Рефлексия кезеңі. Бүгінгі сабақтан әсерлеріңізді түстер арқылы көрсетіңіздер.
Жасыл түс: жаңа сабаққа көңілім толды. Күлгін түс: бүгінгі сабақ сезіміме әсер етті. Көк түс: сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Үйге тапсырма:
1.“Сүйікті пәнім” мәтін жазу.
2. 266-жаттығу.
3. Ереже жаттау.
Бағалау.
1-тапсырма. Мына кеспе қағаздағы тапсырманы орында. Бірінші бағанаға сәйкес келетін жауаптарды екінші бағаннан сызып не жазып көрсет. А) қиысу 1) баланың добы Ә) матасу 2) бала келді С) жанасу 3) әдейі келді
2-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін реттестіріп сөйлем құра. Шахтаға жіберу, жаңа жұмысшыларға, техника қауіпсіздігін, тыйым салынсын, ұғындырмайынша.