Ақмола облысы, Бурабай ауданы
№9 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Уалиева Гульнар Мейрамбекқызы
Алғы сөз
Бұл төмендегі сабақтарды мен 4 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен берген болатынмын. Өткізілген сабақтың жоспарын сындарлы оқытуға негіздеп жасадым. Барлық берілген сабақтар тізбектелген сабақтар топтамасы. «Не үшін?» Қ.Мырза Әли, «Жазғытұрым» І.Жансүгіров, «Менің өмірім» М.Жұмабаев, «Оюлар» Ф.Оңғарсынова аталған тақырыптардың барлығы өлеңдер. Сабақта қарастырған жұмыс түрі барлығы топтық болып табылады. Оқушылар бұл сабақтарда бойларында еркіндікті сезіне отырып, топпен жұмыс жасады. Оқушыларға көбінесе шығармашылық тапсырмалар беріп, топпен ақылдаса отырып, шешімді өздері тауып шыға алатындай етіп бердім. Сергіту сәттері де бастауыш сынып оқушыларына көп септігін тигізеді. Әр сабақтың тақырыбына ұштасатындай етіп, сыни ойлау тапсырмаларын бердім. Оқушылар арасында сергіту сәттерінің түрлерін жасай отырып, ынтымақтастық атмосферасы орнады. Оқушыларды бағалау кезінде бағалау түрлерінің бірнеше түрін қолдандым. Оқушының өзінің бағасы, топтың бағалауы, жұптық, және критерийлер арқылы шынайы бағалау. Жалпы осы сабақтар топтамасына жеті модульдер кіріктірілген. Әрбір сабақта төрт немесе бес модульді қамтыдым. Нәтижесінде оқушы бойында сенімділік, сыни ойлау көзқарастары қалыптасады, ойын еркін айта алатындай бола білуге төселеді.
Мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |