Ақмола облысы
Атбасар ауданы
№7 қазақ орта мектебі
Түсенова Мадина
10- сынып
Тақырыбы:Ахмет — қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақтағы туристік бағыттар
Бөлім: Әдебиет
Жетекшісі:Әуезова Зәмзәгүл Тұрғанқызы
қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі
Атбасар, 2014
Мазмұны
Абстракт.................................................................................3-4
Кіріспе
1.1. «Адамдық диханшысы»...................................................5
Зерттеу бөлімі
1.1. «Ақынның өмірі мен шығармалары»...........................6-8
1.2. «Мысалмен айтқан көп ойлар».....................................9-11
1.3. Ахмет-Ыбырайдың ізбасары.......................................12-13
1.4.А.Байтұрсынұлы- тіл білімнің атасы.............................14-20
1.5.Ұлылар үндестігі............................................................21-23
Қорытынды
1.5. "Қалдырған ізін мәңгілік…
Есімде тұрар жаңғырып!"… 24
Пайдаланған әдебиеттер..........................................................25
Абстракт
Зерттеу мақсаты:
Менің таңдаған ғылыми жобамның тақырыбы Ахмет -тіл білімінің атасы.
Бұл тақырыпты зерттегендегі негізгі мақсатым Ахмет шығармаларын терең қарай отырып, ақынды жан-жақ қырынан танып, білу.
Зерттеу міндетім:
Тақырыбымның мақсаты негізгі жоспарға сәйкес төмендегі зерттеу міндеттерімен толықтырылып, айқындалды.
1.1. «Ақынның өмірі мен шығармалары»
1.2. «Мысалмен айтқан көп ойлар»
1.3. «Ахмет-Ыбырайдың ізбасары»
1.4."Ұлылар үндестігі"
1.5.Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
Гипотеза-болжам:
Тақырыпты таңдағаннан кейін келешекте орындауы мүмкін болжамым:
1. Біз қазақ жастары Ахмет ағай қазақтың тұңғыш Әліппесі мен ана тілі ,әдебиет оқулықтарының авторы екенін, қазақ тілі грамматикасындағы сан алуан лингвистикалық терминдердің авторы екенін білгеніміз жөн.
2. Қазіргі ғалымдар пікіріне қарасақ Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру елімізге саяси жағынан да, ғылым-білім тұрғысынан да, заман талабына сай даму үшін де өте маңызды. Сондай-ақ, бұл шараның қазақ тілінің дамуына, қолданысының кеңеюіне қосар үлесі де қомақты болмақ деп ойлаймын.
Зерттеу әдісім:
Ғылыми жобаны зерттеуде алдын ала ойластырған зерттеу әдістері белгілі бір мақсатқа негізделіп,әр тақырыпшаларды қарастыруда төмендегідей зерттеу әдістері көзделді:
1.Ақынның өскен ортасы туралы материалдар жинау.
2.Ақын шығармаларын жан-жақты талдау.
3.Мысалмен айтылған ойларды дәлелдеу.
Нәтежелер мен қорытындылар
1. Ахмет Байтұрсынұлы аңсаған егемендіктің құны мен қадірін бағалауымыз, ары қарай дамытуымыз керек!
Олар бастап беріп кеткен түбегейлі жаңаруды заман талабына сай дамытуға міндеттіміз.
2. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармалары, саяси ағартушылық қызметі-ұрпақтар үшін қазыналы мол мұра.
Зерттеудің жаңашылығы:
Өз жобамда мен түйген түйінім алға басып жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмау үшін біз білімді, күшті болуымыз керек.
Күшті болуға бірлік керек. Ұлттар теңдігі мен халықтар жарастығын гүлдендіріп, сол арқылы жүзеге асатын экономикалық-әлеуметтік, саяси-рухани жаңарысқа жетелеген адамгершіліктің диханшысы Ахмет Байтұрсынұлы аңсаған егемендіктің құны мен қадірін бағалауымыз, ары қарай дамытуымыз керек!
Олар бастап беріп кеткен түбегейлі жаңаруды заман талабына сай дамытуға міндеттіміз.
Алдағы құрбан болған ұрпақтардың армандарын зая кетірмеу — бізге ұлы сын деп ойлаймын.
Кіріспе.
1.Адамдық диханшысы
Жанын сала ұмтылды.
Болашақтың таңына
Қиялдап қана қойған жоқ.
Май тамызап, от берді.
Ой-сананың шамына.
Иә, қиялдап қана қоймай, жанын салып ұмытылған болашақтың таңы мен ой-сананың шамына май тамызып от берген Торғай қырандарының бірі — Ахмет Байтұрсынұлы.
Ахмет-қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өз бетін танытқан мысалшыл,қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Ол шын мәніндегі нағыз күрескер-демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған, азаматтық жыр үлгісін жасаған халқының қалаулы азаматы.
" Қазағым, елім!",-деп,өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне қозғау салып,ұйқысынан оятты. Қазақ халқының тағдыры, бүгіні мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болды. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады.
Ахметтің өз өлеңдер жинағын «Маса» деп атауы да тегін емес еді. Ол ұйқыда, саясаттан тыс жатқан надан халқының құлағына маса боп ызыңдап оятуды ойлады.
Ақын арманы-" адамдық диханшысы" болып халқына қызмет ету. Ахмет бұл арманын орындады. Ол туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етті. Халқының, елінің қалаулы сәулелі жұлдызына айналды. Шын мәнінде «адамдық диханшысы» атанды.
1.1.«Ақынның өмірі мен шығармалары»
«Baitursynov»
Ахмет Байтұрсынұлы(1873—1937) Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген- Ахмет Байтұрсынов.
Қайым Мұхамедханов
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 18 қаңтарында Торғай уезінде Сартүбек деген жерде дүниеге келген. Ауылдағы молдадан ескіше оқып, сауатын ашады. Ахметтің әкесі Байтұрсын Шошақұлы қайраттылығымен, ірі мінезділігімен аты шыққан тілді адам болған. Уезд басшыларының озбырлығына әр жерде қарсылық білдіріп отырған. 1885 жыл Ояз бастығы Яковлевтің басын жарғаны үшін інісі Ақтас екеуі Сібірге
15 жылға каторглік жұмысқа айдалады. Осы оқиғаны өз көзімен көрген Ахмет 13 жастағы бала екен. Сібірге айдалып бара жатқан сорлы әке «Менің көзім ашық болса, бұл кепті кимес едім. Мендей болмаймын десең оқы!-деп қадала айтқаны бала көкірегінде мәңгі қалды. Аталған озбырлықтың бала жүрегінде сақталған ызалы кегін есейе бастағанда жазған „Анама хат“ өлеңінде ол:
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам,- деген өлең шумағымен білдіреді.
Тірі жетім болып қалған Ахметті ағайындары Торғайдағы екі кластық орысша-қазақша мектепте оқытады. Оны бітірген соң 1891 жылы Орынборға келіп, мұғалімдер әзірлейтін қазақ училищесіне оқуға түседі. Оны 1895 жылы тәмәндап шығады. Бір қызығы, энциклопедиялық білімді меңгерген айтулы ғұламаның бар оқуы осы ғана. Қоғамдық қызмет пен ғылымға сонша биік көтерілген оның өз бетінше оқу арқылы осынша білім жинағанына таңданып, қайран қаласың…
Халқын жайлаған қараңғылықты тым ерте аңғарған Ахмет қызметін Ақтөбеде, Қарқаралы уездерінде, ауылдық, облыстық мектептерде мұғалім болудан бастайды. » Құл халыққа адамшылық тұқымын шаштым" дегенді сол кездері жазған ол ағартушылықтан өз халқының мұқтажын іздеді.
Өзін " адамшылық диханшысымын" деп мақтана айтты.
Сауаты саңылауы жоқ қазақты надан қалың жау еңсесін басып, қара бұлт қаптап, түнше түнеріп тұрғанда кеудесінің бар күшін аямай, жанын құрбан қылып, жарыққа қарай, өрге сүйреген бірінші ұстазымыз-Ахмет ағай Байтұрсынов. Ахмет ағай- қазақ халқының бірінші мұғалімі,ұстазы.
Мектептерде, екі кластық училищелерде мұғалім бола жүріп, М.Әуезов сөзімен айтсақ: «Бас қосқан жиында, жазысқан хата, оңашада, болған әңгімеде ел қамы, ел мұңы деген сөздер Ахаңның аузынан кетпейтін сөзі болған. елшілік ұранын салып, үгіттің ауданын кеңейтіп, ел ішінде арманды сөздерін жая бастаған»
1905 жылы орыс революциясының идеясы қазақ даласына да тарайды. Қарқаралы уезінде оқытушылық қызмет атқарып жүрген Ахмет патша үкіметіне қарсы әлеуметтік -революциялық жасырын жұмыстарға белсене қатысады. Бірақ ел ішіндегі сатқындардың көрсетуімен 1907 жылы үкімет Ахметті Қарқаралы түрмесіне отырғызады. Кейін босатқанымен бұрыннан ұйымдасқан астыртын топты қатаң бақылауға алған патша үкіметі 1909 жыл Ахмет Байтұрсынұлын, Ә. Бөкейхановты, М.Дулатовты Семей түрмесіне
қамап, 1910 жылы 21 ақпанда қазақ жерінде тұруға екі жылға тыйым салып
жер аударды.
Ахмет сол жылы Омбыға,1913 жылы Орынборға келеді. Орыс тіліне, әдебиетіне, мәдениетіне жетік Ахмет үшін бұл жылдар шынығу, тура жолға түсу кезеңі болды. оның ақындығы мен күрескерлігін паш еткен әйгілі «Маса» жыр жинағы мен Крыловтың шығармашылығынан аударған "Қырық мысал" кітаптары осы кезеңде жазылып, жарық көрді. (1903-1911 ж.ж.)
1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен Орынборда ресми емес "Қазақ" газеті шыға бастады.1917 жылға дейін шығып тұрған бұл газет халық қамын ойлаған, прогресшіл бағытта болды, қазақ халқының санасын оятуда теңдеусіз рөл атқарды. газет үздіксіз қудаланды, Ахмет Байтұрсыновты түрмеге жаппақшы да болды.
Осынша қуғын-сүргінде жүрген Ахмет мұғалім кезінен бастап қазақ елін мәдениетке тарту үшін тынымсыз еңбектенді. Халық тарихында тұңғыш рет ол жазған үш томдық «Тіл- құрал» мен "Әдебиеттанытқыш" еңбектері ғылыми ерлігі десе де болады.
1917 жылы Қазан төңкерілісінен кейін «Халық түрмесі» болып келген патшалық рессейдің отарлық езгісінде болып келген Қазақстанда да ұлт — азаттық қозғалысы кең етек алады. Сол замандағы қазақ зиялыларының басын көпшілігін қамтыған ұлт жандылық, елшілік топ ішінде Ахмет Байтұрсыновта болады. Ол Орынбарда болған құрылтай съездеріне қатысады
1919 жылдан бастап Ахмет кеңес үкіметті жағына шығады, әр түрлі жауапты қызмет атқарады. Қазақстан оқу халық коммиссариатын басқарады. Қазақ Орталық Атқары коммитетінің мүшесі болады. Репрессияның қара бұлты бүкіл ел аспанын жауып тұрған заманда, 1938 жылы жалақорлардың атқан оғынан мерт болады.
Қызы Шолпан Ахметқызының сөзіне көңіл бөлейік:
Ұлы ғұламаның ауыр тағдыры осындай. Ал Өмірбаяны жөнінен қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған «Жизнь описание» (1928,
8 наурыз) «Биография» (1929, 21 тамыз) атты материалдары айрықша бағалы. Бұлар ҚазПУ мұрағатында сақталған.
1.2. Ахмет аудармашы. «Мысалмен айтқан көп ойлар»
Қараңғы, қапас тіршілікте жарық сәуле шашып,қоғамдық әділітттілік пен ұлт болстандығына бірте бірте ұмтылудың даңғыл жолы-байтақ өлкеде оқу-ағарту ісін жолға қою деп білген. А. Байтұрсынов М.А. Криловтан аударып құрастырған ,1909 жылы Петербурк қаласында жарық көрген "Қырық мысал" еңбегі арқылы сол кезде көздері ашылып, ұлттық сана -сезімдері оянып, туған халқымның қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салмақ болады.
Ахмет Байтұрсыновтың ақындығы мен аудармашылығы 1909 жылы Петербургте басылып шықты осы жинақтан басталды.
«Криловтын мысалдары,-деп жазады Белиннский,-жай мысалдар емес: ол повесть, комедия сықақ, очерк,ұлы сатира...» Крилов мысалдарының қазақ тіліне аударылуы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталады. Бұл істі алғаш қолға алған Ы.Алтынсарин болса, одан кейін Абай ақын Криловтың он екі мысалын қазақшаға аударып, қайталанбас үлгі-өнеге көрсетті.
Крилов мысалдарын В. Г. Белинский үш топқа бөледі. Біріншісі ақыл- өсиет дәрежесіндегі баяндау жағынан әлсіз мысалдар тобы; екіншісі өсиеттшіл бағыттағы мақалдар тобы; үшіншісі-әрі сатерикалық, әрі поэзикалық мысалдарды жатқызады.
"Қырық мысал" -ұлы ағартушының түбірлі, түбегейлі тәрбиелік мақсаты мен мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы.
Кітапқа енген қырық мысал түгелдей атақты орыс ақыны М.А.Криловтан аударылған:
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып,қоңырайма,құрбыларым,- дей тұрғанмен, осы қырық өлеңнің бәрі де түгелімен тіпті аударма секілді емес. («Замандастарыма»)
Ахмет Байтұрсынов В.Г. Блинскийдің үш топтағы Крилов мысалдарынан көбірек аударғаны екінші,үшінші топтағы мысалдары:
«Арыстан, киік һәм түлкі»,"Қосқыр мен қозы", "Қартайған арыстан","Қасқыр мен тырна«т.б.
Әр түрлі тапқырыпқа арналған қай аудармасында болмасын А.Байтұрсынов Крилов мысалдарының идеялық-көркемдік мән-мағынасын, сатерикалық-әлеуметтік өткірлігін жасытып алмай, болаттай шыңдай түседі.
Криловтың бірқыдыру мысалдарында бұхара халықты ақсүйек төрелерге қарсы қоя суреттейді мысалы: „Аңдарға келген індетті деген мысалда патша әкімшілігінің зорлық-зомбылығы мен ел ішінің азып-тозып кетуін, үстем таптардың екіжүзділігін мысқыл етеді.
Залымдар айран ішіп, аман келіп,
Момындар тұтылып жүр шелек жалап,- деп қортынды сөзін айтады.
“Қырық мысалдағы» қырық өлеңнің бәрі қырық түрлі оқиғаны баяндаудан басталып, әр түрлі ғибарат айтылады.«Егіннің бастары» деген мысалдың тәрбиелік мәні бар.
Ең ақырғы қырқыншы мысал- «Малшы мен маса»
Түйіні мынандай:
Қазақ- малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пәле делік аңдып- баққан.
Пәленің түрін көрген мен — сары маса,-
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан,
Бұл шумақ Ахметтің бірінші жинағын аяқтап қана тұрған жоқ, екінші жинағы «Масаға» баспалдақ көпір тәрізді.
«Маса» бұл -Ахмет Байтұрсыновтың 1911 жылы Орынборда жарық көрген екінші жинағы. Кітаптың бұрынғы "Қырық мысалдан" ерекшелігі-мұнда бырынғай аударма өлеңдер ғана емес, ақынның нұсқалы да өз шығармалары да құраған. Көп емес, бас-аяғы жиырма шақтығана өлең. Ақын нені мақсат етеді, нені қабылдайды, неден түңіледі, неге сүйінді, оқушыны
неге шақырады-бәрі сайрап тұр.
«Масада» өзінің өміріндегі ең басты мақсаты- " ұйқыдағы" халқын оятуға жұмсайды.
Ұйқысын азда болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса,-десе
Қазағым, елім,
Қайқайған белің,
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың,қанауда жаның,
Аш көзіңді оянып,
Қаңған жоқпа әлі ұйқың
Ұйқтайтын бар не сиқың?!
(«Жиған-терген»)
-деп қазақтарды тағы да «оянуға» шақырады, ақып аяғында еңбек орнынан қуылып, жер аударылады.
«Маса»- қазақтың жазба әдебиетіндегі кәсіби поэзияның басталуында тұрған жинақ. М.Әуезов «Маса»-қазақ оқушысына естілген екінші елшілдік
ұран болды",-деп дәріптеген болатын (Ақ жол ,4 ақпан,1993 ж)
Ахмет мысалдарын қазақ ғалымдарының жоғары бағалауы тегін емес.
Ахмет ақындық, аудармашылық қызметін өзінің ағартушылық идеясына бағындыруды көздеді.
1.3.Ахмет-Ыбырай ізбасары
Ахмет Байтұрсынов -қыры мен сыры мейлінше көп адам. Ол қоғам қайраткері, өз заманындағы саяси басшы, дарынды ғалым-түрколог, ол -әдебиетті. Ол Абайдың кесек тұлғасын алғаш таныған, оның әдеби мұрасын алғаш жоғары бағалаған сыншы. Ол -әдіскер педагог.
Халық ағарту ісіне білек сыбанып, тікелей кіріскен, мектептер ашып, оқу құралдарын жазып,ұстаздықпен айналысқан Ы. Алтынсарин екені белгілі. Ол: «Мектеп- қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы тек мектептерде»,-деп жазды. Ұлы ағртушы бастаған осы ойды, ұстазлық жұмыстарды дамыта жалғастырушы А. Байтұрсынұлы болды. Ол 1905 жылы педогогикалық учелицені бітірісімен Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып,ұстаздықпен айналысты.
Кел балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!-деп балаларды оқуға шақырған Ыбырайдың ізімен Ахмет те:
Балалар оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн сығалап,- деген өлең шумағынан балаларды мектепке, оқуға шақырады.
Ахмет «Айқап» журналының 1912 жылы төртінші санында жарияланған мақаласында балалардың тез өсіп жетілуінің бір кілті- оларды ана тілінде оқыту, ол үшін ана тілінде оқу құралдарын жазу, оны жазу үшін қазіргі қолданылып жүрген жазуымызды (араб жазуы) өз тіліміздің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру деп жазды және айтқандарын бірінші болып өзі орындап шықты. Араб Әліппесін қазақ Әліппесі етіп өзгертті Төмендегі сурет Ахмет "Әліппесінің" суреті
Қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық жүйелерін зерттеп, одан мектептерге арнап оқу құралдарын жазды. Бұл істердің қай-қайсылары болса да ана тілімізде жарық көрген тұңғыш туындылар болатын.
Ғалымның ғылыми -әдістемелік дидактикалық көзқарастары «Баяншы», «Тіл-құрал», "Әліппе астары", Әліпби сияқты оқулық, оқу-әдістемелік құралдарда да кең орын алған.
Ахмет 1926 жылы өзінің әйгілі "Әдебиет танытқыш" кітабыни бастырып шықты. Бұл кітапты біз Аристотелдің «Поэтикасымен» қатар қойып салыстыруымызға болады.
А. Байтұрсыновтың "әдебиет " еңбегінің ең басты бағалылығы-әдеби терминдерді қазақша қалыптастыруы.
Әдеби терминдердің басым көпшілігінің аудармасын ойлап тапқанда Ахмет Байтұрсынұлы; көріктеу, айшықтау, алмастыру, түйіндеу, т.б.
Осылардың бәрі М.Әуезовтің «Ахаң түрлеген ана тілі дейтін еңбегінде айқын көрсетілген.
Ахмет қазақтың тұңғыш Әліппесі мен ана тілі ,әдебиет оқулықтарының авторы екенін, қазақ тілі грамматикасындағы сан алуан лингвистикалық терминдрдің авторы екенін білгеніміз жөн.
Кеменгер ғалымның оқу-әдістемелік еңбектері, мектеп жұмысына қосымша ой-пікірлері осы күні де өз құнын жоя қойған жоқ.
Ыбырай мен Ахмет-»Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған" алғашқы ұстаздар. Олардың халық үшін, өнер-білім үшін, тәуелсіз, мәдениетті ел ету үшін күрескен қажырлы еңбектерін халық ешқасан ұмытпайды.
1.4. Ахмет Байтұрсынов — тіл білімінің атасы.
Қазақтың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынұлының халық үшін істеген игі істерінің ішіндегі ең шоқтығы биік қызметінің бірі-араб жазуына өзгерістер енгізіп қазақ әліпбиін құрастыруы. Осы арқылы ғылым халқының тез сауаттанып хат тануына оқу білімге деген құштарлықтарының оянуына ерекше ықпал етті. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады да, оны 1912 жылдардан бастап қолданысқа енгізді. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының [7]әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі — ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.
1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.
Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реф орматоры болды.[8][9]
А. Байтұрсыновтың өзі «Қазақ жазуы» деп, кейінгі зерттеушілер «Қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы» деп аталған араб таңбалы жазуды ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап латынға ауыстыру науқаны басталды. Бұл қарекет, әрине, жеке-дара қазақ мәдениетінде емес, түріктер мен әзірбайжандарда басталып, Ресей қол астындағы түркі халықтарының (татар, қазақ, өзбек, қырғыз, ноғай т. т.) барлығының саяси-мәдени өмірінде белсенді түрде орын алғаны белгілі. Бұл құбылыстың алдыңғы кезеңдердегі алфавит, соған сәйкес жазу тәртібі – орфография мәселелерінің қойылуынан өзгешелігі сол – бұл кезеңде (1924 – 1929 жылдары) графика мен орфография үлкен саяси-әлеуметтік үн алды. Конференция, жиындар өткізілді. Бұл проблемаларға арналған ғылыми-практикалық негіздерге сүйенген баяндамалар жасалып, үлкен пікірталастар орын алды, қазақ ағартушылары мен ғалымдары арабшылар – латыншылар болып айқын екі жікті құрады. А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар бастаған «арабшылар» (реформаланған араб жазуын ұсынушылар) азшылық болды. Сол кезеңнің саясатына қарай өзге түркі халықтары өкілдерінің көпшілігі латын жазуын жақтап, Кеңес Одағына қараған түркі халықтары үшін латын жазуына көшу ұйғарылды.
кейін1929 жылықазақ халқы сан ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу – латынға көшті. Оның қолданылу тәртібі – орфографиясы 1929 жылы жеке талқыланып (Қызылордадаөткен конференцияда), осы кезден бастап іс жүзінде қолға алынды: мектептер мен баспасөз және баспа орындары енді латынша жазуға көшті.
Қазақ мәдениетіүлкен таластармен қабылданған латын жазуының да «қызығын» көп көре алмады. Тағы да коммунистік империялық саясаттың тегеурінімен латын жазуы аласталып,кириллица− «орыс жазуы» қабылданды. Бұл тұстағы «орыс жазуын» қостайтын ғылыми-теориялық негіздеме әлсіз болды, араб жазуындай (сан ғасырлық) қолданыстағы тарихи дәстүрі болған жоқ, не қазақ тілінің дыбыс құрылымына сәйкестену мүмкіндігі де (қазақ жазбасына қажет дыбыс әріптерінің болу-болмауы) өзге жазулардан (айталық, алдыңғы латын әліпбиінен) артықшылығы көрінбеді, не сауатты жазуға ұсынылатын емле ережелерінде үлкен өзгерістер болмады. Тек орыс тілінен және орыс тілі арқылы келіп жатқан интерсөздер орыс тіліндегі қалпында жазылатын ереже бел алды. Бұл ереже тіпті шет тілдік, әсіресе қазақ тіліне «орыс тілдік» сөздердің қалың нөпірін қазақ фонетикалық жүйесіне келтірем деп қиналмай- Орыс жазуына(кириллцаға) көшу процесі негізінен латынға көшкендегідей бүкілодақтық үлкен жиын-конференцияларсыз, ғылыми негізді пікірталастарсыз, көп дайындықсыз өтті,ССРО-ны мекендеген түркі халықтарының жазуы латыннан кириллицаға көшсін деген үкімет қаулысы алынды да, 1940 жылы күзде қауырт жаңа әліпбиді қолдануға жарлық шықты. Әрине, оған көшудің алдында да кейбір жиын-жиналыстар мен баспасөзде жаңа жазуға қатысты пікір айтылып жатты. Ол пікірлер негізінен жаңа жазудың емлесі жайында болды, өйткені графика түрін таңдау ғалымдар мен ағартушылардың (тіпті халықтың) құзырында болмай қалды: оныРесейлік(империялық) мүдде менкоммунистік идеологияөздері шешті, қабылдатты. Он-он бес жыл бұрынғы латынға көшу қарекетінен бұл іс-әрекеттің айырмасы – тоқпақ күштірек соғылды, ғылым мен ағарту мүдделеріне жол бермеді, оның үстіне ұлттық мүдде үшін жандарын сала күресетін, өздеріне замандас орыс және өзге ұлт білімпаздарымен сауатты түрде айтыса алатын А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,
М.Дулатов,Т.Шонанов,Қ.Кеменгеров,С.Омаров,Н.Төреқұлов,Б.Сүлеев
сияқты ғалымдар «халық жауы» болып атылып-айдалып кеткен-ді. Қазақ тілі мен жазуы үшін күресетін одан кейінгі ғалымдар легі өсіп, жетіліп, қайтпас қайсар рух дәрежесіне енді келе жатқан болатын. «Орыс жазуы» мен оның емлесіне қатысты пікірлердіС. Жиенбаев,М. Балақаев,Ш. Сарыбаев,С. Аманжолов,І. Кеңесбаев сияқты тіл мамандары айтты. Жаңа жазудың орфографиясына қатысты шешімі қиын тұстары баршылық болатын. Бұл қиын тұстар (ережелер) тек кірме сөздерге ғана емес, төл сөздерді дұрыс жазуға да қатысты болды. Жаңа жазуда қолданылатын емленің қиын тұстары жайында кейінгі тарауларда жеке-жеке талданады. Емлені талқылауда үлкен пікір таласы болмағанмен, жеке ережелеріне келгенде айтарлықтай екі-үш ұдайылық (қарама-қарсылық) сипат алған ұсыныстар мен дәлелдеулер орын алып отырды.
Жаңа «орыс жазуы» кеңінен таралып, игерілуін үлгермей жатқанда, қоғам тіршілігін кілт өзгерткенҰлы Отан соғысыбасталды. Төрт жылға созылған соғыс жылдарында жазу мен оның емле ережелеріне мұқиат үңіліп, қырнай түсетін іс-шаралар жүргізетін мүмкіндіктер де бірінші кезекте тұрмады, дегенмен1940 жылдыңсоңынан басталған жаңа «орыс жазуын» қазақ мәдениеті: оқу-ағарту саласы, мерзімді баспасөз, баспалар ісі тегіс пайдалануға кірісті.
Ал қазақ ұлты ұзақ тарих көшінде сан алуан жазуды қолданып келгені белгілі.
Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табылады. Латын әліпбиіне көшуді жақтаушылар бұл мемлекеттік тілдің өзінің күшіне енуіне оң әсерін тигізеді десе, латынға қарсылық білдірушілер халық арасында сауатсыздық бел алады деп шошуда. Кейбіреулер Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақтың ардақтылары латын әліпбиіне қарсы болған деген пікірлерін де алға тартады. Ахмет Байтұрсынұлының латын жазуына қарсы шыққандығы негізгі ойлағаны-елдің мәдениеті мен экономикалық жағдайы еді. Ахаң латынға көшу арқылы бүкіл қазақ халқы біріншден, рухани-мәдени дүниесінен айырылатындығын, екіншіден, оқулық шығару, баспа ісі, т.б. латындандыру үшін орасан көп қаржы керек болатындығын, қатты ескертумен болған.(«Еңбекші қазақ», 1926,№282. 19 желтоқсан) Сол кездегі жазуға қатысты пікірталастар "Әліппе айтысы«деген атпен 1927 жылы Қызылорда қаласында кітап болып басылып шыққан. Бұнда А.Байтұрсынұлының пікірін М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, а. Байтасұлы, І.Ахметұлы қолдап, сөз сөйлейді.- Қазіргі ғалымдар пікіріне қарасақ Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру елімізге саяси жағынан да, ғылым-білім тұрғысынан да, заман талабына сай даму үшін де өте маңызды. Сондай-ақ, бұл шараның қазақ тілінің дамуына, қолданысының кеңеюіне қосар үлесі де қомақты. Себебі бүгінге дейін өзіміз әбден үйренісіп, қолданып келе жатқан кирилл жазуы да аса жетілген, кемел емес екені белгілі. Мұны түсіндірме сөздікпен жұмыс істеуде, әсіресе сөздердің орфографиясы, орфоэпиясына келгенде анық байқадық. Жазуымызда қазақ тілінің дыбыс жүйесіне бағынбайтын кемістіктер, көпшілік үйреніп кеткенімен, кірме сөздердің орыс тіліндегі заңдылықтар бойынша сақталып жазылуы, басы артықь, ъбелгілері,в, ф, ц, ч, щ, ю, яәріптері, т.б. қиындықтар кездеседі. Латынға көшуде өзге себептермен қатар, тілдік тұрғыдан осы бір қиындықтарды шешуге, қазақ тілінің дыбыс жүйесін сақтайтын, табиғатына сай жүйелі, жетілген әліпбиді түзу мүмкіндігі туып тұр.
[img border=»0" width=«457» height=«304» src=«file:///C:/Users/www/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image005.jpg» v:shapes="_x0000_i1027">
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауының мәні де, маңызы да бөлек. Бұл Жолдау ел дамуының белгілі бір асуын бағындырып, келесі асуға бет алуын мегзегендей әсер қалдырды. Елбасы даму көкжиегімізді 2050 жылға дейін ұзартып отыр. Ел Үкіметі мен халықтың алдына нақты міндеттер қойды. 2050 жылға қарай Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру межесі белгіленді. Бұлар құрғақ қиял емес, барлығы да ғылыми негізделген, қаржылық және кадрлық ресурстармен тиянақталған қол жетер армандар. Көптің ойына келмеген бастамалар көтеріп, тұтқиылдан тосын шешімдер қабылдау және соған жұртшылықты жұмылдырып, тиісті нәтижеге қол жеткізу – Елбасының өзіндік машығы, ойының озықтығы. Кезінде ел ордасын көшіру, 2030 стратегиясын іске асырып, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру секілді өршіл бастамаларды тосаңсып қабылдағанымыз рас. Бірақ өмірлік ақиқаттар қабылданған шешімдердің дұрыстығын дәлелдеп отыр. Бұл ретте алға мақсат қоя білудің және ол мақсатты дұрыс қоя білудің маңызы зор. Елбасының сөзімен айтқанда, «Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді».
Қазақстанның осы кезеңдер ішінде қол жеткізген жетістіктерінің барлығы да тәуелсіздіктің арқасында болып жатқаны даусыз. «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылғандай, «Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз». Сондықтан да халқымыз үшін Тәуелсіздік ең үлкен құндылық болып қала береді. Алға қойған мақсат межелер де, стратегиялық даму жоспарлары да, ел халқының ерік-жігері мен күш-қайраты да ел тәуелсіздігін баянды етуге жұмылдырылады.
Ел дамуының келесі кезеңіне бағыт алған тұста мемлекеттік тіл – қазақ тілінің жай-күйі қалайболады деген сауал әркімді де қызықтыратыны анық. Стратегияда бұл мәселе де ерекше аталып өтілген. Елбасы бұл Жолдауында қазақ тілінің алдағы уақыттағы тағдыры туралы көпшілікке қарата: «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.
Менің зерттеу кезінде көз жеткізген тағы бір мәселем Ахмет Байтұрсыновтың туған күні тарихта жаңсақ аталып жүр екен. Астанада «Қайраткер аманаты және ұлт мұраты» атты конференцияда ғалымдар осылай, деді. Бүгінде көптеген оқулықтар мен ғылыми еңбектерде «Ахмет Байтұрсынов 1873 жылдың 28 қаңтарында туған», делініп жүр. Ал, шындығында олай емес екен. Қайраткердің дүниеге келген күні — 1872 жылдың 5-қыркүйегі. Бұған дәлел — таяуда табылған, Ахаңның өз қолымен жазған өмірбаяны. Сондықтан, тарихи деректер нақтыланып, қайраткер ғұмырбаянына қатысты қателік түзелсе, дейді ғалымдар
Хангелді Әбжанов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры:
Ол заманда қазіргідей АХАЖ жоқ, жазып отырған жоқ. Бірақ, Ахаң өзі көрсеткен мәліметке ғана сүйеніп айтуға болады. Дегенмен, туған күнге байланып қалуға болмайды. Туған күн, деген шартты дүние ғана. Бір сәттік дүние сияқты. Ахаңдай тұлғаларға үздіксіз назар аудару керек.
«Ахаңа «ұлт ұстазы», дегеннен гөрі, «ұлттың ар-ожданы», деген ат лайық», — дейді ғалым Хангелді Әбжанов. Себебі, Ахмет Байтұрсынов — білім мен ғылымға түрен салып қойған жоқ, ұлттың, қалың елдің санасын оятқан тұлға. Ол қазақтың алғашқы әліпбиін түзген. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаған. Ұлттық сөз өнерінің теориясын жасаған адам. Ғалымдығы бір төбе болса, қайраткерлігі, ағартушылығы, аудармашылығы, сазгерлігі тағы бар. «Осының бәрі әлі де терең зерделеуді қажет етеді», — дейді ғалымдар.
1.5. Ұлылар үндестігі
Ахмет пен Міржақып
Бұл есімдер-бірінен-бірін бөле жармай тұтастықта қарастырылатын, бірін-бірі толықтырылып, көркейтіп тұратын асыл бейнелер.
Сондықтан қос қайраткерлердің шығармашылығын бір-бірінен бөлмей бірге қарастыруды жөн көрдім.
Кемеңгер Ахмет Байтұрсынов «Ау,қазақ» атты арнау өлеңінде:
Мінеки жиырмасыншы ғасыр болды,
Өнерден осы күні дүние толды.
Сен қашан қатарға келіп ел боласың,
Әлі күн көрінбейді нәрсең оңды,- деп ұрандап келсе, ал жалындаған Міржақып Дулатов:
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты!-депхалқына жаңа ой мен сергек те сенімді пікірмен жар сала келді.
ХХ ғасырдың басында қалың бұқараға жөн сілтеп, жол көрсеткен өлең жалдарынан екі ақынның бойындағы ой ортақтығын, мақсат бірлігін аңғаруға болады. Бұл идеялық саяси бірлікті, ой мен үндестікті олар өмірлерінің ақтық сәттеріне дейін адал әрі аброймен атқарып кетті.
Мұны біз ардагер арыстарымыздың қоғамдық-саяси қызметтерінен де, педоготтік -ағартушылық жұмыстарынан да,әдеби шығармаларынан да байқаймыз.
Олар- ақын, жазушы, журналист, ағартушы, педагог,әдебиетші, саясаткер,
ғылымның әр саласында еңбек етер, оқулықтар жазған әдіскер-ғалым, т.б. Осылардың бәрінің басын қосып тұрған жақын тақырып-олардың ағартушылық қызметі.
Алдымен екеуі де ауыл молдасынан хат таниды, сосын екі сыныптық орыс-қазақ мектебінен тәлім алады. Ұстаздық қызмет етеді.
Ағалы-інідей болып кеткен екі арыс халық болашағы үшін ортақ істе
ажырамастай ширығып шынығады.
Ахмет әрқашан да өз ойын іске асыру үшін қаламдас інісін тартып отырады.
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара сазға қонып салқындаған
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
не қылды тәнімізден шарпылмаған
деген.
М.Дулатов «Оян, қазақ» өлеңдер жинағындағы " Сөз ақыры" атты қорытынды өленінде:
Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,
Сөзі алтын, мағынасы меруерттей.
Оқыған ғибрат алып жас жігіттін,
Кәмілесі өз халқына қызмет еткей,-
деп ақылшы ағаның, туған халқына қалтықсыз қызмет еткендігі, дарынын үлгі етеді.
Ахмет пен Міржақынтың қоғамдық қызметінтегі қайраткерлік байланысты " Қазақ" газетін ұйымдастыруға, халық санасын оятуға, әдеби-шығармашылық жұмыстағы қарым-қатынастарынан, өзара достық, бауырмалдылық ыстық — ықыласынан аңғаруға болады.
А.Байтұрсынов 1913жылдың 2 ақпанында тұнғыш рет "Қазақ" газетін ашады. " Қазақ " газеті 1918жылдың қазан айында жабылғанға дейін бес жыл бойы қазақ халқына қызмет етеді.
1913 жылға бірнеше санында Ахмет Байтұрсыновтың " Қазақтың бас ақыны " деген мақаласы — Абайтаныудың ғылым ретінде Абайдың 1909 жыллы Санк-Петербургте басып шыққан тұнғыш өлеңдер жинағы
талданып, ақын шеберлігі терең пайымдалады.
Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов еңбегі; қоғамдық қызметі Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов пен тығыз байланыста ұлт тағдыры үшін бірге күш жігерін аямай бірлесе қызмет атқарғанын оқып-біліп танудамыз.
1915 жылы белгілі орыс саяхатшысы, этногроф Г.Н Потаниннің 80 жылдығы атап өтілді. Ахмет осы мерекеге сый-тарту ретінде " Ер сайын "
жырының толық нұсқасын баспаға кітап етіп әсірлейді. Бұл кітап 1923 жылы Мәскеудегі " Кун шығыс " баспасынан жарық көреді. Ол кезде баспаның қазақ бөлімінің редакторы қыр баласы- Әлихан Бөкейханов қызымет ететін. Кітап Ахмет Байтұрсыновтың бұрын баспа бетін көрмеген " Г.Н Потанинге тарту " арнау өлеңімен ашылады.
А.Байтұрсынов баспаға әзірлеген бұл кітаптың шығарушысы Ә.Бөкейханов. Екеуі бірлесе жазған өмірбаяндық аарнау өлеңнен екі арыстың үндестігін сезуге болады.
Ә.Бөкейхановтың да мол еңбегінің бір саласы- "Қазақ" газетінде жарияланған мақалалары. Газетте жазылған екі жүзге жуық мақала мен аудармалары Ахметтің ойымен үндес қазақ елінің ең түйінді мәселелеріне арналған.
Ахмет пен Әлиханды бір-бірімен ажырамастай еткен мәңгілік байланыстырған туған халқына еліне деген ыстық сүйіспеншілігі мен парасаты ақыл-ойы.
Оларды бұл бірлікке біріктірген "Қазақ" газеті екендігіне дау жоқ.
Ұлттық ұғымы басым Ахмет пен Әлихан пікірлері бір жүйе тауып тұтасып жатты.
Тұжырымдай келгенде, бір-бірінен бөлектеуге болмайтын,үнемі бір-бірін толықтырып тұратын, әрқайсысы дара бейнелер болса да, тамыры мен тағдыры бір — үш тұлға -Ахмет,Әлихан, Міржақып өмірі төл мәдениетіміздің төрінде, туған елміздің жүрегінде мәңгі сақталады.
Қорытынды
"Қалдырған ізін мәңгілік…
Есімде тұрар жаңғырып!"
Қорытындылай келгенде, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармалары, саяси ағартушылық қызметі-ұрпақтар үшін қазыналы мол мұра деуге болады. Кеңес империясы дәуірінде Ахмет есімін атаудың өзін қылмыс саналса, еліміз тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз өзінің ұлы перзентімен қайта табысып отыр.
Баспалар ақын, ғалым, зерттеушінің көп шығармаларын басып шығарды. Қазақстан өкіметінің арнаулы қаулысы бойынша республикамыздың әр жерлерінде мектептерге, көшелерге,Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институына
А. Байтұрсынұлының есімі берілді.
Сондай-ақ Ақынның туған жері Торғай ауданы, Ақкөл ауылында 2009 жылы жаңадан мектеп салынып, Ахмет есімі берілді. 2011 жылы Ақкөл ауылында Ахмет Байтұрсыновтың құрметіне ескеркіш қойылды. Торғай қаласында Ахмет Байтұрсынов атында Мұражай бар. 2012 жылы Арқалық қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш қойылды. Тәуелсіздік еркіндігі үшін жан аямай күрескен ұлы азамат Ахмет есімі мәңгі біздің жадымызда сақталады.
Пайдаланылған әдебиет
“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
Тарихи тұлғалар. Танымдық — көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009
“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9
Достарыңызбен бөлісу: |