Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
Бекітемін
Директор
_______________ Н.Ахат
20 __ жыл___ __________
Оқытушылар жұмысының сапасын бағалау критерийлері
1. Осы оқытушылар жұмысының сапасын бағалау критерийлері "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Бағалау критерийлері педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар колледждің оқытушыларын анықтау мақсатында жасалды.
3. Бағалау критерийлері кәсіби қызметті іске асыратын барлық педагог қызметкерлерге қатысты.
4. Бағалау критерийлерін әкімшілік құрам мен кафедра жетекшілері талқылағаннан кейін ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында бекітіледі.
2. Негізгі атқарымдары, мақсаттары, міндеттері және қағидалары
2.1. Бағалау критерийлерінің негізгі атқарымы – педагогикалық ұжым қызметін диагностикалау және бағалау.
2.2. Мақсаты – педагог қызметкерлер жұмысының сапасы туралы объективті ақпарат алу.
2.3. Міндеттері
2.3.1. Педагогтар қызметін өзіндік бағалау.
2.3.2. Колледж қызметін өзіндік бағалау.
2.4. Бағалаудың негізі мынадай қағидалардан құралады
2.4.1. Жариялылық және ашықтық.
2.4.2. Кәсіптік дамудың жеке ерекшеліктерін ескеру.
2.4.3. Ішкі бағалау мен өзіндік бағаның әлеуетін арттыру.
3. Бағалау критерийлері бойынша оқу жылының соңында оқытушыларды марапаттауүшін комиссия құрылады
Комиссия төрағасы - колледж директоры Ахат Н.А.
Комиссия құрамы:
Достарыңызбен бөлісу: |