы тақырыпты пән аралық байланыс,өмірлік тәжірбиемен алмастырып бағалау.Мысалы. Бір айлық жалақы 40000 тг болса, айлық жұмсалатын ақшаңның статистикалық сипаттамасын пайымдап жаз.
- Осы кезеңнен кейін оқушылардың танымдық іс-әрекетінің дамуының деңгейін анықтау кестесін қолданамын.Тапсырмаларды балл арқылы бағалауға болады. Оқушылардың есеп шығару барысында қабілет дәрежесі біркелкі болмайтынын ескеріліп қиындығы әртүрлі есептер берген жөн.
Бұл технология арқылы мынадай жетістіктерге жетеді - -Жаңа нәрсені өздігінен табады
- Өзін-өзі бақылайды
- Алған білімін жаңалап толықтырады
- Бір-бірімен пікір алмасады.
- Оқуға ынтасы артады
- Басқалардың ойымен өз ойын
- байланыстырады
- Осы бір қиындығы да, қызығы да мол мектеп өмірі – менің өмірім! Менің ұстаздық жолым. Осы жолда жалықпай еңбек ету, алдымдағы оқушыларыма білім үйрету – менің борышым.
Достарыңызбен бөлісу: |