Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: З. Кугембаева



Дата07.02.2022
өлшемі129,69 Kb.
#87270
түріСабақ
Байланысты:
6.10.10-кл


Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: З. Кугембаева



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1.4.8

Мектеп: №162

Күні: 6.10.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Сатаева Б

Сынып: 10

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Иондық байланы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.4.8 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.9 ионды байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;

Сабақ мақсаттары

- «Ион» терминінің мағынасын біледі және түсінеді;
- Иондық байланыстың не екенің біледі;
- Иондық байланыстың түзілу механизмін түсінеді;
- Иондық байланысқа нақты мысалдар келтіре алады;
- Иондық байланысты нүктелер мен айқыштар диаграммасы көмегімен сала алады;

Жетістік критерийлері

Бағалау үдерісі бүкіл сабақ бойына жүреді, мұнда оқушылардың өзін-өзі бағалау, топтардың бірін-бірі бағалауы және міндетті түрде бүкіл сабақ үдерісін қадағалаушы мұғалімнің бағалауы жүреді.

Тілдік мақсаттар



Тілдік мақсат
Оқушы орындауы тиіс: ауызша және жазбаша жауаптарда ғылыми терминологияны қолдану
Терминдер:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Ион

Ион

Ion

Иондық байланыс

Ионная связь

Іonic bond

Катион

Катион

Сation

Анион

Анион

Аnion




Құндылықтарды дарыту

Мектеп құндылықтары мен Мәңгілік Ел идеяларын сабаққа енгізу сабақтың ажырамас бөлігі. Ол құндылықтар сабақ барысында туындаған жағдайға және оқу мақсаттары мен оқушылардың жауаптарына сай қолданылып барылады.
Білім құндылықтары:

  • Құрмет. Бүкіл сабақ барысы өзара құрметке, бір-бірінің пікірлерін тыңдау мен оларға санасуға, ойларын тыңдауға негізделеді.

  • Ашықтық. Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады. Оқушылар өздерінің білгенің өзге құрбыларымен бөлісудің маңызы айтылып өтіледі.

  • Өмір бойы білім алу. Бүгінгі сабақта алатын білім мен дағдылар алдағы сыныптарда, емтихандарда қажет болатыны айтылады. Сонымен қатар металдар мен олардың қосылыстарының күнделікті өмірде қолданылатын жерлері айтылып өтіледі.

Сабақ барысында тек осы жоғарыдағы құндылықтар ғана емес, сонымен қатар мектебіміздің басқа да құндылықтары қажет болып, ұрымтал тұсы келгеніне байланысты кіріктіріліп барылады.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта физикамен тығыз пәнаралық байланыс болады.



АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы сабақ барысы көрсетіліп, жасалынған және жасалынуы тиіс іс-әрекеттер тізбегі көрсетіліп барылады. Мысалы, сабақ барысында қолданылатын терминдер, сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар, оқу мақсаты мен оған оқушылармен бірлесе қойылатын критерийлер баяндалып барылады. Жаңа сабақты өтіп болғаннан соң оны бекіту тапсырмалары беріледі, сонымен бір қатарда үй тапсырмасы да көрсетіледі.

Бастапқы білім



Атом құрылымы туралы барлық тақырыптар қаралады:
Атомдағы электрондар қозғалысы (8.2А)
Формулалар және химиялық теңдеулер (8.3А)

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
1-3 минут

4-8 минут





Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушыларға бүгінгі сабақта алдыңғы сабақта берілген үй тапсырмаларын қаншалықты меңгергенің тексеріп, онда жіберілген кемшіліктермен жұмыс істеу мақсатында үй тапсырмалары сұралады.
Оқушылардан бірқатар сұрақтарға жауап беруді сұрау арқылы ауызша
талқылау/әңгімелесу жүргізіледі, қажет жерлерінде жазбаша түрде де сұралады.


Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар:
І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну):
1. Электртерістілік (ЭТ) ұғымын қалай түсінесіздер?
2. «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасы дегенде нені түсінесіз? Нақты мысал арқылы түсіндіріңіз.


ІІ деңгейлі тапсырмалар (қолдану):
1. Ковалентті полюссіз, содан кейін полюсті байланыстың ерекшелігін нақты мысалдармен көрсетіңіз («Нүктелер мен айқыштар» диаграммасы арқылы).
2. Ковалентті полюсті және полюссіз байланыс түріне 2-3 заттың формулаларынан мысалдар келтіріңіздер.
3. Аммиак пен метан молекуласы үшін «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрыңыздар.


(f) Оқушылардан талқыланған сұрақтарды түсіндіруін сұраңыз және оның дұрыстығына көз жеткізіңіз.




Сабақтың ортасы
9-12 минут

13-15 минут


16-24 минут


25-30 минут

31-33 минут


34-37 минут





«Миға шабуыл» стратегиясы. Оқу мақсатына алып келетін іс-әрекет.


Натрий – белсенді металл, сумен, оттекпен өте жылдам әрекеттеседі, оны керосиннің астында сақтайды. Хлор – жасыл-сары түсті улы газ. Екеуіде ас дайындауда пайдалануға жарамайды.
Біз күнделікті тамаққа пайдаланып жүрген ас тұзы - натрий және хлор элементтерінен тұрады. Неліктен біз натрий хлоридің белгілі мөлшерін ас дайындауда пайдалана аламыз?

Атом - ē→ Катион



Ионға айналу сызба-нұсқасы: Na0 -1e → Na +

Атом + ē→ Анион



Ионға айналу сызба-нұсқасы:
Cl0+ 1e → Cl-


Сабақтың тақырыбы:
Иондық байланыс
(W) Оқушылардан натрий хлориді үшін «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салуды сұраңыз ұсыныңыз. Иондық және коваленттік байланыстың түзілуінің арасындағы айырмашылықты талқылаңыз.
Ресурспен жұмыс
ҚОСЫМША №1


(f ) (F) Оқушылардан иондық байланыстың түзілу механизмін түсіндіруді және ақырындап күрделендіре отырып, өз мысалдарын келтіруді сұраңыз.

Оқушылар мұғалім тарапынан берілген жаттығуларды орындайды.


Қалыптастырушы бағалау
1. Иондық қосылыстарды белгілеңіз:
FeCl2, NaOH, NH3, K2O, CH4, CO2, AlI3, CuCl2, Na2S, MgCl2, SO2, RbCl, H2O
2. Иондық қосылыстың түзілуінің механизімін түсіндіріңіз
3. Кальций гидроксидіндегі иондық байланыстың түзілу механизмінің сызба-нұсқасын келтіріңіз


Дескриптор. Оқушы:
1. Иондық байланыстарды белгілей алады FeCl2, NaOH, K2O, AlI3, CuCL2, Na2S, MgCL2, RbCl.
2. Иондық байланыстың түзілу механизімін түсіндіре алады. Электронды беру және қабылдау арқылы катионмен анион түзіледі, қарама-қарсы зарядталған иондар арасында электростатикалық тартылыс болады.
3. Са(ОН)2 қосылысында, кальций екі электронын екі оттек атомына беру сызба-нұсқасын құрастыра алады.


(f) қалыптастырушы бағалау процесі жүреді
Кері байланыс беріліп отырады.


Жаңа сабақ аяқталғаннан соң оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгерегенің, алдын-ала оқушылармен бірлесе белгіленген критерийлерді негізге ала отырып сабақты бекіту процесі жүргізіледі.

Кері байланыс беріліп отырады.


Жаңа сабақ аяқталғаннан соң оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгерегенің, алдын-ала оқушылармен бірлесе белгіленген критерийлерді негізге ала отырып сабақты бекіту процесі жүргізіледі.




Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар:
І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну):
1. Натрий хлориді үшін «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салыңыздар.
2. Иондық және коваленттік байланыстың түзілуінің арасындағы айырмашылықты атап көрсетіңіз нақты мысалдар арқылы.
3. Иондық байланыстың түзілу механизмін түсіндіріңіз.
5. Иондық байланысқа мысалдар келтіріңіздер (4-5 мысал).


ІІ деңгейлі тапсырмалар (қолдану):
1. Сіздерге қосылыстардың құрылымын бейнелейтін төмендегідей суреттер берілген:



(а) Кристалдық торлардың қайсысы калий иодидіне сәйкес келетінін анықтаңдар.


............................................................................................................................... [1]

(с) Натрий йодиді балқытылған кезде электр тоғын өткізе алады, Осы қасиетін түсіндіріңіз.


........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................... [2]

Кері байланыс сабақ барысында беріліп отырылады.



Материал об ионной связи:
http://www.alhimik.ru/stroenie/gl_7.html



Сабақтың соңы

38-40 минут



Оқушыларды бағалауда олардың сабаққа қатысуы, мұғалім және достары тарапынан берілген сұрақтарға жауап берулері ескеріледі. Оқушылар арасында өзін-өзі және өзара бағалау процесі жолға қойылады.
Үй тапсырмасы:
Оқу мақсатына сай үлестірме ресурспен жұмыс.




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Барлық оқушылар:
Иондық байланыстың не екенің біледі және түсінеді;
Көптеген оқушылар:
Иондық байланыстың түзілу механизмін түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар:
Оқу мақсатын жете түсініп, оған жету жолында алға қойылған критерийлерді толықтай меңгереді. Өзінің үйренгенің өзге достарымен бөлісе алады.

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жұрыс және анық жауап беруі, практикалық жұмысты сауатты орындауы басты назарда болады. Сондай-ақ олар өз ойларын ашық түрде жеткізе алулары керек.

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет