Сабақ: Траектория деген не? Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні



Дата26.08.2017
өлшемі72,56 Kb.
#28670
түріСабақ
Сабақ жоспары: Жаратылыстану

Сабақ: Траектория деген не?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:1

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

1.5.1.4. «Траектория» ұғымын түсіндіру.

1.5.1.5. Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету.




Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар істей алады:

Түрлі денелердің қозғалысын сипаттай алады,траектория сөзін түсіне алады.



Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Қозғалыстың түрлі траекториясына мысалдар келтіре алады.




Кейбір оқушылар істей алады: қозғалыс траекториясының суретін сала алады және ұсынылған траектория бойынша қозғала алады.




Тілдік мақсат

Оқушылар: бақылау арқылы денелердің жүрген жолын сызықпен белгілейді, бұл сызықты-қозғалыстың траекториясы деп аталатындығын түсінеді, өмірден нақты мысалдар келтіреді, дәлелдейді.


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сызық-линия-line, траектория, қозғалыс траекториясы.


Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер: бақыла, зертте.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жіптің қозғалысы туралы не айтуға болады?

Жіптің жүрген жолында не пайда болды?



Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Жүргізілген сызық нені білдіреді?

Сіз өз қозғалысыңызды бейнелей аласыз ба?




Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:сызықты үш тілде айтып, жаза алу, термин сөзді дұрыс қолдану.




Алдыңғы оқу

Қозғалыс, түрлі денелердің қозғалысы туралы білімі бар.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде) жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы


3 мин

1 мин


1 мин


Бақылау.

Оқушыларға іс-ірекетті бақылауға тапсырма беремін.



  1. Сыныпқа оралған жіпті әкелемін де, қолымнан жерге түсіріп , 1-топқа қарай домалатамын.

  2. 1-топ 2-топқа қарай, 2-топ 3-топқа, 3-топ маған қарай домалатады.

Талқылауға сұрақтар беремін.

Жіптің қозғалысы туралы не айтуға болады?

Жіптің жүрген жолында не пайда болды?

Жүргізілген сызық нені білдіреді? Дененің қозғалған кездегі жүрген жолын «траектория» дейміз. Бұл – жіптің қозғалыс траекториясы. Қ.Б. топтарға жұлдызшалар таратып беремін де , қай топтың жауабы ұнаса, сол топқа апарып, жапсыру керек екендігін түсіндіремін.

Ауызша кері байланыс жүргіземін.

Жіп


жұлдызшалар

Ортасы


10мин

7мин


7 мин

7мин


Оқулықпен жұмыс

Ұ: №1, 2 тапсырма

Сурет бойынша қандай пікір айтар едің?

Балықтың, қоянның, түлкінің қозғалысы туралы ше?

Денелердің жүрген іздерін қоссақ, сызық шығады.

Ол сызық қозғалыс траекториясы деп аталады.

Сызық-линия- line.

Қ.Б. жұлдызшалар арқылы бағалау.

Жазылым(модельденген): сызықтың үш тілдегі жазылымы және анықтаманы дәптерлеріне көшіріп жазу.


Т:№3

Суретке қарап, әртүрлі заттардың қозғалыс траекториясын сызып көрсет, неліктен солай болғандығын дәлелде.

Қ.Б. жұлдызшалар арқылы бағалау

Ауызша кері байланыс жүргіземін.



Т: «Ауада сызып көрсет»

№4 Қағаз ұшақпен тәжірибе жүргіз, қолыңның қозғалыс траекториясын жаттықтыр.

Қ.Б. жұлдызшалар арқылы бағалау

Жеке жұмыс.

Сыныптасыңның үзілістегі және дене шынықтыру сабағындағы қозғалыс траекториясының суретін сал, ұсынылған траектория бойынша қозғал (немесе қозғалыс траекториясын айтып бер).

1-топ: сынып бөлмесі-асхана.

2-топ: сынып бөлмесі- спортзал.

3-топ: сынып бөлмесі- әжетхана.

Әр топтан бір оқушының жұмысы алынып келесі топқа беріледі.Оқушы сол траектория бойынша қозғалады не болмаса, қозғалыс бағытын айтып береді..

Қ.Б. Қол шапалақтау арқылы бағалау.


Сурет
Жұлдызша

Қағаз ұшақ

Тірек сөздер


И Соңы



10 мин

Ұ.ж .Суретпен жұмыс «Кім жылдам?»

Үйден мектепке дейін қауіпсіз жол бағытын анықта.

Қуаныш қай үйде тұрады?

Қ.Б.жұлдызшалар арқылы бағалау.

Топтардың жұлдызшаларын санау арқылы үздік топты анықтау, мадақтау.

«Блум табақшасы» арқылы жазбаша кері байланыс жүргіземін.

Түсінемін Қолданамын




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

  1. Ұжымдық жұмыс

  2. Топтық жұмыс

  3. Топтық жұмыс

  4. Жұптық жұмыс

  5. Ұжымдық жұмыс


  1. Жұлдызша арқылы

  2. Жұлдызша арқылы

  3. Жұлдызша арқылы

  4. Қол шапалақтау арқылы

  5. Жұлдызша арқылы




1.Дүниетану

2.Бейнелеу.




Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет