Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
а) Топқа бөлу [үш түрлі тәждер арқылы]
ә) Психологиялық ахуал
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Бүгін алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
ІІ.Өткенді қайталау
Ә.Дүйсенбиевтің «Ардақты ана» өлеңін сұрақ - жауап арқылы сұрау.
- Ананың қас қабағына қарау дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ананы барлық адамдар неге құрметтейді?
- Өлең неше жолдан, неше шумақтан құралған?
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Қызығушылығын ояту.М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Ә. Тінәлиевтің
«Фаризажан » өлеңін мәнерлеп айтқызу .
2.Ой қозғау.
- Ән кімге арналған екен?
Иә, балалар, бүгін біз Фаризаның «Оюлар» атты өлеңінен танысамыз [Дәптерге күнді, тақырыпты жазғызу]
- Ендеше, Фариза кім?
- Ол туралы өткен тақырыптар бойынша не білесіңдер?
- Әр топ өз ойларын маркермен флипчарт бетіне түсіреді? [топпен қорғау]
[Ұпай санын беру]
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді әр топ іштей оқып шығады.
- Шумақ бойынша дауыстап,тізбектей оқыту.
- Өлеңнің әр жолын түсіндіру мағынасын ашу.
- Сұрақтарға жауап алу.
- Текемет оюларын көргенде ақында қандай жылы сезімдер туды?
- Ақын түрінен неге әжесінің саусақтарын көргендей болды?
- Өздерің қандай ою түрлерін білесіңдер?
[Ұпай санын беру]
Флипчартпен жұмыс жасау
- Әр топқа флипчарт бетіне жазылған өлеңнің әр шумағы таратылады.
- Өлеңге талдаулар жасату. [топпен қорғау]
Оюлар
Түрін- ай текеметтің! Асыл қандай! [3 бунақ, 11 буын]
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.[3 бунақ]
«Келе ғой, қошақаным [2 бунақ]
Өзіме!»- деп, [1 бунақ]
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай....[3 бунақ]
Аңсаумен күнім өтті қанша менің, [3 бунақ 11буын]
Желбауда, басқұрда ма аңсау емім. [3 бунақ]
Әжемнің көзіндей бұл оюларды , [3 бунақ]
Таба алмай дала кезіп шаршап едім. [3бунақ]
Елестеп көз алдыма сән шақтарым, [3бунақ, 11буын]
Келгендей құлағыма аңсатқан үн. [3бунақ]
Түрінен текеметің көріп тұрмын, [3бунақ]
Әжемнің тарамысты саусақтарын. 3[бунақ]
[Ф.Оңғарсынова] «Оюлар» өлеңі 4 тармақ, 3 бунақты, 11 буынды етіп құрастырылған.
[Ұпай санын беру]
1 видео: «Ғажайыпстанға саяхат» бұл мультфильімде не туралы айтылғандығы жайында оқушылардан сұрап өту.
-Балалар біз де оюлар жайында көп білеміз ғой? Ендеше өз топтарыңмен ақылдаса отырып, өз қалаған оюларыңды Paint пен салып бояңдар.
Критерийлер арқылы бағалап өтемін.
[Ұпай санын беру]
Дәптермен жұмыс жасау
Сөздік жұмысын жүргізу:
Желбау, басқұр - киіз үйдің оюлы жабдықтары.
Сыни ойлауға қосымша тапсырма:
2 видео: Корей киносы «Жумон ханзада»
Сұрақтарға жауап алу
- Бұл видеороликтен не түсіндіңдер?
- Қандай оюлар бейнеленген?
- Қандай қорытынды шығарар едің?
Сұрақтар:
1. Бұл видеороликтен не түсіндіңдер?
2. Басқа ұлттар да біздің оюларымызды пайдалана ма? Бұл дұрыс па?
3. Жумон киносынан қазақтың оюларын көрген де қандай ойға келдіңдер?
Үш топ осы сұрақтар бойынша өз тобының аттарына байланысты жауап береді.
Жинақтық бағалау арқылы үш топ бір - бірін бағалайды.
Критерийлерді басшылыққа ала отырып.
Кері байланыс: не білдім? не білгім келеді?
|